Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ШЫЛЫМНАН БАС ТАРТУ


25 ноября 2011, 07:45 | 3 517 просмотров



«Көзге көріксіз, миға жағымсыз, өкпеге қауіпті, қоқыс тастайтын шұңқырдай сасық иіс шығаратын әдет».

I Яков, Англия Королі, 1604 ж.

« Мен мүлдем басқа адам болдым. Жұмыста 5 сағат қатарынан отырамын, мүлдем жаңарып тұрамын.Ал бұрын темекі шегіп, басым тұманданатын...»

Лев Толстой.

«Түтінмен бірге сізден денсаулық кетеді, ол қайтып келмейді. Ойлану әлі кеш емес! Темекі тәнге зиян әкеледі, сананы улайды, ұлттарды топас етеді.»

Онере де Бальзак.

Бүкіл әлемде 1 миллиард ер адам мен 250 миллион әйел темекі тартады екен. Оның ішінде қазіргі уақытта темекіге тәуелді болған жастардың саны күн сайн өсіп келеді. Статистика бойынша әлемде күнде 82 мыңнан 99 мың жастар темекі тартуды бастаса, олардың ішінде 10 жасқа жетпеген балалар көп екен. Болжам бойынша алдағы 25 жылда темекіге тәуелділер саны дүниежүзі бойынша 1,6 миллиардқа өседі. 17-қараша –шылым шегуден бас тарту халықаралық күні. Осы күнге орай Талдықорған қаласы экономика-техникалық колледжінде «Елдің мықты тірегі –дені сау ұрпақ» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына колледж студенттері, ұстаздар,тәртіп сақшысы және психолог, нарколог мамандар қатысты. Бұл шараны Алматы облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Облыстық наркологиялық диспансер және прокуратура қолдауымен ұйымдастырылды. Темекіден бас тарту күнінің басты мақсаты –шылым шегетіндердің санын азайтып, көпшілікті темекіге қарсы күреске шақыру, темекінің денсаулыққа тигізетін зиянын түсіндіру. Дәл осы мақсатты көздеп тәрбие сағатын ұйымдастырушылар студенттерге шылым шегу, алкоголь ішу,нашақорлық сияқты әдеттердің адамдардың ағзасына қаншалықты зиян екен ескертті. Студенттер нарколог,психолог және заң қызметкерлеріне өздерін қы-зықтырған сұрақтар қойып, сол сауалдарына жауап алды.

Шылым шегудің алдын алу үшін ұйымдастырылған аталмыш шарада студенттер назарына шылымның зиянын баяндайтын бейне роликтер ұсынылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары жас өспірімдердің шылым шегуді қандай себептерден бастайтынын анықтады. Жас жеткіншектердің 35%- жай қызық үшін, 25%-ересек өмірдің белгісі ретінде, 21,5%-барлығы сияқты болу үшін, 11%-ойын ретінде, 0,5%-атақты адамдарға елік-теу, 10%- ересек адамдарға қарсы әрекет көрсету үшін темекіні пайдалана бастайды екен. Облыстық наркологиялық диспансердің маманы Татьяна Чевненконың айтуынша, жеткіншек кезінде шылым шегуді бастаса, кейін осы жаман әдетті қою қиынға соғады. Себебі, психологиялық тұрғыдан жас кезінде үйренген әдеттерден арылу оңай емес екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша өкпе рагы 90%,созылмалы бронхитқа шылдыққандардың 75% және жүректің ишемиялық ауруымен ауыратындардың 25 % кеселдері шылым шегумен байланысты екен. Шылым шегу – жаһандық проблема. Ресми деректерде бүкіл әлемде 1 миллиард ерлер мен 250 миллион әйелдер темекі тартады деп жазылған. Оның ішінде қазіргі уақытта темекіге тәуелді болған жастардың саны күн сайн өсіп келеді. Статистика бойынша әлемде күнде 82 мыңнан 99 мың жастар темекі тартуды бастайды екен. Олардың ішінде 10 жасқа жетпеген балалар көп екен. Болжам бойынша алдағы 25 жылда темекіге тәуелділер саны дүниежүзі бойынша 1,6 миллиардқа өседі. Шылым шегуден бас тарту халықаралық күні Американдық онкологиялық қоғаммен 1977 жылы бекітілсе, 1988 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен аталып келеді.

Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi шегеді. 4 миллионның 600 мыңнан астамы қыз-келiншек болса, 120 мыңы - 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Отандастарымыздың басым бөлiгi 20-ға толмай жатып, шылымның «дәмiн» татады екен. Сорақысы сол, елiмiзде жылына - 25 мың, күн сайын 70 пенде темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттерден көз жұматын көрiнедi. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпе рагы ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артып, ал бүйрек дертіне 5 есе көп шалдығады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тағы бір мәліметінде Қазақстанда 12 жастан асқан бойжеткендердің 9,8% темекімен әуестенсе, 20 мен 50 жас аралығындағы әйелдер арасында никотинге мүл-дем тәуелділер көп екен.

Шылым көпшілік ойлағандай, суықта жылытпайды, мидың жұмысына серпіліс әкелмейді. Керісінше, адамды ұзаққа созылатын тәуелділікке душар етеді. Әсер ету күші жағынан ішімдік пен есірткіден әлсіздеу болса да, тигізетін зияны асып артылады десек те қате болмас. Өйткені темекі түтіні адамның барлық мүшелеріне, әсіресе тыныс жолдарына қауіпті әсер етеді. Қазіргі таңда ауаның құрамында оттегінің кемуіне және көміртегінің артуына қатысты (оған темекі түтіні мен автомобиль газын қосыңыз) мәселені есепке алсақ, тыныс жолдарын зақымдайтын аурулардың артқандығы жайлы белгілі болды. Қасиетті Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!», «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!» делінеді. Ал шылым шегетін адам –денсаулығына зиян тигізіп, өз қолымен өзін қатерге итермелейді, әрі өз-өзін «баяу өлтіреді» .

Шылым шегуден бас тарту халықаралық күні 17-қараша болса, 16-қараша Созылмалы өкпе ауруының бүкіләлемдік күні болып саналады. Статистикалық мәліметтер бұл дертпен дүниежүзінде 600 миллион адам ауыратынын, жылына 2 миллион 500 мыңнан астам адам көз жұматынын алға тартады.

Шылым шегуден пайда болатын аурулар:

•Асқа деген тәбетті қайтарады.

•Ас қорытуды қиындатады.

•Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.

•Асқазанда жара пайда болады.

•Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.

•Жөтел және қақырық пайда болады.

•Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.

•Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

•Тамырды қатайтады (атересклероз).

•Қол - аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол - аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.

•Ми қызметін реттейтін тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.

•Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.

•Есте сақтау қабілетін азайтады.

•Көңілсіздікке душар етеді.

•Ұйқыны азайтады.

•Теріге әжім түсіреді.

•Ер - әйелдің жақындасуына еңжарлықтың басты себебінің бірі.

Автор:
Мадина ОМАРҚҰЛОВА, madina.omarkulova@gmail.com