19 марта 2012, 09:42 | 1 690 просмотров
Семейдегі өңірлік онкологиялық диспансерде аймақтық семинар өтіп, онда халыққа онкологиялық көмек көрсетуді дамыту бағдарламасының жобалары таныстырылды, деп хабарлады Семей қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жиынға Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан онколог дәрігерлер, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қатысып, түрлі тақырыпта ой бөлісіп, ұсы-ныстарын білдірді.
Семинарда қатерлі ісік ауруының алдын алу мен оны емдеудің жаңа жолдары қарастырылып, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, 2011 жылы облыс бойынша атқарылған іс-шаралар қорытындыланды. Семей қаласында басталған аталған аймақтық жиналыс алдағы уақытта Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында жалғасатын болады.
Айта кетейік, Елбасының ағымдағы жылғы Жолдауында Үкіметке халыққа онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жүктелген еді.