Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДӘРУМЕНДЕР – ЕРЕКШЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР


23 декабря 2011, 07:53 | 12 287 просмотров



Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті дәрумендер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әртүрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Дәрумендер организм-ге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдатады және реттейді .

Дәрумендер – адам ағзасы үшін қажет, химиялық структурасы әртүрлі биологиялық белсенді заттар. Олар адам ағзасына күнделікті тұтынатын тағамдардан беріледі. Дәрумен жетіспеушілігі – құнарсыз тағамдармен тамақтанудан туындайды.

Дәрумендер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәрумендерсіз біздің орга-низміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Дәрумендер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады.

Дәрумендерді А, В, С, D, және т.б. латын әріптерімен белгілейді.

Барлық дәрумендерді әдетте екі үлкен топ-қа бөледі:

1) суда еритін дәрумендер: оларға – В тобының дәрумендері мен С (аскорбин қышқылы);

2) Майда еритін дәрумендерге А, D, К, Е, тағы басқалар жатады.

Дәрумендердің адам организмі үшін биологиялық мәні өте зор. Олар организмдегі зат алмасу процестерін жақсартады, организмнің әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабі-летін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір дәрумендердің организмде ерекше орындайтын өз міндеті бар.

А дәрумені организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – нәлім (треска) балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады.

В дәруменінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12, В15. Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар: нанда, жемістерде, әсіресе ашытқыларда болады. В дәрумендер тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл дәрумендер жеткіліксіз бол-ғанда, адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі қозады және ашуланшақ болады. В12 дәрумені жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің (клеткаларының) жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл дәрумен жеткілікіз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В15 дәрумені – жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.

С дәрумені организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл дәрумен организмде жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс-жидектерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Д дәрумені организмде күн сәулесінің әсерінен түзілді. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел (рахит) ауруымен ауырады. Мешел аурумен ауырғанда- баланың ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін бала таза ауада, күншуақта көбірек серуендеуі қажет. Сонымен қатар ішетін тамақ құрамында қажетті дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы керек.

Біздің дәрі – дәрмек шығаратын өндірістеріміз тәтті қабықпен қапталған дайын дәрумендер жасайды. Бірақ дәрумендерді ауру және дені сау адамдардың дәрігердің рұхсатынсыз өз бетімен ішуіне болмайды. Дәруменді дұрыс пайдаланбай, мөлшерден көп пайдаланса, әртүрлі ауруларға ұшырап, денсаулыққа зиян келуі мүмкін.

К дәрумені қан құрамындағы қан ұюға қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл дәрумен жетіспегенде – жарақаттан-ған адамның қаны ұйымай, қан көп кетеді. К дәрумені қырыққабатта, қызанда және бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді.

Ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, жиі-жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы сырқаттары қозады.

Дәрумендер жетіспеген жағдайда организм ауруға шалдығады. Кейбір витаминдер организмде де синтезделеді. Олар тамақтық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өніп-өсуіне әсерін тигізеді.

Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін дәрумендер. Дәрумендерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені дәрумендер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.

Азық-түлікте ұзақ уақыт бойы дәрумендер болмаса, организмнің дәруменді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды.

Дәрумендердің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы организмге қажет дәрумендер мөлшерінің қалыптан тыс (нормадан) төмендеп кетуінен болады. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте дәрумендер мөлшері өте азайған кезде байқалады.

Гиповитаминоз бен авитаминоздың көктем айларында көптеп кездесуінің басты себебі адамдардың қыс мезгілінде көкөністі, жеміс-жидекті мөлшерінен аз пайдалануынан орын алады. Авитаминоз дәрумендердің жетіспеушілігінен ғана емес, кейде ағзаның дәрумендерді табиғи, физиологиялық, психологиялық және тағы басқа да факторларға байланысты көп қажет етуінің салдарынан да туындайды. Мысалы, ауа температурасының жоғары немесе төмен болуы, ауыр, қауіпті жұмыстар атқару, жүйкенің жұқаруы, күйзеліске ұшырау мен әйелдердің жүктілік және бала емізу кезінде.

Сонымен қатар авитаминоз салдарынан адам ағзасында зат алмасу процесі бұзылып, иммунитет төмендейді, адам әртүрлі созылмалы және жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкін. Авитаминоз белгілері: ұйқышылдық, үнемі шаршап жүру, безеудің пайда болуы, көру қабілетінің төмендеуі, шаштың түсуі, ашуланшақтық, тырнақтың сынуы және т.б.

Кез келген дәруменді (әсіресе В және Д дәруменін) организмге қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады. Дәрумендерді бірден көп мөлшерде қабылдау да организмге кері әсер етеді, яғни уландырады.

Сонымен дәрумендер деп химиялық табиғаты әртүрлі органикалық заттарды айтады. Дәрумендер латынша vita — өмір, тіршілік; vitamin — тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организм-ге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда дәрумендердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті дәрумендер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әртүрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де дәрумендер.

Сөйтіп дәрумендер - әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.

Тамақты сақтағанда және өңдегенде дәрумендер бұзылады. С дәрумені бұзылмай сақталуы үшін – жемістер мен көкөністердің қабығын өте жұқа етіп аршу керек. Көкөністерді пісіру және пайдалану алдында ғана қабығынан тазартып, кеседі. Қабығы аршылған картопты қарайып кетпеу үшін суға салып қояды. Тамақты эмаль немесе іші тефлонмен қапталған ыдыста дайындайды. Көкөністі қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл кезде судың көлемінің аз болғаны жөн.

Піскен тамақта дәрумендердің бұзылмай сақталуы қажет.

Автор:
Дайындаған Жайнаргүл МӘТІБЕК, Алматыоблысы бойынша Салауатты тамақтану орталығының ғылыми қызметкері.