Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕЛБАСЫ АСТАНАДАҒЫ№1 СТАЦИОНАРЛЫҚ АУРУХАНАНЫ КӨРДІ


9 декабря 2011, 07:59 | 1 309 просмотров


Аталмыш аурухана құрылысы 2008 жылы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды. «Аурухана құрылысының аяқталуымен біз Астананы 100 пайыз медициналық қызметпен қамтамасыз еттік. сапалы емдеу мәселесі. Сіздердің алдарыңыздағы ендігі мақсат - адамдарды емдеп, дертке шалдыққандарды аяққа тұрғызу. Сонымен қатар елорда тұрғындарына қызмет етулеріңіз тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Клиниканың бас дәрігері Алексей Цойдың айтуынша, аталмыш стационар Еуропаның заманауи клиникаларының талаптарына сәйкес жарақталған. Қазақстанда теңдесі жоқ инсульт орталығы ашылды. Орталық инсультқа шалдыққандарды емдеу және қалыпқа келтіру құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар стационарда жоспарлы және ауыр халдегі шұғыл науқастарды қабылдайтын екі бөлім бар. Ол бір мезгілде екі жедел- жәрдем машинасын қабылдай алады. Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, қаладағы әрбір екінші жедел-жәрдем көлігі осында келеді. Сонымен қатар клиникада диагностикалық, операциялық, реанимациялық шұғыл емдеу бөлімдері бар. Сондай-ақ көпбейінді стационарда 22 бөлім бар және барлық медициналық қызметтер ұсынылған. Жалпы ғимараттың ауданы 64 мың шаршыметрді құрайды.

ТҰМАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың қазан айынан бері осы уақытқа дейін елде тұмаудың тарауының 220 мың 673 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 7,0 пайызға төмен. Елімізде тұмауға қарсы егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биылғы жылы республика бойынша 1 миллион 74 мың 728 адамға тұмауға қарсы дәрі салынды. Оның ішінде мемлекет тарапынан бөлінген қаржыға егілген 708 мың 600 адам бар. Бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 20 пайызға көп. Әзірге дәрі егілгеннен кейін жағдайлары нашарлаған азаматтар тіркелмеген.

Автор:
ҚР ДСМ баспасөз қызметі