Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

6 қараша – Құрбан айттың алғашқы күнi ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


4 ноября 2011, 07:59 | 1 660 просмотров



«Мiне, барша мұсылман сағына күтетiн Құрбан айт мерекесiне де жеттiк. Алла қаласа, 6 қарашадан бастап, шамасы келген әр мұсылман Алла разылығы үшiн құрбан шалып, дiнiне, иманына адалдығы мен шынайы ықыласын бiлдiредi. Сол арқылы Жаратушы иемiздiң құзырында өзiне лайық дәрежеге қол жеткiзедi. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәрiптерiнiң бiрiнде: “Адам баласы құрбан айт күнiнде (құрбан шалып) қанағызудан да сүйiктi ешбiр iспен Алла Тағалаға жақындаған емес” деп бұл құлшылықтың мәнiн түсiндiрген. Сондай-ақ тағы бiр хадисiнде: “Кiмде-кiм мүмкiншiлiгi бола тұра құрбан шалмаса, бiздiң намаз оқитын жерiмiзге жақындамасын!” – деп ескерту жасағаны да бар.

Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бiрiншi күнi Айт намазынан кейiн басталып, айттық үшiншi күнi Ақшамға аз уақыт қалғанға дейiн жалғасады. Үзiрсе бептерге байланысты Құрбан айт намазына бара алмай қал-ған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейiн құрбанын шала беруiне болады.

Құрбан айты – барша мұсылмандар үшiн үлкен мереке. Оның тарихы сонау Ибраһим Пайғамбардан бастау алады. Содан берi ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса келiп, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) өмiр сүрген алтын ғасырда мұсылмандардың Қиямет күнiне дейiн атап өтетiн ең ұлық екi мерекенiң бiрiне айналды. Әр жыл сайын жер бетiндегi бүкiл мұсылман жұртшылығы осы Құрбан айт мейрамын ерекше көңiлмен мерекелеп келедi.

Қазақ даласында да бұл мейрамның орны ерекше. Мейрамға бiр-екi апта қалғаннан бастап, бүкiл ауыл жұртшылығы осы мейрамды өз деңгейiнде атап өтудiң қам-қарекетiне кiрiседi. Арапа күнi, яғни айттан бiр күн бұрын ауыл өмiрi тiптi қарбалас. Айттап келгендердiң алдына жаю үшiн сан түрлi дәмдi тағамдарға толы мол дастарқанның қызу дайындығы жүредi. Бұл бүгiнге дейiн үзiлмей жалғасын тауып отырған үрдiс.

Ендiгi кезекте Қазақстанның бүкiл қалалары, аудандары, өңiрлерi мен шағын ауыл-аймақтарына дейiн осы айт мерекесiнiң ерекеше көңiл күйiн қалыптастырып, ұлттық, бүкiл халықтық деңгейге көтеруiмiз қажет. Жағдайы жеткендердiң бәрi құрбан шалса, оның етi тұрмысы төмендерге таратылса, халқымыз арасында ауызбiршiлiк пен сыйластық та артқан үстiне арта бередi. Айт келгенде әр отбасында қуанбайтын, шаттанбайтын кiсi қалмауы ләзiм. Бесiктегi баладан төрдегi ересектерге дейiн барша отандас-тарымызды айт мейрамын жыл сайын сағына күтетiн деңгейге жеткiзуге тиiспiз. Балаларға арнайы ойыншықтар мен сыйлықтар таратуды ұйымдастырсақ, бұл мереке олардың да сағына күтетiн мейрамына айналары анық. Жақын-жұраттарымызға да сый-сияпат, тарту-таралғыны дәл осы айт күндерiнде көбiрек жасауды әдетiмiзге айналдырған дұрыс. Сонда жердегiлер осындай иләһи мерекенi тойлап, мәз-мәйрам болып жатқанда, көктегi перiштелер де мұсылман жұртшылығының бiрлiк-ынтымағына тiлектес болатыны сөзсiз.

Мешiттерде Айт намазын оқып шыққан соң, үй-үйлердi аралап, жақсы-жақсы имани әңгiмелер айтып, марқұмдарға Құран бағыштау да – сауапты iс.

Сөз соңында ел-жұртыма тiлерiм, баршамыздың шалған құрбандықтарымызды Алла тағала қабыл етсiн! Өзiнiң шексiз мейiрiмiмен сансыз мол сауаптардан жазғай! Елiмiздi әрдайым бiрлiк-ынтымақтан айырмасын! Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығы да құтты да баянды, мәңгiлiк болсын! Әмин!».

Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесiнiң төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербiсәлi елi.