Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОТ ЧИСТОГО СЕРДЦА


16 декабря 2011, 07:39 | 1 683 просмотра



Рыхым Төрегелдіұлы СҰЛТАНБЕКОВ, облыстық кардиология орталығының директоры:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарыктың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

Еліміздің дербес мемлекет ретінде даму азаматтарымыздың саяси, әлументтік құқығын жан-жақты қамтамасыз еткенін ерекше атап өтуге тиіспіз. Қазіргі таңда еліміздің кез келген азаматы заңның аясында еркін қызмет ете алады. Себебі, еліміздін конституциясы бойынша цензураға тыйым салынған, сөз бостандығына кепілдік берілген. Тәуелсіздігіміздің ең бір маңызды бөлігінің өзі осы деп білемін.

Уақыт қарқыны зымырап, күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты тол-ғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да еліміздің еңсесі биіктей берсін. Бүгін мен облысымыздың барша ақ халатты абзал жандарын, адам жанының арашашыларын шын жүректен құттықтаймын. Еңсеміз биік болсын. Төл міндетімізді абыроймен атқарып, халқымыздың денсаулығын сақтау ісінде аянбай еңбек ете берелік!