Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК МЕДИЦИНА


9 декабря 2011, 07:43 | 3 341 просмотр



Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пікірінше азия аймағындағы ең үздік медицина Сингапур елінде. Әр жыл сайын Сингапурға емделу үшін 500 мың адам келеді екен. Сингапурда медицинаның барлық саласы бойынша өте білікті мамандар жұмыс ісдейді. ДДҰ-ның мәлі-метіне сүйенсек, бұндай ең көп білікті мамандар азия аймағы бойынша Сингапурда ғана бар. Бұл елдің дәрігерлері АҚШ, Европа елдерінен және Жапонияда білім алып, тәжірибе жинайды. Осы арқылы Сингапур денсаулық сақтау саласы батыс пен шығыс медицинасының ең жақсы жақтарын жинаған. Европа және АҚШ-пен салыстырғанда бұл елде емделу және диагностика өте арзан, яғни, қол жетімді. Ал Қазақстан денсаулық саласына жаңадан енгізілген Біріңғай Ұлттық Денсаулық сақтау бағдарламасы осы Сингапур медицинасының тәжірибесіне қарап жасалған. Осы уақытқа дейін Сингапурда бұл бағдарлама жақсы нәтижелер көрсетті. Медициналық қызметтің сапасын бұл елде үкімет қадағалайды. Заңнамалық жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істегендіктен, кез-келген емделуші өз мүддесінің толықтай қорғалатынын біледі. Сингапур денсаулық сақтау жүйесі жақсы жетістіктерге жетті, оның үстіне медицина бұл елде тек денсаулық сақтау жолы ғана емес, экономикалық пайда көзі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы 191 елдің денсаулық сақтау саласын жете зерттеп, Сингапур бұл тізімде 6-орынға табан тіреді.

Сингапурды азиядағы экономикалық айдаһарға балайды. Сонымен бірге Сингапур - сауықтыру және медициналық туризмнің негізгі орталықтардың бірі. Кішкентай мемлекет қалай ғана азия аймағында медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша алғашқы орынға шықты. Қазір Сингапурда алпауыт елдерден асып түсетін денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істейді. Оған бәрі кіреді: жоғары сапалы қызмет, білікті мамандар, үздік техникалық жабдықтау. Жоғары сапалы медициналық қызмет АҚШ, батыс европалық клиникалардан қарағанда қол жетімді. Бүгінгі Сингапур –түрлі діни конфессиялар, сан түрлі мәдениет пен тілдер тоғысқан 4 миллион халық тұратын мекен. Жыл сайын Сингапурға 7 миллион турист келеді екен. Таңғаларлығы, Сингапур медицинасы санаулы уақыт ішінде дамып шықты. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының критерийлері бойынша аз уақыт ішінде дамыды, ғасырлар бойы қалыптасқан денсаулық сақтау жүйелерінен әлде қайда үлгі боларлық жүйеге айналды.

Медицина –экономикалық табыс көзі.

Сонымен Сингапурдың медициналық ғажайыбы қалай пайда болды? 1999-2000 жылдары экономисттер Сингапур үшін табыс көзі болған микроэлектроника бұрынғыдай пайда әкелмейтінін байқайды. Сингапур үкіметі дағдарыстан шығу үшін медицина саласы мен биотехнологияны дамыту туралы ойлады. Осы салаларға көңіл аударудың өзіндік себептері болды. Бірнішіден, биомедицина -әлем бойынша сұраныс артқан сала және сұраныс жоғарлаған академиялық білім болды; екіншіден, биотехнология және медицинаға ірі компаниялар көп қаржы бөлетін болды; үшіншіден, бұл саланың даму мүмкіндігі ұзақмерзімді: өмір сүру ұзақтығы өседі, осыған орай емделуге мұқтаждық туындайды және косметология саласы да дамиды. 2000 жылы Сингапурда биомедицина ғылымдарының бағдарламасы іске аса бастайды. Сингапур алдымен шетелдерден ғалымдарды жинауды қолға алады. Елде технология және зерттеу, ғылым агенттігі , экономикалық даму кеңес қызметін бастайды. Құрамына аты әйгілі ғалымдар және Нобель сыйлығының лауреаттары кіретін Халықаралық консультациялық кеңес те жұмыс істейді. Қысқа мерзім ішінде елде биомедицина дамуын қадағалау жүйесі қалыптасты. Бірақ ғалымдар үшін сапалы деңгейде қаржы және технология тапшылығын көрмей жұмыс жасайтын орта керек болды. Сингапур үкіметі азиялық биомедицина орталығын қалыптастыруды көздейді. Нәтижесінде теңдесі жоқ ғылыми орталық ашылды. Орталықта 9 биотехнологиялық және фармокологиялық бағыттағы институттар жұмыс істейді. Орталықты «Биополис» деп атады. Сингапурда ғалымдар-дың да, медицина қызметкерлерінің де жалақысы жоғары болды. Кейіннен Жапония, Европа, АҚШ-тың ең білікті мамандары Сингапурға жұмыс жасауға кетіп жатты. Қазір Биополис орталығында 4 мыңнан астам ғалым еңбек етеді.

Сонымен мықты ғылыми орталық қалыптасты. Алайда үкіметтің мақсаты мықты ғылыми орталық қалыптастыру ғана емес еді, негізгі мақсат -елдегі экономиканы ғылым арқылы көтеру. 2006 жылы биомедициналық тауарлардың өндіріс көлемі 23 миллиард долларды құрап. Жылдық пайда көлемі 30%-ға жеткен. Бұндай жақсы көрсеткіш Сингапур ғылымының жетістігі ғана емес, салық саласындағы жеңілдіктер үлкен рөл атқарды. Кезінде микроэлектроника саласын нық орнықтырған да салық жеңілдіктері еді. Сонымен жоқ жерден Сингапурда әлемдік деңгейдегі биомедицина дамып шыға келді. Биаполис орталығын қалыптастыру үшін 580 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Ал үкімет жыл сайын ғылымның дамуына 600 миллион доллар бөледі екен. Қазір Сингапур жасуша деңгейіндегі зерттеулер бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Осы елдегі медициналық қызметтер мінсіз жұмыс жасайды. Сингапур медициналық туризмі дамыған ел. Ендігі жоспар 2012 жылы елге келетін «медициналық туристер» санын 1 миллионға жеткізу. Сингапурға шетелдерден емделушілер негізінен көзге лазерлік ота жасату, жүрекке және бас сүйекке ота жасату үшін келеді. Сонымен қатар стоматологиялық көмек, пластикалық хирургия, онкологиялық ауруларды және алкоголизм мен нашақорлықты емдетуге келеді екен. Медициналық туризмге Сингапурда ерекше көңіл бөлінгін. Туризмнің жеке саласы ретінде «медициналық туризм» белгілі клиникалармен қолға алынғын. Сингапурға туристтерден келетін қаржылық пайда өте жоғары деңгейде. Сингапурда емделу АҚШ және европа емделуден арзан. АҚШ пен Германияда емделуден 40%-ға арзан, 60%-ға Ұлыбританиядан арзан. АҚШ-та 160 мың доллар тұратын ота түрі, Сингапурда 12 мың доллар тұрады екен.

Сингапур Клиникалары әлемдегі ең үздік клиникалар қатарына кіреді. Клиникалардың негізгі ерекшелігі –сапалы көпсалалы медициналық қызмет көрсетуге тырысады. Оның үстіне Сингапурда медициналық оңалту (реабилитация) түріне ерекше көңіл бөледі. Сингапурда медбикелер біліктілігіне ерекші көңіл бөледі. Медбикелер өздері дәрі жазып береді. Медбикелер дәрежесі дәрігерден кем емес.

Сингапурда биомедицинаның дамуы, заманауи жабдықтар, соңғы технологиялардан басқа тағы бір ерекшелік бар. Ол –жалпы медициналық қызметтің қауіпсіздігі. Медициналық қызмет қауіпсіздігін мемлекеттік арнайы орган айналысады. Бұл орган медициналық препараттар, техника, қолданатын жабдықтардың қауіпсіздігі, сапасын қадағалайды. Жаңа дәрілердің барлығы мұқият тексеріледі. Қан құю орталықтары жүйелі түрде тексеруден өтеді. Медициналық қызметтің сапасын бұл елде үкімет қадағалайды. Заңнамалық жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істегендіктен, кез-келген емделуші өз мүддесінің толықтай қорғалатынын біледі. Жалпысоматикалық госпиталь негізінде әлемде алғаш рет біріктірілген неврологиялық орталық ашылды. Бұл орталық интраоперациялық магнитті-резонансты томография жасайтын жабдық, онкология, нейрохирургия, отоларингология және ортапедиялық хирургияда пайдаланатын нақтылығы жоғары радиохирургия құралы бар. Бұл оталық цифрлі технология негізінде жұмыс істейді. Медициналық көмек көрсетудегі барлық жаңа зерттемелер түрлері бір жерде шоғырланып және цифрлі технологиямен біріккені алғаш рет. Жаңа инфраструктура дәрігерге кез-келген ақпаратты қол жетімді етеді, диагностикадан оңалту процесіне дейін дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Аталған орталық атауы Неврологиялық Біріктірілген Операция-лық орталық. Жалпысоматикалық және неврологиялық орталық «интелектуалдық емдеу жүйесін» әлемде алғашқы болып қолдананған мекемелер. Джозеф Вудмен «Пациенты без границ» кітабында медициналық туризм туралы жазады. Ол 7 жыл бойы әр елдегі медициналық қызметті зерттеп, салыстырған. Джозев Вудменнің пайымынша ең үздік медицина Сингапур елінде.«Медициналық қызметтің көпсалалығы, арзандығы, мамандар біліктілігі –Сингапур медицинасының үздік болуының себебі» дейді автор.

Қазақстанда еншілеген

денсаулық сақтау жүйесі.

Қазіргі таңда аса назар аударатын және өзекті мәселе – қаржыландырудың аралас, көп арналы жүйелері бар модельдер. Мейлінше икемді бола тұра, ол алдында айтылған екі жүйенің барынша жағымды маңызды жақтарын таба отырып, амалдауға мүмкіндік береді. Осындай жүйенің жарқын мысалы Сингапурдың денсаулық сақтау жүйесі. Сингапурда жеке медицина есепшоттары жүйесі іске асырылған. Сингапурда өмір сүру ұзақтығы (80 жас), ал балалардың өлім-жітімі тіптен төмен. Сарапшылар Сингапур Денсаулық сақтау жүйесі моделінің табысқа жетуі тұтынушылар таңдауының мол еркіндігінің арқасында қамтамасыз етілгендігін айтады. Үкіметтің үлесіне барлық шығыстардың үштен бірі келеді. Бұл - әрбір адам қызмет сапасының төмендеуіне және қымбаттауына жол бермеу үшін өз денсаулығына өзі жауапты деген сөз. Транзакциялар (қаржылық операциялар) үкімет пен сақтандыру компаниялары атынан делдалдар ретінде емес, ал тікелей дәрігер мен пациенттің арасында жүргізіле береді. Сингапур денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттің рөлі жоғары болып қалуда, бірақ осы елде құрылған ынталандыру жүйелері бүкіл жүйенің жоғары сапасын сақтау кезінде мемлекеттік шығыстарды төменгі деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Медициналық қызметтерді сатып алуға пайдаланылуы мүмкін міндетті медициналық қор жинау, сомаларға шектеу қою, азаматтар тарапынан бірлескен қаржыландыруды талап ету, қосымша медициналық сақтандыруды таңдау еркіндігі – осы факторлардың комбинациясы денсаулық сақтау саласында жағымды жағдайларды туғызды. Сингапур денсаулық сақтау жүйесін ДДҰ сарапшылары Тынық мұхиты өңірінде ең үздік деп таныған. Дүние-жүзілік банк, кіріс деңгейіндегі айырмашылықты, демографиялық жағдайды және денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың ағымдағы жүйесін ескере отырып, Сингапурдың денсаулық сақтау жүйесіндегі тәжірибесін қабылдауды ұсынады. Осы орайда 2010 жыл-ғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді.

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы 191 елдің денсаулық сақтау саласын жете зерттеп, ең үздік деп Францияны атады. Зерттеу мынадай критерийлерге сүйеніп жасалды: тиімділік, қолжетімділік, халық мұқтаждығына сәйкестік. Францияда ең жақсы ауруханалар, ең білікті дәрігерлер, заманауи техникалық жабдықтау және осының бәріне халық толықтай қолжеткізе алады. Екінші орынға Италия мемлекеті орнықса, үшінші, төртінші және бесінші орындарға кішкентай мемлкеттер Сан-Марино, Андора, Мальта табан тіреді. Әрі қарай Сингапур мен Испания орынығып, сегзінші орын Оман мемлкетіне бұйырды. Сондай-ақ, үздік ондыққа Австрия мен Жапония да кірді. Денсаулық сақтау саласына бюджеттен қыруар қаржы бөлетін АҚШ тек 37 орынды қанағат етіпті. БДҰ (ВОЗ) тізімінде біздің Қазақстан 64 орында болса, бұрыңғы кеңес елдерінің ішінен Литва -73, Белорусия -74, Эстония -79, Молдавия -101, Армения -104, Латвия -105, Әзербайжан -109 орындарды иеленді. Рессей болса бұл тізімнің 130-орынына түсіп, 131-орынға Гондурас мемлекеті табан тіреген. Алпауыт Қытайға тек 144 орын бұйырып, осы тізімнің соңғы орнына Сьерра-Леона орныққан.

Автор:
Мадина ОМАРҚҰЛОВА, madina.omarkulova@gmail.com