19 марта 2012, 09:43 | 2 322 просмотра
«Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» «Жүйке жүйесі ісіктерінің қазіргі заманғы патоморфологиясы» атты шеберлік сыныбын өткізуде, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.
Шеберлік сыныптың мақсаты жүйке жүйесі ісіктерінің патологиялық анатомиясын, ми және жұлын тамыр мальформациясын, мидағы метастаздар кезінде анықталмаған бастапқы пайда болуы көздерін диагностикалаудың иммуногистохимия-лық алгоритмін қазіргі заманғы топтастыруды түсіндіру болып табылады.
Қазақстанда жыл сайын ми ісіктеріне шамамен 1 000-ға жуық операция жасалады, соңғы уақытта олардың саны көбею-де. Алайда, елімізде патологоанатомиялық диагностиканың сапасы халықаралық стандарттарға әрқашан сәйкес келе бермейді, бұл кейде қауіпті диагностикалық және тактикалық клиникалық қателіктерге әкеледі. «Жүйке жүйесі ісіктерінің қазіргі заманғы патоморфологиясы» атты шеберлік сыныбын өткізудің өзектілігі отандық мамандардың жүйке жүйесінің ісіктері патоморфологиясы бойынша білімдерді меңгеру қажеттілігіне негізделген.
Практикалық қызметпен айналысып дәрігерлерге арнал-ған шеберлік сыныбын белгілі ресейлік ғалымдар жүргізеді. Шеберлік сыныптың аясында ең өзекті тақырыптар бойынша лекциялар, сондай-ақ аса қауіпті жағдайларды диагностикалау бойынша практикалық сабақтар өткізілетін болады. Шара 17 наурызға дейін жалғасады.