Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ


20 января 2012, 10:57 | 1 675 просмотров


Әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру шараларын жеңілдету мақсатында медициналық кітапшалар бойынша жұмысқа рұқсат беру және тұрғындардың декреттелген тобын атттестациядан өткізу (санитарлық минимум) шаралары бәсекелестік ортаға беріледі.

Бұл ақпаратты еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

«Жеке медициналық кітапшалар бойынша жұмысқа рұқсат беру шарасын уақытша еңбекке жарамсыздық және кәсіби жарамдылыққа (медициналық тексеру) сараптама жүргізуге лицензиясы бар денсаулық сақтау мамандары жүргізетін болады. Ал тұрғындардың декреттелген тобын атттестациядан өткізу міндеті санитарлық-гигиеналық оқытуға тиісті лицензиясы бар ұйымдардың жауапты мамандарына жүктеледі», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның атап өтуінше, осыған дейін медициналық кітапшалар бойынша жұмысқа рұқсат беру және тұрғындардың декреттелген тобын атттестациядан өткізу шарасын халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырып келген.

Автор:
ҚР ДСМ Баспасөз Қызметі.