Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ас адамның арқауы немесе «фастфуд дәуірінің балалары»


29 октября 2009, 22:16 | 3 794 просмотра



Қазір дүниежүзінде 177 миллион бала семіздіктің зардабын тартып келеді екен. Оның ішінде 22 миллионы 5 жасқа дейінгі балалар. Ал бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, әлемде 155 миллион салмағы артық балалар бар екен. Оның ішінде 45 миллионы 5 пен 17 жас аралығындағылар. Мұның қауіпті жағы сол, сәбилер арасында семіздік салдарынан жүрек-қантамы рлары мен диабет ауруына шалдыққандар да күрт көбейген. Оның ішінде біздің елдің де мыңдаған бүлдіршіні бар. Өкініштісі сол, біздің елде әлі күнге дейін балалар арасындағы семіздік пен оның қауіпті салдарына әзірше тиісті дәрежеде назар аударылмай келеді.

Семіздік – белең алып бара жатқан қауіпті әрі құрықтауға көнбей тұрған аурудың бірі болып тұр. Бүгінде аузын айға білеген Жапония, Қытай мен АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттердің өзінде ересектерді былай қой-

ғанда, жас балалардың өзі осы ауруға жиі шалдығып жатыр . Ұлыбританияда сәбилердің 30 пайыздан астамы семіздіктен зардап шегеді. Ал Швецияда соңғы 20 жылдың ішінде 20 жасқа дейінгі жастар мен балалар арасында артық салмақтық барлардың саны 6 есе өскен. 2050 жылдары аталған елдерде балалардың тең жартысы семіздікке шалдығуы мүмкін деген болжам айтылады. Сондықтан семіздік Еуропа елдері үшін алаңдатарлықтай дәрежеге жетті. Олар бұл аурумен күресті 2006 жылы бастаған.

Осы мәселені назарға алып, әлемнің 11 елінде зерттеу жұмыстарын жүргізген Австралия маманы Бриджет Келли «Семіздікті қалай тоқтатуға болады?» деген кітап жазыпты. Онда Бриджет Келли ең бірінші теледидар жарнамаларын сынға алған. Одан кейін жарнамаға сеніп балаларына зиянды нәрсені әперетін ата-аналарды сауатсыз деп жазғырады. Өйткені бой бермей бара жатқан семіздік нақ осы себептерден азаймай отырған көрінеді.

Маманның зерттеуіне қарағанда, семіздікті арттыратын тағамдар жоғарыда аталған елдер нарығының 90 пайызын құрайды екен. Сондықтан Келли жоғары калориялы тағамдардың жарнамасын тез арада шектеу жөнінде ұсыныс айтып отыр. «Сәбилер жылына телеарналардан шамамен 4-6 мың аралығында жарнамалық роликтер көреді, оның ішінде 2 мыңнан астамы денсаулыққа зиянды тағамдар», – дейді ол.

Бұл проблеманың басты себебі ,әрине дұрыс тамақтанбауда. Ас адамның арқауы деген нақыл сөз бекерден бекер айтылмаған шығар. Қазіргі жас өспірімдер мен балалар ыстық тамақ жемей, «фастфудты» азық етуге құмар. Әрине, бұндай тағамдар тез арада семіру, іштің қатуы және асқазан ауруларына шалдығуға әкеп соғады. Бүкіл әлем балаларының құмарлана жейтін гамбургер,чизбургер және «картофель фри» деген тамақтарының денсаулыққа деген зияны осындай. Ал тәтті сусындардың зияны қандай? Әңгіме тамақты тез қортуға көмектеседі деп сылтауратып кішкентай балалр ғана емес үлкендерде ішетін «Кока-кола», «Пепси» туралы болмақ.. XIX ғасырдың аяғында «Кока-кола» құрамында кокаины бар дәрі ретінде патенттелген. Дәріханаларда бұл дәрілік сусынды морфии мен басқа есірткелік заттарды қолданатын адамдарға берген. Ол есірткінің күшін басатын дәрі ретінде (есірткі орнына) қолданыл-

ған. Әрине, қазіргі газдалған тәтті сусындардың құрамы өзгергенмен, денсаулыққа қауіпсіз деп айтуға болмайды. Бір стақан тәтті сусынның қанты шамамамен он қасық қантқа тең келеді. Он қасық қант қосылған сусын ішу адамда жүрегі айныту және құсу рефлексін тудыратын көрінеді. Өнім шығарушылар жоғарыда айтылған рефлексті болдырма ушін арнайы ерітіндеге ортофосфор қышқылын қосады екен. Міне, осындай ерітінді «коко–кола» мен «пепси» құрамында бар.Қантты мөлшерден тыс қолдану балаларда бауыр мен асқазан ауруларын тудырады.

Ғалымдардың зертеуінің нәтижесіне сүйенсек балалар семіздігіне әкеп соқтыратын мынадай себептер екен:

1. Артық салмақпен туылу.

2. Ата-аналарында бар семіздік.

3. 10 сағаттан артық ұйықтау.

4. Үш жасқа дейін салмақтың артық болуы.

5. Мектеп жасына жетпей тері астында майдың пайда болуы.

6. Теледидар алдында тапжылмай отырып тамақ жеу.

Соңғы, алтыншы себепке ерекше тоқталуға тура келіп отыр. Себебі қазақ баласының семіздігі көбіне нақ осы алтыншы себептен туындап отырған сыңай­лы. Мынаны қараңыз: өткен ғасырдың 90-шы жылдарында 2-4 жастағы сә­билер арасында артық салмақ барлық баланың 17 пайыздайын ғана құраса, соңғы жылдары ол екі есеге көбейіп кетіпті. Ма­мандардың айтуынша, теледидар көріп отырып тамақ жеу баланың тәбетін арттырады екен. Теледидар көріп отырып тойғанын білмей тамақ жей беру бала үшін осылай біртіндеп әдетке айналады да, оның ағзасында өзгерістер пайда бола бастайды. Ал қазіргі қазақи отбасыларда баланы алдансын деп теледидар немесе DVD-ға телміртіп қою сәнге айналып барады.Өйткені бүгінгі ата-ананың уақыты аз. Ал сәбилердің сүйіп көретін мультфильмдеріндегі кейіп­керлер де әлгі тәтті, бірақ зиян тағамдар­ды елеусіз түрде жарнамалайды. Мұндай көріністер тым көбейіп барады.

Жуырда америкалық ғалымдар назар аударарлық мәліметтерді жариялады: қазір төрткүл дүниенің 800 миллионға жуық тұрғыны ашаршылыққа жетіпті. Ойланатын жағдай. Бұл құбылыс Еуропада өткен ғасыр соңында-ақ басталған. Ал қорқыныштысы, ол енді Азия аумағына қарай ауа бастады. жағдайын­да өмір сүріп жатса, ал керісінше семіздердің саны 1 миллиард.

Бұрын бұл көрсеткіш рейтингісінде америкалық балалар алдыңғы орында болатын. Қазір Оңтүстік және Солтүстік Еуропада балалардың 15-30, ал Оңтүстік Африкадағы мектеп жасындағы сәбилердің 25 пайызы тым томпақ екен. Көрші Ресейде де соңғы жылдары томпиған балалардың саны екі есеге көбейген. Ал орташа салмақ 2 келіге артқан. Ал Қазақстандағы нақты деректі анықтау мүмкін болмады. Өйткені ресми мәлімет алу қиындау және өте көп уақытты талап етеді. Интернет беттерінен қазақстандық балалар туралы мұндай мәлімет табу қиын.

Семіздіктің болашағымызға шабылған балта екенін ұққан шетелдіктер қазір теледидарға берілетін жарнамаларды мұқият тексеріп, сүзгіден өткізуді қолға алды. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға бел буған олар тәтті әрі жасанды тамақтардың жарнамасын барынша қысқартып тастады. Тіпті онда мектептерде мұндай тағамдардың сатылуына түбегейлі тыйым салынған.

Ал бізде ше? Теледидарды қосып көріңіз. Басы қарныңды аштырмайтын «Сникерстен» басталып, соңы әдемі суреттер мен құрастырмалы пластмасс ойын­шықтармен алдайтын сағыз, «витамин-сымақ», шоколад дегеніңізден көз аша алмайсыз. Ал балалар бұрынғыдай көкке аунап, асыр салмайды. Олар теледидарға телміреді. Уақыты тығыз ата-ана үшін осы орынды әрі ыңғайлы: соңынан іздеп, не алаңдап әуре болмады. Көз алдыңда оған қоса қарны тоқ. Әрі топ-томпақ...

«Семіз» бабалар кішкентай кездерінен-ақ жүрек –қантамыр ауруына , жоғары қан қысымы және қан құрамында холестерол мөлшерінің жоғары болуна шалдығады. Осындай балалар кейін артық салмақтан оңайлықпен арыла қоймас. Тоғыз жасында артық салмағы болған баланың алдында он бір жасында да осы проблема тұрады. Ал бұл балалар есейген кезінде де артық салмақтан арыла алмауы мүмкін екендігін білдіреді.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА