Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ


23 декабря 2011, 07:39 | 2 191 просмотр


Талдықорған медицина колледжінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жастар болашақ кепілі » атты пән апталығы өтті. Апталықтың әрбір күні мынадай тақырыптарда болды.

•Жастар – болашақ кепілі” атты пән апталықтың салтанатты ашылуы.

•Интелектуалдық байқау “ХХІ ғасырдың көшбасшысы”.

•Семья – как социальный институт” атты ашық сабақ.

•«Тәуелсіздік құрдастары» атты қалалық байқау.

•Құқық негіздері пәнінен «Құқық ұғымы, пәні, міндеттері» атты ашық сабақ.

•“Тәуелсіздік күні!” атты апталықтың салтанатты қортындылары

Ерекше атап өтетін күн желтоқсан айының 8-ші жұлдызында «Тәуелсіздік құрдастары» атты қалалық байқау өтті. Осы байқауды ерекше атап өткен жөн. Себебі, байқауға елімізбен құрдас дүниеге келген білімгерлер қатысып, өз білімдерімен, жетістіктерімен бөлісті.

Байқауды ұйымдастырушылар Алматы облысы ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Жетісу жастары» жастар орталығы, МҚК «Талдықорған медицина колледжі» Бизнес құқық және жаңа технологиялар колледжі ұйымдастыруымен өткізілді. Байқаудың мақсаты : Тәуелсіздік құрдастары мен мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар аралығындағы қол жеткізген табыстарымен таныстыру, жастардың шығармашылық ой-өрісін дамыту, мақсатқа жете білуін жетілдіру. Студенттерді мемлекеттік тілді, Отанды сүюге, елімізді, жерімізді қастерлеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүрмен ұлттық рухқа тәрбиелеу. Қазақстанның болашағы өздері екендігін сезіндіру.

Жалпы байқау 3 бөлімнен «Еркін трибуна, Сіз білесіз бе?, Болашақ Қазақстан – жастар көзімен» атты бөлімдерден тұрды. Байқауға қаламыздың 7 оқу орыны қатысты. Атап айтсақ, Талдықорған политехникалық колледжі, Бизнес құқық және жаңа технологиялар колледжі , І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік колледжі , Темірқазық колледжі, Экономика және технологиялар, Білім гуманитарлық колледжі, Медицина колледжі.

Әр колледжден үш білімгер қатысты. Бірінші «Еркін трибуна» бөлімінде олар жетістіктерімен бөліссе, екінші «Сен білесің бе» бөлімінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тарихы бойынша сұрақтарға жауап берді, үшінші бөлімде «Болашақ жастар көзімен» тақырыбында Қазақстанды болашақта қалай елестететіні туралы өздерінің модельдерін қорғады.

Әділқазылардың шешімі бойынша байқау қорытындысы негізінде

-Бас жүлдені Талдықорған медицина колледжінің «Гиппократ» тобы иеленсе,

-Бірінші орынды Политехникалық колледжі,

-Екінші орынды экономика және технологиялар колледжі,

-Үшінші орынды Темірқазық колледжі иеленді.

Басқа колледж білімгерлері алғыс хаттармен, номинациялармен марапатталды. Жалпы байқау өз мақсатына жетті десек те қателеспейміз. Барлық қатысқан білімгерлер өз ризашылықтарын білдірді. Қорыта келе

Алға – алға ұмтыла бер биіктерге самғасын,

Ұша берші, ұша берші қанаттарын талмасын.

Тәуелсіз Қазақстан құтты болсын, жасасын,

Ұлы тойың ақ ниетті ұрпақтарға жалғассын!

-деген ізгі ниетпен өз сөзімді аяқтаймын. Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Көк жалауымыз мәңгілік желбіресін! Азат елдің атақ – абыройы өсіп, бейбіт еліміз болашағымыздың кепілі болсын!

Автор:
Г.С.ДУВАНБЕКОВА, Талдықорған медицина колледжі, әдіскері.