Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРДI ӨТЕУГЕ ҚҰЛЫҚСЫЗДЫҚ ТАНЫТУДА


20 января 2012, 09:53 | 1 658 просмотров


Ресми мәлiметтерге қарағанда, өткен жылғы халықтың мемлекетке коммуналдық қызметтер үшiн төленуi тиiс қарызы 7,5 миллиард теңгеге жеткен.

Айта кететiн жайт, коммуналдық төлемдердi байшыкештер төлеуге құлықсыз. Ал бұл қарыз мемлекеттiң тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуiне айтарлықтай кедергi келтiретiн көрiнедi. Өйткенi, мәселен, жылу беру кезеңiн нормативтi жүргiзу коммуналдық қызметтер үшiн төленетiн ақыға тiкелей қатысты екенiн атап өткен жөн. Жергiлiктi әкiмдiктер аталған бағытта жұмыстар жүргiзуде. Бiрақ тұтынушылардың қарыздарды дер кезiнде төлетуге шама-шарқы жетпеуде. Әсiресе, үлде мен бүлдеге оранған, көйлегi көк, қарны тоқ кейбiр азаматтарға тiсi батпай жатқан көрiнедi.

Автор:
«Жас Алаш».