Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЭПИДЕМИОЛОГТАР АЛАҢДАУЛЫ


20 января 2012, 10:59 | 3 137 просмотров



«Алматы облысында адамдармен жануарлар арасындағы құтырма ауруының эпидемиологиялық және эпизоотологиялық ахуалының күрделенуі»

Елімізде құтырма ауруының эпидемиологиялық ахуалы күрделенуде, 2012 жыл 6 жағдай тіркелсе, 2011 жылдың қорытындысы бойынша 8 адам құтырма ауруынан көз жұмды, оның ішінде Алматы облысы Алакөл ауданында бір адам қайғылы жағдайға душар болды.

Сонымен қоса Ақсу, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай қаласында ауылшаруашылық малдары (ҰММ,ІММ), иттер және жабайы аңдар арасында құтырма ауруына кудікті 17 ошақ тіркеліп, оның ішінде 13 ауылшаруашылық малдарының және 1 иттің, 1 қасқырдың «құтырма» диагнозы зертханалық жолмен расталды.

Құтырма - орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, ем қабылдамаған жағдайда әрдайым өлім-жітіммен аяқталатын өте қауіпті ауру! Құтырмаға күдікті жануарлар, жабайы жыртқыш аңдар, кеміргіштер тістегенінен, сілекейлегенінен ауру жұғуы мүмкін.

Жылдың басынан 6504 адам, оның ішінде 2241 (34,5%) бала жануарлардан әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медициналық көмекке жүгінеді. Иттен 5936 адам зардап шексе, оның ішінде 32,3 % босқын иттерге келеді. Жарақат алғандар Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында көптеп тіркеледі.

Құтырма ауруының эпидемиологиялық және эпизоотологиялық ахуалын тұрақтандыру және туындаған мәселелерді шешу мақсатында ҚР ДСМ МСЭҚК Алматы облысы бойынша департаментіне өзге ведомстволар өкілдерімен дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып, өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысында құтырма ауруының өзекті мәселелері бойынша баяндама жасалып, отырысқа қатысушылар пікірлерімен алмасты.

Автор:
Әлия ДОСТЫБАЕВА.