Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СПИД-ТАН САҚТАЙТЫН ҚҰРАЛ


2 декабря 2011, 07:49 | 1 234 просмотра



СПИД қауіпін ескертетін құрылғы пайда болды. Бұл –СПИДометр. Революциялық құрылғы инвазиялық емес, скринингтік диагностика әдіспен жұмыс істейді.

СПИДометр адамның толқынды «портретінің» динамикалық спектральды анализі және оның тесттік объектілердің динамикалық толқынды образдарымен салыстыру негізінде жұмыс істейді. Қарапайым тілмен айтқанда құрылғы адамға оның қауіпті қадамға баратынын ескертіп отырады екен. Шетелдік жастар арасында сәнге айналған СПИДометрді кез-келген жерге өзімен алып жүруге болады екен. СПИДометр салмағы -1,80 кг құрайды. ЖҚТБ дертінен қаншалықты сақтайтыны белгісіз болса да құрылғыға сұраныс өте үлкен көрінеді. СПИДометрлерді сататын арнайы сайттар да баршылық. Ресейдің жастарға арналған телеарналардың бірінде де СПИДометр туралы жарнамалар көрсетіліп жүр.