Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТАМАҚТАНУДАН БОЛАТЫН ТЕМІРТАПШЫЛЫҚ АНЕМИЯСЫ


2 декабря 2011, 07:47 | 4 224 просмотра



Теміртапшылық анемиясы микронутриенттік әлемдегі ең көп тараған жетіспеушіліктердің бір түрі.

Анемия - эритроциттер мөлшері мен оның құрамындағы гемоглобин концентрациясының төмендеуімен сипатталатын жағдай. Анемия темір, фоли қышқылы, В12 витвмині, мыс және басқа да заттектердің жетіспеуінен болады.

Қызыл қан жасаушалары гемоглобиннің түзіліуі үшін қажет маңызды микроэлемент - темір. Темір гемоглобин молекуласының құрамына кіреді және оттек пен көмірқышқыл газының тасымалдануына қатысады. Гемоглобиннің қалыпты түзіліуі үшін, темірдің сүйек кемігінде жетіспеушілігі түзілетін эритроциттердің саны мен мөлшерін төмендетеді.

Адам ағызасында темірдің негізгі қоры болып эритроциттер құрамындағы гемоглобин, бұлшықет миоглобині және бауыр мен ретикулоэндотелиалды жүйке жасаушалары табылады.

Ерлер ағзасындағы темір қорының орташа құрамы 600-1200мг болса, әйелдерде 100-400мг- ды құрайды.

Егер ағзадағы темір қоры азайса, гемоглобин деңгейі де қарқынды түрде төмендейді, бұл қан эритроциттерінің тіндерге оттегін тасымалдау қабілетін төмендетеді. Бұл жағдай ағзаның барлық жүйесінің, мүшелерінің, тіндерінің және жасаушаларының тыныс алу бұзылыстарына әкеліп соғады. Әсіресе бізге қозғалып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, кез-келген жастағы адамдарға кері әсерін тигізетін ми және бұлшықет мәселелері өте маңызды. Гемоглобиннің қажетті деңгейі іштегі нәрестенің толық дамуы үшін жүктілік кезінде өте қажет.

Гемоглобин түзілуі темір ғана емес, сонымен бірге темірдің сіңірілуі мен фоли қышқылының белсенділігін қамтамасыз ететін цинк, мыс, марганец, никель, В6 және В12 дәрумендері, С дәрумені қатысуы арқылы жүзеге асатын көп сатылы процесс.

Анемияның басты белгілері - жалпы әлсіреу, тез шаршау, ентігу, денеге ауыртпалық түсу кезіндегі жүрек қағысы, бас айналу, құлақтың шулауы, көздің қарауытуы түріндегі көру қабілетінің нашарлауы, жүйке жүйелері қоректенуінің бұзылысына байланысты көру өткірлігінің төмендеуі, гипоксия нәтижесінде бастың ауруы, ұйқысыздық.

Денедегі белгілері-терінің бозаруы және шырышты қабық пен тырнақ бетінің қабынуы (қас мембраналары), ауыр жағдайларда балтыр-жіліншіктің ісінуі және өкпенің негізгі бөлігінде сырылдың болуы.

Теміртапшылықты анемиясының даму себептері:

•темірдің тағам өнімдерімен ағзаға жеткілікті түрде түспеуі;

•төменгі биосіңімділік немесе тағами темір сіңірімділігінің бұзылыуы;

•қан кету;

•безгек, туберкулез немесе құрттар сияқты жұқпалар әсерінен эритроциттердің жоғалуы немесе бұзылуы;

•эритроциттердің генетикалық кемістіктері.

Тағам сипатымен анықталатын теміртапшылық анемиясы тағам үлесіндегі темір жеткіліксіздігінен ғана емес, сондай-ақ басқада тағами (алиментарлы) факторлар есебінен туындайды. Анемия әсіресе А дәрумені, фолий қышқылы , В12 дәрумені, аскорбин қышқылы, В2 дәрумені, мыс, цинк жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін. А дәрумені ағзадағы темір қорының белсенділігін арттыруға көмектеседі; В12 дәрумендері эритроциттердің толық дамып-өсуіне қажет; цинк, мыс және фолий қышқылы гемоглобин синтезіне тікелей қатысады; аскорбин қышқылы темірдің органикалық емес түрлерінің сіңімділігін жоғарылатады.

Анемия сонымен қатар тағам өнімдері құрамында қорғасын, кадмий, сынап сияқты ауыр металл тұздарының жоғары деңгейде болуынан да туындайды, өйткені олардың нәруыздармен сіңірілу және әсерлесуінің ортақ механизмдері болып, гемоглобин түзілісі (синтез) процесінде бәсекелесе алады. Сондай-ақ олардың барлығы эритроциттердің көбеюі мен дамуын тежей отырып, сүйек кемігіне және тасымалдаушы нәруыз-трансферрин түзілісі орын алатын бауырға уыттық (уландырғыш) әсер береді. Сондықтан ауыр металдармен созылмалы уланудың көптеген жағдайларда бас-ты белгілердің бірі –анемия болуы кездейсоқ жәйт емес.

Анемия темір жетіспеушілікпен қатар, сондай-ақ тамақтану сипатынан, атап айтқанда А, С, В12 витаминдерінің және фолий қышқылының жетіспеуінен туындауы мүмкін. Тамақ ішу үстінде немесе тамақтан кейін бірден шәй ішу дағдысы темірді нашар сіңіруге, нәтиже-сінде оның жетіспеушілігінің дамуына әкеледі.

Анемия дамуында асқазан-ішек жолдарында өтетін процесс организммен темір сіңірудің бұзылысы едәуір роль атқарады. Гас-трит, асқазанның ойық жарасы, энтериттер темір сіңірудің төмендеуіне және анемия дамуына ықпал етеді.

Тағамдық өнімдер құрамында темір сіңірілуі әртүрлі механизмдер арқылы жүзеге асатын екі – гемді және гемсіз түрде болады. Гемді темір жануар текті тағам өнімдерінің құрамында болады (ет, бауыр, балық), оның гемсіз темірге қарағанда сіңімділігі жақсырақ. Орташа есеппен алғанда, гемді темірдің 25 пайызы сіңіріледі және бұл процеске басқа тағами заттектер мен ағзадағы темір қоры айтарлықтай әсер етпейді. Алайда тағаммен түсетін темірдің негізгі бөлігі сіңімділігі төмен гемсіз болып саналады және ол ағзаның темірмен қамтамасыз етілуіне, ішектегі темір құрылымдарының еруіне, микроэлемент сіңірілімін арттыратын немесе тежейтін бірқатар тағами факторлардың болуына тәуелді.

Мысалы, С дәрумені темірдің еріту қабілетін оны екі валенттіден үш валентіге тотықтырып, еритін құрлым түзу арқылы арттырады. Темір сіңірілімін арттырушы және тежеуіштер тағам үлесіндегі темірдің нақты құрамымен салыстырғанда көп жағдайларда темір статусын анықтайтын күшті факторлар ретінде қызмет атқарады.

Теміртапшылықты анемияны болдыртпау үшін адам ағзасын микроэлемент- темірмен қамтамасыз етуді арттыру керек. Ол үшін:

•фамакологиялық. Құрамында витаминдер мен микроэлементтер, және темір препараттарының кең жиынтығы бар таблеткаларды қолдану;

•Жасақты тағам. Тағам үлесіне темір-ге бай өнімдер мен олардың сіңірімділігін арттыратын құрамдарды жүйелі түрде қосу;

Құрамында витаминдер мен микроэлементтер, темір препараттарының кең жиынтығы бар таблеткаларды қолдану мен тағам үлесіне темірге бай өнімдер мен олардың сіңірімділігін арттыратын құрамдарды жүйелі түрде қосудың тәжірибеге енуі оң нәтижеге қол жеткізу ұзақ уақытты қажет етеді. Ал олардың тұрақты түрде жүзеге асырылуы үшін үлкен қаржы шығындары қажет. Ал негізгі тағам өнімдерін темірмен және витамин кешені-мен байыту (фортификациялау) ең оңай, арзан, жалпыға тиімді әрі тез жүзеге асырылатын болып саналады.

Қазақстандағы анемияның деңгейі репродуктивтік жастағы әйелдер арасында 45% және 5 жасқа дейінгі балалар арасында 47% құрайды (2008 жылы ҚР ДСМ тапсырысы бойынша Қазақ Тағамтану академиясымен өткізілген зерттеулердің деректері) атап айт-қанда, әрбір екінші ана мен бала анемиядан зардап шегеді, бұл өмірінің алғашқы аптасында шетінеген, жаңа туған нәрестелердің 74,7% және өмірінің алғашқы айында шетінеген балалардың 43,5% аналары анемиядан зардап шеккен.

Қазақстандағы еркектердің 28% анемиядан зардап шегеді, әрбір төртінші еркектің репродуктивтік денсаулығын (сперматогенез қызметін) нашарлатады, демографиялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің ұлттық қауіпсіз-дігіне қауіп төндіреді.

Барлық ана өлімінің 40% (атап айтқанда жүктілік немесе босану кезіндегі) анемияға байланысты.

Анемиядан зардап шегетін әйелдер 30-40% жиі салмағы толықпаған бала туады, бұл сәбидің өлуінің немесе нәрестенің ойлау қабылеті мен тәндік дамуы тежелуінің себебі болып табылады.

Қазақстандағы репродуктивтік жастағы әйелдер мен балалардың 80% (сондай-ақ ерлерде тамақтану рационы бірдей ғой) фолий қышқылының жетіспеуінен зардап шегеді, бұл атеросклероз, инфаркт, инсульт, сондай-ақ бірқатар онкологиялық аурулардың дамуына ықпал етеді және туа бітетін жүйке жүйесінің ауруы-микро және аненцефалия, жүйке жүйесі бітпеуінің себебі болып табылады, оның нәтижесінде мерзімінен бұрын болатын өлім немесе мүгедектік болуы мүмкін.

Теміртапшылықты анемиясы мәселесінің емшектегі және ерте жастағы балалар үшін ерекше орын алады. Оның алдын алудың негізгі әдістері ретінде келесі мәселелерді атап көрсетуге болады.

Алты айлық мерзімнен кейін қосымша тамақ енгізу барысында балалардың тамақ үлесіне темірге бай өнімдерді қосумәселесіне назар аударған жөн (бауыр, ет, балық, бұршақ тұқымдас дақылдар немесе темірмен, қажетті витаминдермен байытылған қосымша тамақ өнімдері);

Тоғыз айлық мерзімге дейін қосымша тамақ түрінде табиғи сиыр сүті мен оның негізіндегі өнімдерді енгізу ұсынылмайды. Сиыр сүті негізіндегі ашытылған сүт қосымша тағамдардың ашыту процесі барысында сүтті және басқада органикалық қышқылдар түзіліп, темір сіңімділігін арттыратын витаминдер синтезі жүзеге асырылады;

Шәй мен кофенің барлық түрлері тағами темір сіңімділігін тежейтіндіктен, балалар өмірінің алғашқы екі жылында оларды енгізу ұсынылмайды;

Жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалар ағзасында темірдің жеткілікті қоры болу үшін жүкті әйелдердің тамақтану үлесінің құрамында темір мен витаминдерге бай өнімдер болу керек.

Анемия барысында қауіпті патологиялық жағдайлар дамиды. Жалпы денсаулық жадайының төмендеуінде ғана емес, сондай – ақ онкологиялық және жұқпалы сырқаттардың жоғары дәрежеде пайда болу қатерінде, ағза тұрақтылығының қоршаған ортаның зиянды факторларына ықпалы төмендеген жағдайларда қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж.29.11. № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» Мемлекеттік денсаулық сақтау бағадарламасында да дұрыс тамақтану дағдыларын енгізу арқылы темір жетіспеушіліктен болған анемия жағдайын төмендету алдыға қойылған. 2009 жылғы теміржетіспеушілік анемиясы- 2314,0 болса, оны 2221- 2012 жылға, 2082,0 -2015 жылға 100 мың халыққа сайғанда төмендету нәтижелері мемлекеттік бағдарламамен бел-гіленген.

Қоғамымыздың теміржетіспеушілік салдарынан туындайтын проблемаларынан сақтандыру үшін шешім қабылдайтын азаматтарға айтарымыз: халықтың денсаулығына бағытталған қамқорлығыңыз- ол премикспен байытылған ұнның өндірілуін және оның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамсыз ету!

Автор:
Г.КАТКЕНОВА, Алматы облысы бойынша Салауатты тамақтану орталығының жетекшісі; Жайнаргүл МӘТІБЕК, ғылыми қызметкері.