Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАЛА 1 ЖАСҚА ТОЛҒАНҒА ДЕЙІН АНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСҚА ШЫҒУЫНА ШЕКТЕУ ҚОЮ КЕРЕК ПЕ? БЕЙТАРАП ПІКІР


23 сентября 2011, 07:44 | 1 553 просмотра



– Меніңше, баланың дені сау, ой-өресі жоғары болуы үшін балаға ата мен әженің тәрбиесі мол ықпал етеді. Сондықтан ата-әже қолқа салып немерелеріне сұрау салып жатса, онда баланы қарияларға беру керек. Сонда баланың анасы да алаңдамай қызметіне кірісе беретін болады. Ал енді «бала 1 жасқа толмай жұмысқа шықса анаға шектеу қою керек болмаса мұндай жағдайда бала күтіміне төленетін жәрдемақыны тоқтату қажет» деген пікірлермен өз басым келіспеймін. Біздің мемлекетімізде бұған қатысты арнайы заң бар. Ол заңда «тайға таңба басқандай етіп» барлығы анық жазылған. Ендігі кезекте сол заң аясында сауатты жұмыс істеген абзал.