Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТІС ЖӘНЕ АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫ


13 января 2012, 07:41 | 16 584 просмотра



Адамның тісі — оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі опырылып түсіп қалған адамдардың түрі қандай жаман десеңізші. Тісі түсіп қалу тісті, ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекшс күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады.

1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. Ол синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. 3-4 айда жаңа щеткалар сатып алып, ескілерін тастау керек.

2. Қызыл иекті де қолмен ысқылап массажды үнемі жасап отырған дұрыс. Ерінбеу керек.

3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.

4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы керек. (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып түруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді.

5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек. Спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.

Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар енгізіледі. (тұздар-фермениттер-биологиялық катализаторлар, микроэлементтер — Мп, Си, Ғе, Со, Zі, Ті және фтор, кальций-хлорофилл-жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық-профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. Қазіргі кезде олардың сапасы өте жоғары. Өйткені бәсекелестік күшті жетілген кез. Сапасыз зат шығарсаңыз өзіңіз далада қаласыз. Сіздің шығарған затыңызды ешкім де алмай қояды.

6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды элексирмен шайып отыру керек. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. Тісің жарқырап жүрсе, кандай көңілді жүресің. Әсіресе қыздар, жас әйелдер күлгенде ең алдымен тістері адамға айрықша әсер етсді.

Аурудың 90 пайызы ауыз қуысындағы ақаулардан, яғни тісімізден туындайды екен. Сол үшін ауыздағы кем-кетікті бүтіндеудің, сауықтырудың әдемі күлкі үшін ғана емес, денсаулығыңыз үшін де маңызы зор.

Маман ретінде айтарым – тістің адам ағзасына әсерін тигізбейтін жері жоқ. Тіс ауруларын емдемесе оның кері әсері ең алдымен жүрекке, одан кейін бүйрекке, артынша бауырға, сонан соң ішкі құрылысқа, тіпті миға да әсер етеді. Ауыз қуысының сау болмауы, керек десеңіз, адам психологиясына да «шабуылдайды». Мәселен, тістері қисық немесе құрттаған адам көпшілік алдында ашылып сөйлей алмай, қысылып, тұйықтала түседі, ал күлгенде еріксіз қолымен аузын көлегейлейді.

Басқа да жұқпалы аурулар сияқты, ауыз қуысындағы ақаулар да жұғады. Яғни құрттаған тіс көршісін де зақымдайды. Осылай дер уақытында дәрігерге көрінбегеннен 32 «маржанның» бәрі бүлінуі әбден мүмкін.

Негізінде тіс дәрігеріне жылына бір рет, тіпті тісіңіз сау болса да қаралған абзал.

Тісті және ауыз қуысы сырқаттарын әркімнің өз бетінше емдеуіне болмайды. Науқастар көбіне тіс аурулары әбден меңдеп кеткен соң ғана дәрі­герге келеді. Ондайда бірнеше тіс жұлынып, тіс қатары бұзылып, тістем (прикус) төмендейді, соның салдарынан бет­тің төменгі үштен бір бөлігі, яғни шайнау бөлігі төмендеп кетеді. Сөйтіп адамның бет-әлпеті бұзылады. Мұндайда ортопед стоматолог маман тек тіс қатарын ғана қалпына келтіріп қоймай, беттің шайнау бөлігін де бағзы қалпына келтіруі тиіс болады.

Тіс ауырды деп үйде жүріп алу неме­се өздігінше емдеу кей жағдайларда адам өміріне де қауіп төндіруі мүмкін. Асқынып­ ісінген тістің астына сары су (ірің) жина­лады. Ол өз бетінше жол тауып, ішкі ка­налдар арқылы ағзаға өтеді. Сөйтіп менингит, ми қабынуы мен іріңнің жұ­лын­ға және өкпеге тарауына себеп болады. Ірің миға өткен жағдайда жүз мыңнан бір адам ғана тірі қалуы мүмкін. Сол ірің өкпеге өтер болса, ол өкпені кесу­ден басқа амал қалмайды. Мұның барлығы уақыт өткізіп алған жағдайда болатын жәйттер. Осыған ұшырамас үшін азаматтар тіске дақ түскен сәтте дәрігерге келуі керек. Ал сырқат уақы­тылы тіс дәрі­герлеріне қаралса, іріңді дәрі арқылы дәретпен шығарып жіберуге болады. Әдетте адамның кескін-келбеті көбі­несе домалақ жүзді, сопақ жүзді немесе төрт бұрышты болып келеді. Домалақ­ жүзді адамға күрек тістің дөңестеу түрі жарасады. Сопақ жүзді адамға күрек тістің екі бүйір тұсы созыңқы болғаны дұрыс. Ал төрт бұрышты бет-әлпетті адам­ға күрек тістің қабырғалары өзара тіп-тік келгені жарасымды. Білікті стоматолог осындай жайларды ескеріп, тіске салынатын протездерді тістегі кем-кетікті баз қалпына келтіру үшін ғана салып қоймай, бет-әлпеттің әдемілігін қалпына келтіру жағын да қарастырады. Стоматологияда тіс, тіс қатары, бет-әлпет қарым-қатынасын көрсететін Нильсон үштағаны (триадасы) бар. Осы үштағанды пайдаланып, адамның бас сүйегін қалпына келтіруге де болады. Әдемілікті тек бет-ауыздың қозғалыссыз кезіндегі сырт пішінінен ғана көрмей, жақ-бет-тіс мүшелерінің қызмет атқарған кезіндегі өзара үйлесімділігінен де көруге болады. Қысқасы, тіс саулы­ғы, ауыз қуы­сының аман­дығы елеу­сіз қалдыратын нәрсе емес.

Автор:
Гүлшат ДӘУЛЕТБАЕВА, тіс дәрігері, Ұзынағаш ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы.