Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Ақ нәсілділер» жойылады деген шындыққа жанаса ма?


13 января 2012, 07:53 | 1 716 просмотров



Европа Кеңесі Демография жайындағы комиссия мамандары европа жұртшылығы үшін қорқынышты болжам жасады. Демографтардың болжамы бойынша 2050 жылы Лондонда «ақ нәсілді» адамдар кездеспей, тек Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан адамдар көпшілікті құрап, Парижде тек арабша сөйлеп, Германияда мемлекеттік тіл түрік тілі болады екен. Бұндай болжамдар,әрине, европа жұртшылығы үшін қорқыныш ұялатады. Демографтар «ақ нәсілділер» жылдан-жылға азайса, мұсылмандар керісінше көбейіп келеді дейді. Европа үшін бұндай жағдай «үлкен қауіп» төндіреді екен. Европалықтарда «исламофобия» кең белең алған сияқты. Ал шын мәнінде әлемдегі демографиялық жағдай қандай?

Демографтардың пайымдауынша, егер осыдан 50 жыл бұрын европа елдерінің халқы жер бетіндегі халықтың 22 %-ын құраса, бүгін бұл көрсеткіш 12%-ға дейін төмендеген. Ал 50 жылдан кейін бұл көрсеткіш тіптен 6,5%-ға төмендейді екен. Европадағы табиғи өсім тіптен азайып кетті. 1990 жылы туылу дефециті Германия, Болгария және Венгриядага болса, 2002 жылы туылу дефециті Орталық Европаның 12 елінде байқалды. Сонымен қатар Европа халқы «қартайып» барады. 2050 жылы Европада 60 миллион зейнеткер болады екен.

2002 жылы АҚШ-та Патрик Бьюкененнің «Гибель Запада» атты кітабы жарыққа шыққан. Бұл кітапта ол да еуропа халқының жойылуын болжаған. Бьюкененнің пайымынша, 2050 жылы жер бетінде 23 миллион немістер, 16 миллин италиандықтар жойылып кетеді. Болашақта европа Германия, Польша және Скандинавияда мекендейтін халық санын қосқандағы бөлігін жоғалтады. Ал Азия, Африка және Латын Америка халқы 3-4 миллиардқа өсіп, Париж, Лондон, Берлинді мекендейді екен. Патрик Бьюкененнің осындай пайымдарын сол кезде ғалымдардың көпшілігі сенбей, мазақ еткен еді.

ЕвроКеңесте туылу деңгейі жоғары көрсеткіш Ирландияда, бұл елде бір әйелде орта есеппен 2 бала. Ирландиядан кейін Франция тұр. Бұл елдегі туылу коэфиценті 1,9, Франциядан кейін Финдляндия, Швеция, Ұлы-британия және Дания тұр екен. Европадағы демографиялық өзгерістер «кәрі құрлықтың» әлеуметтік және экономикалық дамуына кері әсер тигізетіні анық. 2030 жылға қарай 2005 жылмен салыстырған жұмыс жасайтын халық саны 20,8 миллионға азаюы мүмкін. Еврокеңес Европа елдеріндегі халық санының азаюының салдары –әлеуметтік және экономикалық мәселерді шешу үшін бар күш жұмсауда. Европалықтарда демографиялық табиғи өсім болмаса, онда неге халық саны көп деген заңды сұрақ туады. Европадағы жалпы халық санының азаймауы басқа ұлт өкілдернің ар-қасында. Яғни, миграция. Қазірдің өзінде жұмыс күшінің көпшілігін мигранттар құрайды.

Мигранттар кейін жергілікті халықтан көп болып, ығыстырып кетеді деген қауіп европалықтарды алаңдатады. Алайда бүгінгі таңда бірнеше батыстық өркениет «ақ нәсілділердің» азаюынан емес, мұсылмандардың көбеюінен қорқатын сияқты.

АҚШ-та да, Европа елдерінде де мигрантарға қарсы емес, мұсылмандарға қарсы күрес басталғандай. Демографиялық қоғамды насихаттайтын, өздерін демографиялық ел ретінде танитын европалықтар соңғы кезде «европалық мұсылмандарды» қыспаққа ал-ғандай. Бұл туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары да тынбай жариялап жүр. Дэйли мэйл, Ле Монд іспеттес басылымдарда «франция, германияда мекендейтін мұсылмандар жергілікті халықтан бөлінеді, дараланып жүреді және осының салдарынан біртұтас қоғам қалыптастыру қиын, мультимәдени қоғам құру туралы идея жүзеге аспады» деген сияқты ойлар жиі жазылып та, айтылып та жүр. Ле Монд газеті IFOP орталығы жүргізген маркетингтік зерттеу нәтижесін жариялады, зерттеу бойынша Француздардың 55 % және немістердің 49% «Исламның ықпалы тым үлкен» деген пікірде екен, екі елде сауалнамаға қатысқандардың 60% -мұсылмандардың қоғамға кірікпеуінен проблемалар басталады. «Қоғамға кірікпеу» дегенді европалықтар өздеріне ұқсамауы, «өзге болу» деп түсіндіреді. Әрбір тұлғаның ерекшелгін, даралығын құрметтейтін демократиялық мемлекеттерде осындай пікір айтылып жүр. Ле Монд басылымының Европадағы ислам туралы мақаласындағы негізгі ой былай өрбиді: «Ислам –соңғы уақытта тұрақты және тез өсіп келетін қозғалысқа айналды, ол дәстүрлі европалық қоғамға ықпал тигізіп, қоғамдық пікірдің жылдан-жылға ушығуына әкеп соғады, жыл сайын жастар мен қарттар, оң мен сол бағыттар арасындағы түсініспеушілік артып келеді». IFOP басшысы Jerome Fourquet мырза «имигрантарды қылмыс, жұмыссыздықтың өсуне кінәлайды, ал Ислам ұлттық даралыққа шынайы қауіп» дейді. Fourquet мырза осындай зерттеулерді бас-қа да европа елдерінде жүргізіп, нәтиже дәл осындай болады деп күтіп отыр. Бұл жерде «Ислам – европадағы ұлттық даралыққа қауіп тигізеді» деген пікір айтыл-ған. Жұмыссыздар емес, қылмыскерлер емес, ислам қауіпті деген ой айқын байқалады. «Европа өзінің бұрынғы колонияларның колониясы болады» деген сияқты пікірлер кәрі құрлықта жиі айтылады. Бұқаралық ақпарат құралдары да демографтардың 2050 жылы Еврокеңес халқының жартысын мұсылмандар құрайды деген болжамдарын жиі жариялайтын болды. Европаның бірнеше мемлекеттерінде осы ақпаратты сылтауратып мұсылмандарға қарсы түрлі әс-әрекеттерге кіріскендей. (Былтыр Германияның Кельн қаласында немістер үлкен мешіттің салынуына қарсы шыққан еді. Германияның Кельн қаласында түріктер саны басқа қалаларға қарағанда көп. Кельнде мекендейтін түріктер үшін мешіт салуға Түркия үкіметі атсалысады. Ал жергілікті немістер өз наразылығын айқын білдірді. Олар қолдарына «мешітке жоқ» деген плакаттарды ұстап, көшелерді аралап жүрген еді.)

Ал шын мәніне келетін болсақ, евроислам айналасындағы дауда демографиялық негіз жоқ. Вашингтондық ПЬЮ зерттеу орталығының мәліметі бойынша, Франциядағы мұсылмандардың саны 4,7 миллионды құрайды. Бұл Франциядағы ислам мемлекеттерінен шыққан жалпы халық саны, олардың барлығы мұсылман екеніне нақты дәлел жоқ. Ал Францияның ұлттық демографиялық институт және статистика институт мәліметі бойынша елде 18 -50 жас аралығындағы 2,1 миллион мұсылман мекендейді екен. Франция халық саны 60,8 миллион, яғни мұсылман халықының саны 10%-дан аз. ПЬЮ орталығы 60,5 миллион халқы бар Англияда 2,86 мұсылман мекендейді деген ақпарат береді. Алайда, Англия ішкі істер миннистірлігінің мәліметінде 2 миллион мұсылман тіркелген.

Европа мұсылмандары ішінен мешітке үнемі баратындар 8-15% ғана құрайды.

Исламдық анклавтың европалық демографтар болжағандай геосаяси қауіп төндіруі мүмкін емес.Оның мынадай себептері бар. Біріншіден, миграттардың ағылуы мәңгі-бақи болмайды. Сонымен қатар, дамыған мұсылман мемлкеттерінде де туылу деңгейі төмендеген. Алжирде туылу көрсеткіші 1,7-1,9, Тунисте 1,75 құрайды. Яғни, бұл көрсеткіш ұлттың өсуіне қажетті (бір әйел басына -2,1) орташа есептен төмен. Солтүстік Африканың осы бөлігіндегі халық санының көп болуы 1970 жылдардағы туылу деңгейінен жоғары бол-ғандықтан, қазір осы елдерде жастар өте көп. Алайда туылу аз.

Дәл осындай көрініс басқада мұсылман мемлекеттерінде байқалады. Туркия, Иран сияқты елдерде туылу коэфиценті 1,87 , 2,2 құрайды. Ал осы елдердегі халық санының көптігі жастардың көптігімен түсіндіріледі. Осындан 20-30 жыл бұрыңғы дүниеге келген нәрестелер саны тым көп болған. Қазір сол балалар дүниеге ұрпақ әкелетін жасқа жеткен. Алайда, бала тууға асықпайды. Дамыған және дамушы ислам мемлекеттерінде соңғы он жылда табиғи өсімі азайған. Мысалы, Алжирде туылу бір әйел басына 3,5 бала құраса, қазір 1,9-ға азайған.

Туылудың көп болуы Ауғаныстан, Иемен сияқты елдерге тән көрініс. Ал Европа елдеріндегі мұсылмандардың табиғи өсімі жоғары деген шындыққа жанаспайды. Шын мәнінде баласы көп отбасы, европаға жаңадан көшіп келген мұсылмандар. Ал кәрі құрлықта туылған мұсылман әйелдерде бала саны көп емес, туу коэфиценті европалықтарға тән төменгі деңгейде. Жаңадан көшіп келген мигранттарда да дәл осындай жағдай болады. Демек, кәрі құрлыққа түсетін демографиялық қысым ішінен де, сыртынан да азайады. Екіншіден, европалықтардың азаюы ел ойлағандай ауқымды емес. Францияда бір әйелге келетін бала саны 2,01, Англияда 1,96 құрайды. Бұл 2008 жылғы мәлімет бойынша. Бір қызығы, Англияда ең төменгі туылу 1974 жылы тіркелген, ал 2008 жылы туылу соңғы отыз бес жылда ең жоғарғы көрсеткіште болды. Дәл осындай көрініс, Францияда да байқалады. 20-ғасырдың басында француздар жойылып бара жатқан ұлт болған, содан бері француздардың саны 1,5 есеге өскен. 2030 жылы Европадағы мұсылмандар өскенімен, демографтар болжағандай тым көп болмайды, бар жоғы 8-9% құрайды. Осылай профессор Браин Грим «евроарабия» туралы дауларды шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Тіпті европадағы мұсылмандар саны ең көп Францияның өзінде этникалық мұсылмандар10%-дан аспайды дейді ғалым. Мұсылмандардың көбеюі жергілікті европалықтардың исламды қабылдауынан ғана болуы мүмкін. Қазірдің өзінде Францияда өздерін мұсылманмын деп танығандар аз емес.

Мүмкін «батыстық өркениет» және американдықтар жергілікті халықтың исламға бет бұрғандықтарынан қорқатын шығар. АҚШ-тың өзінде жыл сайын ислам дінін қабылдағандар көбейіп келеді. Олардың ішінде атақты киноактерлер, спортшылар да бар. Ливияның басшысы болған Мумар Кадафи көзі тірісінде мынадай пікір айтқан «Бүгін Европада 50 миллион мұсылман тұрады. Кәрі құрлықты ислам жеңгенін туралы дәлел көп. Қылышсыз, қарусыз және зорлық-зомбылықсыз бірнеше онжылдықтың ішінде Европа толық исламға көшеді. (Халықаралық терроризм жайлы дәріс 2006 жыл).

Ресейдің атақты журналисі, қоғамдық палата өкілі Максим Шевченко өзінің бір мақаласында былай дейді: «Батысқа (БАҚ арқылы) батыстық үлгіге жақсы «гримдауға» болатын дүниені сатуға болады. Мұсылмандар, сонымен қатар проваславты-орыстар «гримдауға» келмейтін болып шықты. Батыс, әсіресе, либеральды батыс, ислам территориялары мен мұсылмандарды белсенді өзін-өзі қамтамасыз ететін өркениетті күш ретінде керек етпейді, тіптен қауіп төндіреді деп түсінеді. Сол себептен Ресейді батысқа қосудағы негізгі шарт –құрамындағы исламдық бөліктерден арылу, мүмкін от пен қылыштың күшімен өз шекарасындағы ислам елдерін «айдап және жоюды» талап етеді. Ұлттық-патриоттық және Либеральды даму жолдары батыстық және батыстың мүддесін қолдап, Ресейдің тарихи дамуына қауіп төндіретін, кері әсер етеді. Сол себептен Ресей таңдайтын жол басқа болу керек». Сонымен қатар Максим Шевченко бірнеше телевизиялық бағдарламаларда да Ресейдің американдықтар және европа ұстанатын саяси жолдардан аулақ жүріп, өзінің даму жолының болу керек екендгіні мәлімдеген. Атақты журналист Ресейді православты-христиандарсыз, мұсылмандарсыз елестету қиын. Ресейді исламнан бөлмей, керісінше ислмаммен бірге, мұсылмандармен бірге дамыту керек. Тек сол кезде ғана Ресей НАТО сияқты қарсыласына төтеп бере алады деген пікірді ұстанады.

ҚОРЫТЫНДЫ; Мұсылман халқының санының өсу бағытындағы дамуын европалық елдер бақылап отырады. Соңғы 30 жылда Европада мұсылмандар саны екі есе артты, социологтардың есебі бойынша, бұл цифр 2015 жылға қарай тағы да екі есе артады. Америкалық миграциялық саясат Институтының мәліметтері бойынша, 2050 жылы Европаның әрбір бесінші азаматы мұсылман болады. Сондықтан батыстық ғалымдар дабыл қағады. Европалықтар ең соңында ислам діні христиан дінінен үстем болуынан қорқады. Ал европадағы мұсылдардың барлығы «қоғамға кірікпейді» деген пікірлер де субьективті. Кейбір ғалымдар еңбектерінде «Ислам Еуропада өзгерісті бастан кешіруде» деген пікірлер кездеседі. Еуропалық мәдениетке байланысты мұсылмандар өмірге басқаша қарай бастады. Сонымен, мұсылман отбасында балалардың саны сирей бастады, мұсылмандар мешітке сирек баратын болды, сауалнама жүр-гізіп,сұраққа жауап берген мұсылмандардың 4%-ның айтуынша, олар діни емес өмір салтын ұстайды, екінші ұрпақтың 70,7% мұсылман әйелдері хиджаб кимейді екен.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА.