Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ 2010 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНҒА ҚАРАҒАНДА 9,1 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН


6 января 2012, 07:59 | 1 691 просмотр



2011 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,1 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Мәліметтер бойынша, 2011 жылғы желтоқсанда 2010 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 43,3 пайыз, сүт өнімдеріне - 8,9 пайыз, май және тоң майға - 8,3 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 8,1 пайыз, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7,1 пайыз, макарон өнімдеріне - 6,8 пайыз, кофе, шай және какаоға - 6,6 пайыз, ұнға - 5,7 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 5 пайыз, нанға - 2,5 пайызға өсті. Бағаның төмендеуі қантқа 12,7 пайыз шамасында, ал жемістер мен көкөністерге - 3,5 пайыз деңгейінде байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 23,2 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 30,3 пайыз, жылқы етіне - 21,5 пайыз, шұжық өнімдеріне - 12,9 пайыз, шошқа етіне - 12,4 пайыз, құс етіне - 6,5 пайызға жоғары болды.

Автор:
Источник: www.inform.kz.