Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

34 МИЛЛИОН АДАМ АҚТҚ ЖҰҚТЫРҒАН


2 декабря 2011, 07:50 | 3 258 просмотров



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде 34 миллион адам АҚТҚ инфекциясын жұқтырды деп тіркелген. Еуропада АҚТҚ жұқтырғандар саны -2 миллион. Қазақстанда қараша айының қорытындысы бойынша АҚТҚ жұқпасына шалдыққан 17457 адам тіркелген. Республикамызда АҚТҚ жұқтыратындар саны кему былай тұрсын, жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан да ЖҚТБ-пен ауыратындар санының өсуі біздегі өзекті проблема.1-желтоқсан ЖҚТБ-ға (СПИД) қарсы күрес күні.

ЖҚТБ-ға (СПИД) қарсы күрес күніне орай жастарға арналған тәрбие сағаттары болды. Осындай шаралардың бірі 30-қарашада Талдықорған қаласы Дарынды балаларға арнал-ған спорт мектеп-интернатта қалалық СПИД орталығының ұйымдастырумен өтсе, 1-желтоқсанда Алматы облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастыр-ған шара Талдықорған экономика-техникалық колледжде орын алды. 2011 жылғы дүние-жүзілік СПИД пен күрес кампаниясының ұраны «Мақсат бағытталған –Нөл: Жаңа АҚТҚ инфекциясы –нөл.Кемсітушілік-Нөл. ЖҚТБ-дан өлім –Нөл». Осы ұранмен бүкіл әлемдегі жастарға ЖҚТБ індетінің қауіпін түсіндіру және АҚТҚ инфекциясының көбеюін алдын-алу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде 34 миллион адам АҚТҚ инфекциясын жұқтырды деп тіркелген. Еуропада АҚТҚ жұқтырғандар саны -2 миллион. Қазақстанда қараша айының қорытындысы бойынша АҚТҚ жұқпасына шалдыққан 17457 адам тіркелген. 2011 жыл басынан бері 1696 адам АҚТҚ жұқтырған екен. 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 10,2% құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда АҚТҚ жұқпасын жұқтырғандар 15 жағдайға артық. Былтыр 1681 жағдай тіркелген. АҚТҚ жұқтырғандардың ішінде 50,7% жыныстық қатынас арқылы, 43% тамырға есірткі егу арқылы болса, анықталмаған ауру жұқтыру жолдарының үлесі -3,4%. Ал ЖҚТБ (СПИД) диагнозы 187 науқасқа қойылған. АҚТҚ инфекциясын жұқ- тырғандардың 64,4% -жұмыссыздар, 20% -жұмыс істейтіндер, шетелдіктер құрайды екен. 5,8 Аламты облысы бойынша соңғы 10 айда АҚТҚ жұқтырғандары саны 155 болса, оының 87- ер адам, 68-әйел адам. АҚТҚ-жұқпасы Қаратал, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларында көбірек тіркелді. Негізнен осы дертке 20-39 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар шалдыққан екен.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2010-2011 жылдар аралығындағы есебі бойынша 139 мемлекеттің ішінде «АҚТҚ-жұқпасының таралуы» бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі (БЖИ) бойынша Қазақстан 22 орында болса, «АҚТҚ-жұқпасының бизнеске іскерлік әсері» БЖИ көрсеткіші бойынша 86 орын-ға ие болған.

Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бас-тал-ған бұл індет 20 миллионнан астам адамның өмірін қиды. ЖҚТБ (СПИД) мәселесі тек медициналық проблема болып қана қоймай адамзат қызметінің барлық түрлеріне енеді.

ЖҚТБ-ға қарсы дүниежүзілік күрес күні алғаш рет 1988 жылы 1-желтоқсанда аталып өтті. Жыл сайын атап өтілетін бұл күн ВИЧ инфекциясы және СПИД індетімен күресті күшейтуге негізделген. Әлемнің әр түпкірінде осы күні ЖҚТБ-ның қатері туралы түсіндіретн түрлі шаралар өткізіледі. ЖИТС – (СПИД синдром приобретенного иммуно дефицита) жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы – жынысқа, жасқа қарамайтын жұқпалы дерт. Әзірге бұл дерттен құлан-таза айықтырып жіберетіндей дәрі табылған жоқ. Дүние-жүзілік денсаулық сақтау ұйымның деректері бойынша, жер шарында бүгінге дейін 40 млн. астам адамның осы ауруды жұқтырғаны тіркелген. ЖИТС – жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы көбінесе 20 жастан 49 жасқа дейінгі адамдар арасында жиі кездеседі.

Қазақстан Республикасында бірінші АИТВ – жұқпасына шалдыққан жағдай 1987 жылы тіркелді, АҚТҚ-жұқтырғандардың таралуының ең жоғарғы көрсеткіші Алматы қаласы , Павлодар облысында , Қарағанды облысында анықталды. Еркектердің жұқтыруы әйелдерге қарағанда 2,5 есе жоғары болып отыр, көпшілігінде парентеральдық (66,4 %) берілу жолы басым, әрі қарай гетеросексуальдық (25,7%) берілу жолының артуы тенденциясы бай-қалатын көрінеді.

АҚТҚ және ЖҚТБ алдын-алу үшін Қазақстан Республикасының ден-саулық сақтау ісін дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі.

Адамдардың мінез-құлқын ақпараттандыру деңгейін көтеру және саламатты өмір салтын қалыптастыру арқылы нақты өзгерту елімізде АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша барлық алдын алу және оқыту бағдарламаларының мақсаты болып табылады, себебі ауруды емдеуден гөрі ескерту анағұрлым жеңіл болады. 1-желтоқсан халықаралық ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні. Осы күні әлем жұртышылығы қатерлі індеттің алдын алу, оған қарсы күрес шараларын ұйымдастырады. Қазақстанда жыл сайын осы күнде жастарға арналған дөңгелек үстелдер, конференциялар және тағы да басқа шаралар ұйымдастырылады. 1-желтоқсан күні ЖҚТБ-ға қарсы күрес ұйымдары үшін халықты ақпараттандыру өте маңызды. Ең алдымен халық осы АҚТҚ жұқпасының бар екенін ұмытпау керек. Халық ЖҚТБ-ның аса қауіпті індет екенің естен шығармай, оның қалай жұғатының, оның алдын алу шараларын біліп жүруге міндетті. Расында да, «сақтансаң сақтайды»!

«Жиырма бірінші ғасырдың обасы» аталып кеткен аса қауіпті індетпен күресу қазір бір ғана мемлекеттің немесе қауымдастықтың ғана ісі емес, бұл бүкіл әлем жұртшылығының жұмыла істейтін шаруасы. Ал қарапайым халық үшін ең алдымен осындай қауіпті індеттің бар екенін ұмытпау.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА