Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАС ҚӨРІНГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?


5 ноября 2009, 18:34 | 2 099 просмотров


Кезінде әйелдер үшін ең сын кез 25 жас болған. Осы жастан бастап кәрілік келеді деген ой әйелдері қатты үрейлендірген. Халық арасында «Жиырма беске келгенде қыз еріншек» деген өлең жолы да қимыл- әрекеттің бұрынғыдан бәсендегенін білдірген болар. Психологтардың, осы жастан асқан қыз - келіншектер өз құрбыларын әлдеқайда ересек деп санайды екен. Ол тек әйелдер емес, ерлер арасында да аңғарылады. Мәселен, өз басының қасқалығын байқамай, досының сиреген шашына күлетіндер де бар. Қай жыныс болса да кәрілік деген осы екен деп іштерінен тынады.

Егер шындығын алсақ, қартаю туа салысымен басталады. Ғалымдардың айтуынша, адамның көз жанары ешуақытта туған кезден өткір болмайды. Содан бастап көз алмасының шымырлығы, серпімділігі біртіндеп кеміп отырады.

Мәселен, 15 жаста біз 7 сантиметр қашықтағы затты өте анық көреміз, 25 жаста-12 сантиметрден , 40 жаста – 40 см, ал 50- ден асқанда көзілдірік киеміз.

Әркім де кәріліктен қашып, жас қалпын сақтауды көксейді. Шама келгенше әр түрлі дәрі-дәрмек аркылы,медицина мен биологияның ең соңғы ғылыми жаңалықтарына сүйеніп жастықты сақтауға тырысады. Мүмкін, келешекте өмірді қартайтпайтын, жас қалпын сақтайтын сиқырлы сусын ойлап табылар.

Ғалымдар «Қартаю деген адам денесінің біртіндеп солуы»деп дәләлдейді. Денедегі судың көлемі кеміп, тері құрғайды. Сондықтан өзінің серпімділігін жоғалтып, тері әжімделіп, семіп кетеді. Жас келген сайын адам организмінде көп клеткалар мүлде жойылып отырады. Күш – жігер, куат 20 жасқа дейін қарқынды өседі. Одан тағы бір 20 жыл қалпында аса қөп өзгермей сақталады. Ал кейін біртіндеп сола бастайды. Зат алмасу да дәл осылай өзгереді. Бұл табиғат заңы. Одан қашып құтыла алмаймыз.

Ел арасында витамин тек балаларға қажет деген ұрым бар. Ол дұрыс емес. Дәрігерлердің нұсқауында егде тартқан адамдарға витаминге бай тағамдармен тамақтану керек.

Біріншіден, үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс. Үзіліс кезінде ауызға тәтті, шекер, конфет сияқты не болса соны салып шайнандаудың кажеті жоқ. Екіншіден, сабырлылық, салмақтылық. Тамақтанған кезде стол басында «жұлынбай», газет-кітап оқымай, телефонмен сөйлеспей отырған жөн. Стол басында байсалды, көңілді, жайдары отырғанға не жетсін.

Тамақты жылдам ішуге дағдыланбаңыз. Апыл-ғұпыл асаған тамақтан, асықпай шайнап жұтылған ас тойымды келеді және ішек-қарынға да аз салмақ түсіреді.

Ал ішек-қарынның жағдайы әйелдің сұлулығына тікелей байланысты. Көп әйелдер сыртқы сымбат асқазаннан басталатынын білмей, бетке неше түрлі майлар, опы жағып тіпті өңіне келмесе де жасанды, мерекелік сұлулық қалайды.

Терінің түрі тағамның құрамындағы көкөніс, жеміс-жидек, минералды тұздардың жеткілікті болуына тікелей байланысты.

Әйелдерге арналған аса қажет кітаптың авторы француз Жозетт Лион сәбіз, петрушка тұнбасын (суын) ішуді ұсынған. Ол онша қиын да, қымбат та емес.

Сонымен жас көріну үшін көп жағдайлар керек. Оған тамақтану, 7-8 сағат ұйқы, көңіл-күй, от басы, ошақ қасының тыныштығы, қызметтің көңілден шығуы, көңілділік, міне осының бәрі үлкен әсер өтеді.

Жастық шақты ұзарту тек медицина емес, өзімізді қоршаған ортаға, қарым-қатынаста болған адамдарға тікелей байланысты.

Кейбір әйелдер «мен елуге толдым, бәрі өтті де кетті» дейді, ол - кате. Бұл жөнінде жетпіске толған әлемге әйгілі атақты актрисадан «әйел қай жаста махаббатқа көңіл аудармайды?» деп сұрағанда, «Менен жасы үлкендеу біреуден сұрамасаңыздар, мен әлі ондайды аңғарғаным жоқ» деген екен. Осыған қарағанда, бәрі адамның өзіне, көңілене байланысты. Әйел өзін 30 жаста кәрі етіп те, ал 60 жаста жас етіп те көрсете алады. Соған орай айтарымыз, әйел деген жұмбақ.

Автор:
Ы.Ақадық