Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МИНИСТРЛІКТЕ


16 декабря 2011, 07:56 | 1 891 просмотр



ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың қатысуымен Ұлттық денсаулық күні шеңберінде тәуелсіздік жылдары еліміздің денсаулық сақтау ісін дамытуға үлес қосқан медицина қызметкерлеріне құрмет көрсету салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды министр-ліктің баспасөз қызметі.

Салтанатты жиында медициналық қоғамдастық өкілдеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілері, Министрдің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Қатысушылардың құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыстарда, Астана және Алматы қалаларында медицина қауымдастығының салтанатты жиындарында денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне мерейтойлық медальдар, төс белгілері, Денсаулық сақтау министрінің және өңір әкімдерінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары табыс етілді.

ӘЛЕУМЕТТІК

ЖОБАЛАРҒА 143 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

Астанада Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылатын жобалардың қорытындыларын шығару мақсатында үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Министрліктің баспасөз қызметі та-ратқан мәліметтерге қарағанда, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру, сондай-ақ үкіметтік емес секторды дамыту және қоғамдық өмірді демократияландыру мақсатында министрлік денсаулық сақтау саласында бірқатар тапсырмаларды шешу үшін үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тартып, бірлесіп жұмыс істеуде.

Денсаулық сақтау министрлігі әртүрлі үкіметтік емес ұйымдармен екі жақтың өзара серіктестік іс-қимылы тиімді регламенттелген 10-нан астам меморандум-дарға қол қоды. ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, негізгі бағыттарының бірі - қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту мақсатында ағымдағы жылы министрлік алғаш рет 17 түрлі тақырып бойынша 140 млн. теңгеден астам сомаға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орналастырып, салауатты өмір салты бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 143 млн. теңге қаржы бөлді.

Автор:
ҚР ДСМ Баспасөз қызметі.