Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚҰРСАҚТАҒЫ ҚОРҚЫНЫШ


23 сентября 2011, 07:42 | 1 495 просмотров



Жапон әйелдері құрсақтағы нә-рестелеріне елінің тарихы, ұлағатты дәстүрі, әңгімелер, ертегілер, ұлттық әндерін айтады екен. Себебі, медицина құрсақтағы балаға сырт-қы дыбыс, ананың көңіл-күйі айырықша әсер ететінін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Қысқасы, құрсақта жаңа қалыптасып келе жатқан шаранаға сыртқы орта айтарлықтай ықпал етеді екен.

Жапонда ғана емес, қазақта да екі-қабат әйелді ренжітпеу туралы түсінік бар. Алайда, қазіргі таңда екіқабат екі әйелдің біреуін дәрігерлер үрейлендіретінді шығарды. «Нәрестенің бүйрегі суға толыпты», «Бір аяғы қысқа екен», «Басы шектен асқан үлкен екен»… неше түрлі сорақылықтарды естисің. Жас аналар «Апырмай, қалай босанам, жағдай қалай болады? Енді ол бала кем болып қала ма?» деп уайымға салынумен болады. Сөйткен бала аман-сау, қол-аяғы түгел туылып жатады. Мұндай мысалдың жүзін келтіруге болады. Бұл – бір.

Екінші айтпағымыз, жас аналардың өзіне байланысты. Қазіргі жас ананың тыңдайтыны жарықшақ қатқыл музыка, жұлқынған ырғақ, тұрмыстағы ұрыс-керіс пен тыстағы тарсыл іштегі нәрестеге де сол күйінде әсер етіп жатыр. Сыңсып та, сыңғырлатып та, сазды етіп те, назды етіп те салынатын қазақтың қоңыр дауысты әні бүгінде қоңыр даласының өзіне қайтып кеткен. Сонан да болар қазіргі туған балалар психикалық дағдарыспен дүниеге келеді. Қазақы болмысымыздың қалыптасуымыздың бастау көзі де «құлақтан кіріп, бойды алған» әсем әніміз, әуенді әлдиімізде жатқан жоқ па?!

Бала бойына біткен ана – жүріс-тұрысын түзеп, мінезін қалыптастырып, жаман қылықтардан арылып, денсаулығын қадағалауы, сұлу табиғат көрі-ністерін тамашалап, әсем ән-күй тыңдап алған әсерін жан тебіренісі ар-қылы іштегі нәрестеге жеткізе білуі тиіс. Өйткені ана қуанса іштегі бала да қуанады, қайғырса қайғырады. Ананың бойындағы мінез-құлқы, денсаулығындағы ақаулар құрсақтағы балаға беріледі.

Жас аналардың көңілін жайландыратын жақсы кеңес айтудың орнына осыншама үрей салу жаппай етек алып кеткені несі? Бұл – ана көңіліне үрей салу. Оның нәрестеге аса зиянды екенін дәрігерлердің бәрі біледі. Біле тұра солай істейді. Енді мұндай әрекеттерге тосқауыл қойылуы тиіс. Құзырлы органдарга бұл мәселені дұрыс шешуді талап етуіміз керек. Құрсақтағы қуанышты қорқынышқа айналдыру әрекеті тым көбейіп барады.

Автор:
Ризабек НҮСІПБЕКҰЛЫ.