Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНА: ГОСПИТАЛЬДАУ БЮРОСЫ


23 сентября 2011, 07:41 | 1 939 просмотров



Қазақстанда 2010 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында бүкіл жүйенің өзгеруіне алып келетін реформа басталды. Бұл реформаның атауы – Денсаулық сақтау саласының біртұтас ұлттық жүйесі.

Сонымен, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ДБҰЖ қабылдау аясында Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің қалауы бойынша кез келген стационарда тегін көмек алатыны туралы айтылған. Бұл ТМККК – Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында жүзеге асырылуда. Ол үшін науқас бірінше кезекте профилі мен бағытын ескере отырып, өзіне қажетті стационарға келіп, ауруханаға жатқызылады. Науқастың сауығу фактісіне байланысты мемлекет ауруханаға нақты бір науқасты емдеуге кеткен шығын сомасын қайтарады.

Қазақстандық дәрігерлердің бүгінгі күнге дейін жедел ақпаратпен жұмыс жасап үйренбегенін мойындаймыз. Емхана науқасты стационарлық ем алуға бағыттай отырып, белгілі бір ақпаратты беру керек: науқастың коды, диагнозы, бөлімі. Мұның барлығы науқастың қажетті емін алу үшін керек. Алғашқыда деректерді беру телефон қоңыраулары арқылы жүргізілді, оның соңы ұғынықсыз жайттарға ұласып кеткен.

Жүйе жаңа, оған ұқсас жүйе біздің елімізде жоқ, сондықтан осындай проблемалардың туындауы қисынды, әрі күтілген жайт болатын. Оның да шешімі табылды.

Бірақ бұл жерде де дереу шешімін табу керек болатын мәселелер пайда болды. Енді науқасты емханадан, стационардан госпитальдауға қатысты телефон қоңыраулары Госпитальдау бюросына келіп тірелді. Оның үстіне, Бюро үшін келген деректердің дұрыстығын анықтау қиын болды. Емхана құжаттарды Бюроға ұсынған кезде кодты қате жазып қоюы да мүмкін болды, ал код бойынша дәрігерлер науқастың диагнозын жазады. Диагноздың сәйкессіздігінен стационар нау-қасты қабылдай алмайды. Жаңа ақпаратты өңдей алатын құралды жасау қажеттілігі туындады.

Дұрысында емхана, стационар және госпитальдау бюросы төмендегідей болуы керек:

1. Емхана Госпитальдау бюросына кодты алу үшін сұраныс жібереді

2. Бюро кодты жасап, оны емханаға жібереді;

3. Емхана кодты тіркеп, науқасты өзінің бірегей кодымен стационарға жібереді.

Іс жүзінде стационар орынның жетіспеушілігінен науқасты ауруханаға жатқызуға кепілдік бере алмайды, сол себепті науқас күту парағына жіберіледі.

Стационардағы орындар екі түрге бөлінеді: жоспарлы және жедел. Жедел нау-қастар күте алмайды. Жедел науқастардың ауруханаға толассыз келіп түсуі, жоспарлы науқастарға арналған орындардың босамай қалу мәселесіне әкеледі. Сондықтан жоспарлы науқас кейінге шегеріліп, оның ауруханаға жатқызылу күні белгісіз болып қала береді.

Емханалар мен стационарлардың бірлесіп қызмет жасауларының жетіспеушілігі барлық аспектілерге әсер етеді. Емханалар өздері жіберген науқастардың стационарға жатқызылуын немесе олардың күту парағында қалғандығын қадағалай алмау жағдайы жиі ұшырасады.

Шексіз қиындықтан қажыған Денсаулық сақтау министрлігі емханалар мен стационарлардың жұмысын жолға қоюға мүмкіндік беретін құралды жасаумен айналысты. Бұл құрал жетілдірілген жаңа функцияларға ие болған. Госпитальдау бюросы. Бұдан былай бюро екі медицина буынының бірлесе қызмет ету мониторингімен айналысады және стационарлық емдеуге жіберілген науқастардың есебін жүргізеді. Ал бұл өте қарапайым түрде жүзеге асады.

Науқастарды стационарлық емдеуге қатысты барлық ақпарат бұдан былай порталға жіберілетін болады. Емхана емдеуге жіберіп тіркелген кезде автоматты түрде іске қосылатын науқастың он бір сандық бірегей коды жасалады, кодтың бірінші екі саны облыс кодын, келесі үш саны медициналық мекеменің кодын, келесі төртеуі орын профилін, соңғы екеуі науқастың кодын білдіреді.

Осылайша, медициналық ұйымдар көптеген қоңырау шалулар мен науқасты ауруханаға жатқызу әрекетінің қажеттілігінен құтылатын болады. Енді ұйымның барлық жұмысы ұйымдастырылған және бір жүйеге келтірілген, осының барлығы арнайы ашық веб-порталдың көмегімен жасалады.

Жүйе өз оңтайлылығын медициналық ұйымдарына да, науқастарға көрсетеді. Нау-қас нақтылы ештеңе істемейді, тек порталдан госпитальдау туралы сауалына жауап іздейді. Науқас өз кезегінде күту парағында жарияланған ақпаратты қарай алады. Бұл деректер қатаң құпияда сақталатынын атап өтеміз, порталда науқастың диагнозы көрсетілмейді. Науқас өзін тізімнен өзіне және емдейтін дәрігеріне ғана белгілі бірегей коды арқылы таба алады. Науқастарды ауруханаға жатқызу порталдың күту парағында көрсетіл-ген кезек ретімен қатаң жүргізілетіні де маңызды болып табылады. Бұл жемқорлық туралы немесе ауруханаға қабылданушылардың тізімін өзгерту туралы кез келген сөздің болуына жол бермейді.

Мұның барлығы жаңа жүйенің қолайлы екенін білдіреді және оның бүкіл елімізде өз орнын тауып, бейімделеді деп болжам жасауға мүмкіндік береді.

Қажеттілігі осылай түсіндіріледі. Дәрігерлердің қағаз, сөйлесу жұмыстарының барлығы желіге келіп тоғысады. Науқастардың медициналық картасы компьютерлік дерек базасында сақталады, дәрігердің қабылдауын, ұзын сонар кезекке тұрмай-ақ, веб-порталда өзіне ыңғайлы уақытты белгілеп жазылуға болады. Бұдан былай науқасты стационарлық емдеуге жазу үшін телефонның құлағында отырып, уақыты мен жүйкесін шығындамай, веб-порталға ақпарат қалдырады. Бұл қазақстандық медициналық қызметтегі ауқымды өзгерістер.

Автор:
Тұрланғазы ЕСІМҚҰЛОВ Балқаш аудандық ауруханасы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.