Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БИЫЛ БАЛА СҮЙІҢІЗ...


20 января 2012, 09:50 | 1 328 просмотров



Александр Литвин - Ресейдегі танымал экстрасенстердің бірі. Оның 2012 жылға арналған болжамдарының арасында кез келген отбасын ойға қалдыратын пікірлер бар. Мәселен, алдағы уақытта көптеген елдердің мемлекет басшылары қоғамға ықпалын күшейтеді. Олар адамның ойын оқып туғандай қимыл-әрекеттер жасайды-мыс. Ал халық өтірік пен шындықтың арасы қаншалықты екендігін бұрынғыдан да айқын сезіне түседі.

Биылғы жылы отбасыларының бір-біріне сенімі артып, мақсатты өмір сүруге ұмтылыс күшейіп, ажырасулар азаятын көрінеді. Қайта отбасылық өмірдің қуанышы көбейіп, бақытты ғұмыр кешуге бел буғандардың қатары артады.

Алладан берілетін мұндай артықшылықтың бір бөлігі қазаққа ежелден жұғысты, туабітті бар қасиет. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан шаңырақтан шуақ, бойларынан қуат кетпейтінін өмірдің өзі дәлелдеген. Енді қазақ үшін де Александр Литвиннің тағы бір кеңесі тіпті керемет болғалы тұр.

Ол биыл әйелдерге міндетті түрде бала сүюді ұсынып отыр. Өйткені Ұлу жылы өмірге келетін нәрестелерден көп жақсылық күтуге болады. Бойларынан Құдай берген қуат себезгілеген қызылшақалар дүние есігін ашысымен ерекше қасиеттерімен көзге түседі. Есейе келе дарынды ұл-қыздардың қатарын толықтыр-атын бұндай нәрестелер әрбір ата-анаға қуаныш сыйлайтыны даусыз. Тек ата-аналар биыл дүниеге келген баланы дұрыс жолға сала білсе болғаны.

«Қарға баласын аппағым дейді» демекші, кез келген шаңырақ та ұлы мен қызының бетінен қақпасы анық. Әрбір отбасы балаларының бақытты болып, бақуатты ғұмыр кешкенін қалайды. Егер сол бала дарынымен де барша қазаққа танылып жатса, одан асқан бақыт жоқ. Биыл сондай бір мүмкіндік бар сияқты. Желтоқсанға дейін жүкті келіншектер көбейіп, қазақ жұрты талантты балалармен толықсын.

Автор:
Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ.