Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ТҰРМЫСТЫҚ» РАДИАЦИЯ ҚАЙДА ЖАСЫРЫНАДЫ?


28 октября 2011, 07:58 | 2 751 просмотр



Жасыратыны жоқ, біз үйіміздегі «тұр-мыстық» радиация дегенге көп мән бере бермейміз. Бүгінде «электронды ласты» кез-келген жерде кездестіреміз. Электронды техникасыз қазіргі үйді көз алдыңызға елестету мүл-дем қиын дер едік. Бірақ, соның көп-тігіне қарамастан біз өз денсаулығымыз жайын ойлауды ысырып тастаған сияқтымыз.

ХХІ-ғасыр күнделікті тыныс-тіршілікті жеңілдету үшін адамзатқа жоғары инновациялық технологиялар ғана емес, сондай-ақ денсаулыққа зиянды және қауіпті дүниелерді сыйға тартты. Бірақ, адамның көңіл-күйі неден төмендейді деген сауалға ешкім жауап іздеген жоқ. Дүкеннен су жаңа теледидар, қысқатолқынды пеш, немесе тоңазытқыш аларда аталған заттар қаншалықты қауіпті екенін естен шығаратынымыз бар.

- Кез-келген қондырғы не агрегат электромагнитті толқындар шығарады. Бұл адам ағзасына өте қауіпті,-деген тұжырым жасайды дәрігер-радиолог Ирина Чекашина.

Сарапшының пікірінше, радиациялық ластың ошағы аса қауіпті, сондығымен ол кез-келген жерде пайда бола алатын көрінеді. Жедел таралу арқылы және адам ағзасына зиянын тигізе отырып, адамның қорғаныс иммунитетін төмендетеді, адам жұқпалы аурулар алдында тәулсіз болады, сондай-ақ созылмалы аурулар асқынатын көрінеді. Электромагнитті тол-қындар эндокринді және жүйке жүйесі қызметін әлсіретіпі жүрек-қан тамыр жұмысына да кері әсерін тигізеді. Бұл сарапшының пікірі.

Қауіптіліктің екі негізгі факторы бар. Біріншісі таралу көлемі болса, екіншісі адамның сол аймақтағы болу жиілігі. Бірақ, қорқатын ештеңе жоқ. Барлық тұрмыстық техника қауіпті деуден аулақпыз. Ең бастысы-оларды дұрыс қолдана білу қажет.

Электормагнитті толқындардың адам организміне тигізер әсерін зерттеуші ғалымдар біздің денсаулығымызға аса қатты зиян тигізетін зат теледидар дейді. Әлбетте, ол тоқтаусыз бірнеше сағат бойы жұмыс жасап тұрса ғана. Екінші орында-компьютер. Ол жоғары интенсивті электромагнитті толқындар таратады екен. Айтпақшы, теледидар мен компьютер жүйелік фильтрмен, бұлардың қызметін қамтамасыз етуші басқа қажеттермен жабдықталған. Сондықтан да бұларда электромагниттік толқындардың тығыздығы аса басым. Үшінші орында ұялы телефон. Оның қызметі біздің миымызға қатты әсер етеді. Бұл да маманның пікірі. Дәрігер-радиолог төртінші орынды тоңа-зытқышқа беріпті. Оның пайымдауынша тәулік бойы, біріқ үзіліспен жұмыс жасайтын ол да азды-көпті зиянды. Электрлі жылытқыш заттарды көп қолданған да зиян.

Маманның айтуынша іргесі кірпіштен көтеріліп, іші гипсокартонмен салынған үйлерден гөрі арматуралы темірбетон үйлер сырттан келетін электромагнитті толқындардан жақсы қорғайды. Тұрғын үйіңіз жоғары кернеулі элетрлі желілер өтетін жерден аулақ болса тіптен жақсы.

ЭЛЕКТРТҰМШАЛАРЫНАН ҚАЛАЙ

САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

Электр қордырғыларын асхана, демалыс бөлме, жатын орыннан шамамен 1,5 метр қашықтықта орналастыруға тырысыңыз. Электртұмшалардан қорғалатын жер ол-жатын бөлме. Бұл бөлмеге теледидар, компьютер, басқа да қондырғыларды орналастырмаған дұрыс. Барлық электқондырғылар оның қызметін қамтамасыз етуші құралдарға дұрыс қосы-луын жіті қадағалаңыз. Ұялы телефонмен де көп сөйлескен зиян.

Қалай дегенмен де «сақтанғанды ғана сақтайды, Жарат-қан». Сондықтан да электрлі құралдарды дұрыс таңдап, оны сауатты пайдалана білсек, өзімізді де өзгені де қорғай аламыз.

Автор:
Ырысбай КЕНЖАБАЙҰЛЫ, irrys.@mail.ru