Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕР ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ


6 января 2012, 07:40 | 8 553 просмотра



Қазақ қыздарының арасынан алғашқы дәрігер кім және қашан болды? Қазақтан шыққан алғашқы әйел дәрігер « Аққағаз Досжанова. 1914 жылы Аққағаз Досжанова Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіреді. 1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетін тәмәмдайды. Аққағаз Досжанованың осы білім ордасын бітірген күнін барлық қазақ зиялылары жиналып, тіпті ерекше тойлап өткізіпті. Себебі, ол тек қазақ емес, жалпы кеңестік шығыс елдерінен шыққан жоғары дәрежелі білім алған алғашқы әйел болды. Алашорда қозғалысының мүшесі.

Сонымен қатар қазақстандағы алғашқы әйел дәрігерлер : Санкт-Петербург әйелдер институтын бітірген Гүлсім Аспандиярова, Саратовтағы тіс дәрігерлік мектебін 1917 жылы бітіріп, денсаулық саласының дамуына біршама үлес қосқан Мүбина Ниязова да бар. 1935 жылы Орта Азия медициналық университетін бітіріп, қазақтан шыққан тұңғыш әйел терапевт ғылым докторы болған Сәтбаева Райхан Әбікейқызы. Ал дәрігер-гинеколог Хадиша Мырзалиева Саратов медициналық институтында білім алып, кейін медицина ғылымының докторы, профессор болады.

Автор:
Бетті әзірлеген: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА.