Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстанда АҚТҚ-жұқпасымен 17266 адам тіркелді


28 октября 2011, 07:53 | 2 431 просмотр



Қазанның 25-де облыстық Санитарлық Эпидемиологиялық Қадағалау департаменті мамандары және ЖИТС-тің алдын алу және күрес орталығының қызметкерлері орта және шағын бизнес өкілдеріне семинар өткізді. 1-желтоқсанда аталып өтетін дүниежүзілік АҚТҚ-жұқпасымен күрес күнінің қарсаңына байланысты өткізілген шара «Жүре пайда болған қорғаныш тапшылығы жұқпасының эпидемиологиялық ахуалы, оның алдын алу және адам қорғаныш тапшылығы қоздырғышы жұқпасының бизнеске іскерлік әсері, вирустық гепатит В бойынша эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында болды.

Семнардың мақсаты шағын және орта бизнес өкілдері, оның ішінде жеке меншік тіс емханалары мен шаштараз қызметкерлеріне АҚТҚ-жұқпасының қатері туралы түсіндіру. АҚТҚ-жұқпасына шалдыққан адамдарды сау адамдардан сыртқы келбетіне қарай айыру мүмкін емес. Сол себептен орта және шағын бизнес өкілдеріне гигиеналық шараларды дұрыс сақтаудың маңызы негізгі тақырып болды. Семинарға қатысқандарға АҚТҚ-жұқпасына экспресс тестілеу өткізілді. Тексеруден өткен адамдардың барлығында да АҚТҚ-жұқпасы анықталған жоқ. Алайда осындай тексеруден кез-келген адамға жыл сайын өтіп тұрған дұрыс.

Сонымен бірге вирустық гепатит В жұқпасының мәселесі де өте өзекті мәселе. Себебі бұл жұқпа да АҚТҚ-жұқпасы тәрізді парентеральды жолмен жұғады. Яғни, жұқпаның сұлулық салондарында әр түрлі косметикалық манипуляциялар жасау барысында жұғу қаупі бар. Семинарға қатысушыларға осы мәселелерді негізге алған жөн болады. Алматы облысы бойынша вирустық В және С гепатиттеріне скиринг зерттеулер өткізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша оң нәтижемен 1456 анықталса, оның ішінде В түрімен-805, С түрімен 654.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2010-2011 жылдар аралығындағы есебі бойынша 139 мемлекеттің ішінде «АҚТҚ-жұқпасының таралуы» бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі (БЖИ) бойынша Қазақстан 22 орында болса, «АҚТҚ-жұқпасының бизнеске іскерлік әсері» БЖИ көрсеткіші бойынша 86 орынға ие болған.

Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастал-ған бұл індет 20 миллионнан астам адамның өмірін қиды. ЖИТС (СПИД) мәселесі тек медициналық проблема болып қана қоймай адамзат қызметінің барлық түрлеріне енеді. АҚТҚ жұқпасы эпидемиясының әсері біздің елге де тиді. Биылғы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы бойынша АҚТҚ-жұқпасымен 17266 адам тіркелді, оның ішінде 1181 жағдай Алматы облысы бойынша анықталды. АҚТҚ-жұқпасы Қаратал, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларында көбірек тіркелді. Негізнен осы дертке 20-39 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар шалдыққан екен.

Автор:
Мадина ОМАРҚҰЛОВА