Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛЫСТАН КӨРМЕУШІЛІК (МИОПИЯ)


13 января 2012, 07:40 | 7 681 просмотр



Біздің әлемді көріп тануымызға, табиғаттағы түрлі-түсті бояуды анықтауға, оның ғажап сезіміне бөленіп жүруге бірден-бір себепші болатын –көз. Егер көздің өткірлігі төмендесе, біз өзімізді әлсіз сезініп, көру қабілетінен айырыламыз. Сондықтан бұндай жағдайға ұрынбас үшін адам көз жанарына сәби кезден көніл бөлу керек.

Көз ауруларының ішінде көп кездесетін түрі- жақыннан көргіштік (миопия). Алыстан көрмеушілік көбіне мектеп оқушылары арасында кездеседі.

Дәрігерлер жақыннан көргіштікті 3 ке бөліп қарастырады. Мектеп жасындағы жақыннан көргіштік, туа пайда болған жақыннан көргіштік, миопиялық ауыру. Қазіргі уақытта оқушылардың көбісі мектеп жасындағы жақыннан көргіштікпен жапа шегуде, азап шегуде. Жақыннан көргіштік бастауыш сыныптарда жиі кездеседі.Жақыннан көргіштік қалай пайда болады? Негізінен жатып көп оқығаннан, теледидар мен компьютердің алдында жиі және ұзақ уақыт отырғаннан, жұмыс орнында жарық сәулесінің дұрыс түспеуінен. Ал мектеп жасындағы балалардың партада дұрыс отырмауынан жақыннан көргіштік пайда болады.

Алыстан көрмеушіліктің топтастырылуы.

Алыстан көрмеушілік (миопия) балалардың нашар көруінің басты себебі болып табылады. Балалық шақта алыстан көрмеушілік жиі өршиді және көз көру жітілігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Балалар арасындағы алыстан көрмеушіліктің жиілігі мектептегі оқу үрдісінің аяғына қарай 15-20 % құрайды. Мұның себебі аурулардың дәрігерге кеш қаралғаны болып табылады.

Алыстан көрмеушіліктің пайда болу себептері:

•Оқушы көзіне түсетін көтерңкі салмақ алыстан көрмеушілікке алып келуі мүмкін;

•Сондай - ақ балада гипертенциялық синдромның болуы, жиі тұмау аурулары және имунитеттің әлсіздігі миопияның пайда болуына алып келуі мүмкін.

•Миопия тұқым қуалау арқылы да берілуі мүмкін.

Алыстан көрмеушілікті алдың алуға арналған жаттығулар:

Күнде өткізілуді қажет ететін көзге арналған жаттығулар әрбір оқушыға көру жітілігінің бұзылысына қарамастан жасалыну керек.

1.Көздерді оңға және солға айналмалы қозғау.

2.Көздерді оңға, солға, төмен, жоғары, қиғаш бойынша қозғау.

3.Көзді үдемелі жұму.

Бұл жаттығуларды күнделікті әрбіреуін екі-екіден қайталаумен күнде 20 рет орындау керек.

Ұсыныс

Көз жанарын сақтау үшін не істеу керек? Біріншіден, партада немесе үстелде дұрыс отыру, оқу сәтінде көз бен кітап арасының қашықтығы 30-35 см болғаның қадағалау керек. Екіншіден мектепте, үйде, жұмыс жасайтын орынның жарық болуы тиіс. Сол секілді кешкі мезгілде отырып жұмыс жасайтын оқушщылар үстел шамын сол жақтан қою керек. Сонда қолдың көлеңкесі дәптерге түспейді және көз де тез талмайды. Үй тапсырмасын орындағанда әр сағаттан кейін 3-5 минуттық үзіліс жасау қажет. Теледидар, компьютермен жұмыс 40 минуттан аспау керек.

Көз- көңілдің айнасы демекші, біздің айтарымыз егер баланыздың көзінің өткірлігі төмендеп жатса, ойланбастан көз дәрігеріне қаратқаңыныз абзал.

Автор:
Ф.А. ЧИНИКЕНОВА, балалар көз дәрігері №2 ОПМПК-ның; Б.Н. АХМЕШОВА,тифлопедагог №2 ОПМПК-ның.