Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«2010 жылдан бастап банк пайдалы қызметке көшуі тиіс»


29 октября 2009, 22:24 | 1 947 просмотров


БТА Банктің Басқармасының төрағасы Әнуар Сайденов:

Жарты жылдан астам уақыт ұдайы келісім сөздер мен консултациялардан кейін БТА Банк өзінің халықаралық кредиторларымен өара түсіністік келісіміне қол қойды және оны Қаржылық қадағалау жөніндегі агентікке ұсынды. Банк пен кредиторлар көзқарасында әлі де болса айырмашылықтар бар екеніне қарамастан, БТА Банк таяу уақытта дағдарысқа қарсы негізгі іс-шараларды аяқтап, өз ұстанымдарын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша жасалған жұмыстар БТА Банкке Қазақстан бойынша алғашқылардың бірі болу ғана емес, сонымен қатар ТМД-да да экономикалық дағдарыстың жағымсыз салдарларын еңсеріп, құлдыраудан біртіндеп шыға бастаған нарықпен бірге өсуіне мүмкіндік береді.

Қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстардың мәмілеге келуден кейінгі сатысы келісімге қол қою болып табылады. Онда БТА –ның кредиторлар алдындағы міндеттерін қайта құрылымдауды жүзеге асыру жөніндегі нақты шарттар баяндалады және бекітіледі.

Егер қол қойылған Меморандум туралы толық айтатын болсақ, оның шарттарына сәйкес БТА Банкі мен Кредиторлар Комитеті қайта құрылымдаудың келісілген шарттарына қол жеткізу мақсатымен ынтымақтаса жұмыс істеуді жалғастыруға өз келісімдерін берді. Қайта құрылымдаудың несиелік активтер бойынша провизияға қатысты шарттары (ағылшынша due diligence) KРМG (БТА Банктің мүддесін қорғайтын) және Deloitte-нің (Кредиторлар Комитетінің мүддесін қорғайтын) тиісті адалдықтарды тексеру деп аталатын әрекеттерінің нәтижелеріне негізделеді. Өзара түсіністік жөніндегі Меморандум несиегерлерге ешқандай құқықтық міндеттер жүктемейді. Қайта құрылымдау алдын ала келісілген белгілі бір шарттардың орындалуы барысында жүзеге асады.

БАҚ-та алдын-ала хабарланғанындай өзара түсіністік жөніндегі Меморандум 2009 жылдың 14-і мен 17-нші қыркүйегі аралығында Лондонда өткен БТА Банкі кеңесшілері мен Кредиторлар Комитетінің кеңесінде әзірленді.

БТА шетелдік кредиторларына қайта құрылымдаудың бірнеше нұсқаларын ұсынды. 1) 82.25% дисконтымен өзінің борыштық міндеттемелерін ең жоғары қаржылық мөлшерде, яғни,1 млрд. АҚШ долларына сатып алуы.

2) 60% дисконтымен міндеттемелер мерзімін орташа мерзімдік кезеңге ұзартуы;

3) 2-ші деңгейлі капиталда ескерілетін борыш мерзімін реттемелі ұзақ мерзімге ұзарту;

4) 80% дисконтымен борышты акцияларға айырбастау

Кредиторлар комитеті келіссөздердің барысында борышты қайтақұрылымдаудың баламалы жоспарын ұсынды.Бұл жоспарға сәйкес:

1) Ересек қарыз, Қазақстан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат мемлекеттік қорының ( банктің негізгі акционері, 75,1% акциясын ұстаушысы) алдындағы 8,958 млрд доллар мөлшердегі қарызды есепке алмағанда, қайта құрылымдаудың үш түрлі тәсілі ұсынылады:

-бірінші, 1 млрд доллар көлемінде ақшалай қаржы төлеуді алдын ала көздейді. Ставкасы номиналды жиынтық мөлшері 3,759 млрд. жаңа дисконттық қарыздық құралдарды алдын ала қарастырады, Жаңа несиелік қарыз қағаздардың айналым мерзімі екі жылдық жеңілдік кезеңі бар жеті жылды құрайды.Купон жарты жылдық болуы мүмкін., оның ставкасы 10% көлемінде белгіленеді.Бұл сұлба бойынша 86,6% кредиторлар қатыса алады. Сонымен қатар бірінші вариант equity и recovery notes шығарылымын алдын-ала көздейді (бұл активтердің қайтару жөніндегі облигациялары, яғни, бағалы қағаздардың негізінде кредиторлар банктің қайтарылған ақшаларымен келген табысының бір бөлігін алатын құнды қағаздар).

- Екінші вариант экспорттық несиелік агенттіктер мен өзге де мемлекеттік кредиторлар алдындағы қарызды бастапқы дисконтты ескере отырып 651 млн. доллар мөлшеріндегі құрал шығару түрінде қайта құрылымдауды көздейді. Бұл құрал бойынша барлық ортақ жиынтық мөлшер 1,2 миллиардты құрайды. Кредиторлар сондай-ақ айналымдық мерзімі ­­­- 3 жыл болып табылатын жаңа дисконттық облигациялар шығаруды ұсынады. Жарты жылдық төлемдердің бірлігі жылдық төлемдердің 3,6%-ын құрайды. Бағаланатын қатысуды кредиторлардың 13,4%-ы құрайды. Екінші вариант та сол секілді активтердің жасына қарай облигациялар шығаруды көздейді.

Бұл вариант экспорттық несиелік агенттіктер және өзге де мемлекеттік ресми кредиторлар үшін, мерзімі үш жылдан асатын несиелер үшін қызмет етеді.

экспорттық несиелік агенттіктердің қатысуынсыз берілетін сауда-саттық

қаржыландыруын бөлшекті түрде қайта құрылымдау ұсынылады. Ішінара алғанда, 1 млрд доллардың орны екі жыл мерзімге жаңа револьверлік (жаңартпалы) сауда-саттық қаржыландыруын ұсыну арқылы толтырылатын болады, ол қаржыға БТА Банк белгілі бір шарттарды орындау арқылы қол жеткізеді. Бұл тәсілді пайдаланған кредиторлар equity мен recovery notes алмайды. Экспорттық несиелік агенттіктердің қатысуынсыз сауда-саттық қаржыландыруын ұсынған Кредиторлар Қазақстанның биліктерімен «Самұрық Қазынаның » немесе Үкіметтің жаңа сауда-саттық қаржыландыру бойынша кепілдіктің мүмкіндігін талқылайды.

2) 1,3 млрд доллар мөлшеріндегі ішкі және халықаралық несие алушылардан тұратын кіші қарызды 70 %-дық дисконттен ақшаға айналдыру көзделеді. Кредиторларға сол секілді recovery notes ұсынылады.

Банк басқармасының төрағасы Әнуар Сайденов атап көрсеткеніндей, банкті бұл іс-шара нәтижесінде қайта капиталдандыру үшін қажет қаржы мөлшері 12,5 млрд АҚШ долларын құрайды. Кредиторлар ұсынған опцияны қабылдаған жағдайда ол 9,2 млрд долларды құрайды.

Қазіргі кезеңде БТА қайта құрылымдауға барар жолдың тек жартысын ғана еңсерді деп айтуға болады, ол үдеріс алдағы уақытта кем дегенде, бірнеше айды алады.

Банк өзінің күнделікті қызметі барысында қорланудың қандай көздеріне әзірше арқа сүйейді деген сұрақ туындайды. БТА басқармасының төрағасы мәлімдегеніндей, банкінің ағымдық қызмет деңгейінде ұстанатын өзінің өтімділігі бар. «Біз бұл қайнар көзді пайдалануды жоспарлап отырмыз. Екінші, қайта құрылымдаудың негізінде жатқан біздің бизнес – жоспарымыз бойынша 2010 жылдан бастап банк табысты қызметке көшуі тиіс. Бұл қаржы жоспар арналып жасалған кезең ішінде – 2014 жылға дейін қуаттайтын болады. Бізге ешқандай қосымша ресурстардың қажеті болмайды» деген нық сенімге ие ол.

Тұтастай алғанда, БТА-ның 2014 жылға дейін есептелген бизнес-жоспары ұйым қызметіндегі түбірлі өзгерістерді көздейді. Ішінара алғанда, жаңа топ-менеджмент бұрындары орын алғанындай зор қауіп-қатерлерге толы инвестицияларға негізделген бей-берект өсуді емес, тұрақты табысты мақсат тұтады. Банк жұмыс стратегиясын бизнестің барлық бағыттары бойынша өзгертеді. Мысалы, банк қазір өз күштерін отандық нарыққа шоғырландыруда.Банк несиелерінің портфелі әртараптандырылып өзгерді. Тәуекелдерді бағалаудың амалы да өзгерді – БТА консервативті (сақтанымпаз) банк.

БТА қайта құрылымдау рәсімін жүзеге асырумен бір мезгіл ішінде Ресейдің Сбербанкімен ықтимал стратегиялық инвестор ретінде келіссөздер жүргізуді жалғастыруда. Дегенмен, үлесті сату БТА қарыздарының проблемаларын реттеген соң ғана жүзеге асуы мүмкін. Әзірше Сбербанк Қазақстандық банктің қаржылық жағдайымен егжей-тегжейлі зерттеуді жалғастыруда. Ресейдің аса ірі банкінің басқарма төрағасының орынбасары Антон Карамзин мәлімдегеніндей, БТА Банк жөніндегі шешім 2009 жылғы қарашада қабылдануы мүмкін.

Для контактов:

Адиль Досымов, пресс-секретарь АО «БТА Банк»

8 (727) 266-47-97 e-mail: dosymov@bta.kz