Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 10 ЕСЕГЕ АРТТЫ


23 декабря 2011, 07:58 | 1 372 просмотра


Денсаулық саласын қаржыландыру осы көлемде артқаны турасында министрлік үкіметке алғысын жаудыруда. Бұл туралы жуырда Астанада өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Басқосу «2011-2015 жылдарды қамтитын Қазақстан Республикасы денсау-лық саласын өркендету жөніндегі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іс жүзіне асыру» мәселесін қарастырған болатын. Айта кету керек, оның жұмысына министрлік басшылары, Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақта ұйымы (БДСҰ), Бүкіләлемдік банк, ЮНЕСЕФ, ЮНЭЙДС, Жаһандық қор және басқа да беделді ұйымдардың өкілдері қатысты.

- Соңғы 20 жылда елімізде денсаулық сақтау саласы барлық бағыттар бойынша дамып келеді. Бұл салаға қыруар қаржы қарастырыруының нәтижесі, - деп атап өтті Министр Салидат Қайырбекова. Оның сөзіне жүгінсек, тек 2005-2010 жылдары ғана денсаулық саласын өркендетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаны нақты жүзеге асыру үшін 566,9 миллиард теңге (3,8 млрд доллар) бөлінген. Бұл сома медицинаның материалдық-техникалық базасын нығайтуға, елімізде 500 медицина мекемелерін салуға жұмсалған. «Мақсатты шығын ол инвестиция. Ол тек қана экономикалық қайтарым береді. Яғни, бюджеттік шығыс бөлігі ғана емес»,- деп баса айтты ведомство басшысы.

Қазақстан денсаулық саласының басты бағыты болып ана мен баланың денсаулығын қорғау болып қала береді. Елімізде жүйелік негізде ана мен сәбидің денсаулығын бақылау жұмыстары жүргізіледі. Біздің пациенттер емханалар мен стационарларда қымбат дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде ана өлімі бір жарым есеге, нәрестенің шетінеуі 15 пайызға төмендеген.

Алайда, қан айналымы жүйесі ауруы бірінші орында тұр. Бұл дерттен қайтыс болатындардың да саны басым. Баршаға белгілі, мемлелекеттік бағдарлама аясында Қазақстанда кардиологиялық және кардиохирургия-лық қызмет қарыштап дамып келеді. Бүгінгі таңда барлық 16 облыс орталығында тиісті бөлімдер қызмет көрсетуде. Бұларда білікті мамандар жұмыс жасайды, орталықтар қымбат медициналық құралдармен жабдықтал-ған.

Соңғы жылдары еліміздің клиникалық орталықтарында аса күрделі деген операциялар жасала бастады. Өткен 2010 жылы ғана жүрекке 3 мыңнан астам ота жүргізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне жүгінсек, соңғы 5 жылда қан айналымы жүйесі сырқатына шалдыққандар саны 25 пайызға азай-ған. Жуырда ғана Астанада әлемдік талаптар-ға жауап беретін кардиоорталық ашылды. Мұнда дүние есігін енді ғана ашқан науқас нәрестелерге де ота жасалатын болады.

Деректерді сөз етер болсақ, соңғы 6 жылда онкопаталогиясынан 18, жарақаттан қаза бол-ғандар саны 26 пайызға төмендеген. Осы жылдар аралығында 50 туберкулезді емдеу мекемесі іске қосылды.

Қазақстан үшін халықаралық ұйымдармен іскерлік байланыста жұмыс жасау оңды нәтижелер бере бастады. Үстіміздегі жылы өткен денсаулық сақтау министрлерінің Ислам кнференциясында ҚР ДСМ мен БДСҰ арасында 2012-2013 жылдарға арналған екі жылдық келісім шартқа қол қойылды. ЮСАИД тарапынан «Сапалы денсаулық сақтау» жобасы жүзеге асырылуда. Өкпе ауруы, ВИЧ/СПИД-тың алдын алу мақсатында Жаһандық қор, ЮНЭИДС және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен жасалып жатқан шаралар өз нәтижесін бере бастады.

Дөңгелек үстел басындағы жүздесу барысында халықаралық ұйымдардың 2011 жылы жүргізген қызметінің нәтижесі шығарылды. Алдағы кезеңдерге меже белгіленді.

Автор:
Ырысбай КЕНЖАБАЙҰЛЫ, irrys.@mail.ru