Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР


20 января 2012, 09:46 | 1 588 просмотров


Бүгінгі күнде халықтың медицинаға, дәрігерлерге деген талабы өте жоғары. Үкіметтің алға қойған басты мақсаты – халық денсаулығын жақсарту, өлім деңгейін төмендетіп, демографияны көтеру болып табылады. Дегенмен де, медициналық қызметтерге қол жеткізудің әркелкілігі мен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Мысалы, денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, яғни, Астана мен Алматы қалаларына шоғырланған. Бұл еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі пациенттердің сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай қиындатады. Осыған байланысты өңірлік денсаулық сақтау мәселесі аса көңіл бөлуді талап етеді.

Сонымен қатар, шалғайда орналасқан өңірлерде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етумен бірге, білікті кадрлардың тапшылығы өзекті мәселе күйінде қалып отыр.

Халықтың денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштердің сапалық ілгерілеуіне қол жеткізу - басты мақсатымыз болуы тиіс. Сол себепті денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемаларды шешу мақсатында мамандандырылған медициналық көмекті дамыту, материалдық-техникалық базаны жетілдіру, медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес ауылдағы медициналық санитариялық-амбулаториялық көмек желілерін одан әрі дамыту және жетілдіру, ауылдың медицина қызметкерлері үшін экономикалық стимулдар мен жеңілдіктерді енгізу қажет.

Автор:
Н.Т.ЕСТЕУСІЗОВ, «Нарынқол ауылының ауылдық ауруханасы» МКҚК-ның директоры.