28 октября 2011, 08:00 | 1 981 просмотр
2011 жылдың 26–27 қазанында Мәскеу қаласында Еуропалық кеңестің жалған медицина өнімдерін жасау және халық денсаулығына қауіп төндіретін осы іспеттес қылмыстар (MEDICRIME Конвенциясы) бойынша конвенциясына қол қойылуының ашылу мерзіміне орайластырылған жоғары деңгейдегі Халықаралық Конференция етті.
MEDICRIME Конвенциясы жалған медицина өнімдерін жасау және осы іспеттес қылмыстар үшін қылмыстық жауапкер-шілік белгілейтін алғашқы Халықаралық келісім болды. Бұдан басқа, Конвенция медицина өнімдеріне қатысты сапа және қауіпсіздік талаптарын енгізумен қоса алдын алу шараларын, сонымен қатар өткізу үдерісінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпарат алмасуын, сауда желілерін қадағалауды қарастырылды. MEDICRIME Конвенциясы жәбірленушілердің құқықтары, оның ішінде құқық бұзған тұлғалардың тарапынан оларға өтемақы төлеу құқығы бойынша шаралар қабылдауды ұсынды. Конвенция ұлттық және халықаралық деңгейде мемлекеттік басқарудың түрлі секторлары арасындағы өзара іс-қимыл-ға негіз болады.
Жалған медицина өнімдерін жасау қоғамдық денсаулық сақтаудың өршіп келе жатқан проблемасы болып табылады және бүкіл әлемдегі миллиондаған пациенттердің денсаулығына қауіп төндіреді. 2010 жылғы халықаралық сарапшылардың бағалауына сәйкес әлемде жалған медицина өнімдерінің айналымы 825 млрд. АҚШ долларын құрады. Жасанды медицина өнімінен түсімді және жедел серпін алған сауда қазақстандық фармацевтика нарығына да аса қауіпті.
Бүгінгі күні қолданылып отырған механизмнің тұтынушы мүдделерін жалған дәрілік заттар айналысынан келтірілген зияннан қорғау үшін жеткіліксіздігін ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Еуропалық кеңестің мүшесі болып табылатын елдер тобының құрамында халықаралық Конвенцияға қосылу жөнінде шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасының MEDICRIME Конвенциясына қосылуы жалған медициналық өнім айналысына жауапкершілік шараларын нығайтуды қамтамасыз етеді және олармен күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.