Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАНТ ДИАБЕТІ


9 декабря 2011, 07:40 | 3 636 просмотров



Қант диабеті өте күрделі және қатерлі ауру, оның шамалы белгілері байқалғанда алаңдау керек. Бұл ауруға қанттың қандағы деңгейі көтерілуі, оның зәрде болуы тән. Ауру нәтижесінде ас-қазан асты безі шығаратын гормон-инсулиннің аздығы туындап, ақырында зат алмасудың бұзылуына алып келеді. Қант диабеті жас шағының ауруы, онымен дүниедегі халықтардың барлық топтары қамтылған.

Қант диабетінің екі түрі бар:

1.Инсулинге тәуелді – ҚД 1 түрі, негізінен жас адамдарды зақымдайды. Оның себебі, иммунитеттің төмендеуі немесе вирустық жұқпалы аурудың салдарынан асқазан асты безі жасушаларының өлімі. Ағза бұл жағдайда өздігінен инсулин түзеуге қабілетсіз.

2.Инсулинге тәуелсіз – ҚД 2 түрі. Аурудың бұл түрінде инсулин асқазан асты безімен керек деңгейде шығарылмай, асқындырып шығарылады. Бірақ ағзадағы жасушалар оған сезімталдығын жоғалтқандықтан, қабылдай алмайды. Диабеттің 2 түрі – семіздікпен қиналатын, жасы 40 асқан адамдардың арасындағы тұқымқуалау-шы ауру.

Қант диабетінің екі түрі де ауру адамның ағзасында капиллярлар мен тамырларды зақымдап, салмақты өзгерістерді тудырады. Ауыру процессының нәтижесінде түрлі мүшелердің қан айналымы бұзылып, олар әдетте қалыпты қызметін жоғалтады. Диабеттің тарал-ған зардабы шел (катаракта), көз қарашығының бұзылуы мен соқырлыққа сүйрейді. Жиі ҚД ұзақ сақталатын бүйрек жеткіліксіздігін тудырады. Мол қанттың қол- аяқ тамырларына әсері диабетте трофикалық жаралар түзілуі мен өкшенің шіріуіне алып келеді. Қант диабеті сирек емес жағдайда ерлердің импотенциясының себебі. Сондай-ақ бауыр да ауру адамның ағзасындағы өзгерістерге, майлы дистрофия мен цирроз да болатын жауап қайтарады. Қант диабетімен ауыратындар иммунитет төмендеуінен зардап шегеді және түрлі жұқпалы ауруларға шалдығады.

Бірқатар жағдайда қант диабеті өзін бір уақытта білдіртеді. Диабеттің сипаттамалары әр түрлі, 1 және 2 түрдегі диабеттерде де. Кейде ешқандай белгілері байқалмай, диабетті мысалы, көз дәрігерінде көз түбін көру кезінде қарап анықтайды. Бірақ екі түрдегі қант диабетіне сай белгілердің секрециясының төмендеу деңгейіне, ауру адамның жеке бас ерекшеліктеріне және ауру ұзақтығына тәуелді:

Қант диабетінің 1 түрінің басталуына өзін сезінудің тез нашарлауы және көбірек білінетін ағзаның кебу белгілерінің байқалуы жатады. Ондай науқас адамдар инсулиннің тез тағайындалуында қажетті болады. Сәйкес емдеусіз, барлық зат алмасу түрлерінің бұзылуы өмірге қауіп төндіретін жағдай- диабетикалық қомаға алып келеді. Оған себеп, қандағы инсулиннің жетіспеушілігі, глюкозаның жасуша ішіне енуінің қиындауы және знергия жетіспеушілігі. Ағза май деполарындағы энергияны қолдана бастайды. Бұл процесс тым интенсивті жүргендіктен, майдың біршама бөлігі қанға өтеді. Олардың кейбір бөлігі бауырдан өтіп, кетон денелеріне айналады да, қанға түскенде ағзаға токсикалық әрекет жасайды. Жедел емдеуді қажет ететін, ауыр жағдай дамиды.

Аурудың диагнозын құптау үшін тек қант дибетіне тән сипаттар мен белгілердің байқалуына сүйенуге болмайды, қанның құрамындағы қанттың кем дегенде екі реттік тексерісі қажет. Егер ауру адамның қанының зертханалық зерттеулері аурудың белгілерімен расталса, онда диабетпен ауыратын адам жедел емдеуге мұқтаж. Диабет сынды аурумен күресте, науқас адамның белсенді қатынасы қажет.

Қант диабетінің сипаттары мен белгілері:

1.Ағзаның шөлдеп кептіруіне алып келетін, жиі зәр шығару мен әр уақытты шөл сезімі;

2.Аштық сезіміне қарамастан, салмақты тез жоғалту.

3.Қанттың қандағы жоғары құрамы

4.Шаршағандық немесе әлсіздікті сезіну

5.Көрудің қиыншылдығы (көз алдындағы ақ таңбаe»)

6.Жыныстық белсенділік қиыншылықтары

7.Ұйып қалу және ұйып қалған жерлерде шаншу

8.Аяқта ауырлық сезіну

9.Бас айналу

10.Жұқпалы аурулардың баяу емделуі

11.Жаралардың баяу жазылуы

12.Дене температурасының орташа деңгейде төмендеуі

13.Көрудің бұзылуы

14.Тез шаршаушылық

15.Аяқ бұлшықеттерінің тартып қалуы

Қант диабеті – қатерлі ауру, онымен нау-қас адамға өмір суруге үйрену керек. Өзініңізді тыңдап көріңіз, қант диабетінің белгілері мен сипаты байқалса, сіздің ағзаңыз әр уақытта емдеу мен көмекке мұқтаж екенін ойлаңыз.

Автор:
Г.К.НАСЫРОВА, Шалкөде дәрігерлік емханасының терапевт дәрігері, Райымбек ауданы.