Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

САПАР СЫРЫ


9 декабря 2011, 07:48 | 1 452 просмотра


(Ақсу аудандық ауруханасы жедел жәрдем бәлімінің дәрігері Лунара Атутановаға)

Жанашыр, көңілі кең, жұғымды, намысты адам,

Сырқатқа жәрдем берсе азап одан тездете алыстаған.

Ақ көңілі алып ұшар сұңқарша асығыста,

Тартысында алғырың адалдықты таза ұстаған.

Жігері жүйріктің, білімі білгірлігін жақтаған,

Адамдарды ардақтап, ел сенімін еміменен ақтаған.

Мезгілінде міндетін мүлтіксіз атқарар мазасызың,

Масайрағанға мақсаты қанша жан қуана мақтаған.

Ерте қимылдап диқаншы отыра алмас егін екпей,

Жауырынға жабысты жер жыртқанда желі кетпей.

Жігіт жанын қарбаласта әлсіретіп, жаралады,

Төсегінен телефонға қалды ентігіп, қолы жетпей.

Жағдайын жақсартуға жанталасты жоталы жұмыскерің,

Тер төгіп, сен еліңе молынан ырыс тердің,

Дәлелдеп денсаулығын дамытар даналығы дамылдамай,

Дауылды дамытпай дәрісін дер кезінде дұрыс бердің.

Тентек кесел денесіне еніп алып, тепкілеген,

Қайсарыңыз қырда көбейіп құлшынысты, көп түлеген.

Қаршығаша қырағы қимылдап қарбаласта қауіппенен,

Берік байлам жасап, қамқоршы жазылуын бек тілеген.

Көрікті қыз қиналып, қысылғанда қымбаттың,

Тынысын тыңдап, тынымсыз, сырқатпенен түн қаттың.

Қағылезсіз, қағып тастап брйынан кеселді көлбеңдетпей,

Жібін шештің, іскерлікпен жүдететін жұмбақтың.

Жанын жесе бұл ауруды қалайша жасырады,

Амал тауып, ұшқыр ойды ұтымды іске асырады.

Жібек мінезді, жеңіл қолы, жігер берді жазылуға,

Бұл сырқаттар білгірге сеніп, барынша асығады.

Жұрт та жақтап, жарқыратқан жақсы істерін де біледі,

Табандының талпынысымен талайдың орындалды тілегі.

Жұлдыздай жедел жәрдемшілер ішінде жарқыраған,

Жайнаң қағып, Жансүгіровте жағдайлана жүр енді.

Автор:
Хасен КӨПТІЛЕУОВ, Республикалық Наурыз мүшәйрә жыр бәйгесінің жүлдегері. Ақсу ауданы.