Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДСҰ СЕС КӨРСЕТСЕ ДЕ, ДЕНСАУЛЫҚ


23 сентября 2011, 07:57 | 2 124 просмотра



Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Бүкілдүние-жүзілік Денсаулық Ұйымы (ДСҰ) Қазақстанда ана мен нәресте өлімі туралы жантүршігерлік деректер беруде. Елімізде әр жыл сайын бес мыңнан астам бес жасқа дейінгі балалар шетінінейді екен. ДСҰ денсаулық саласынна қарапайым тәсілдерді ұтымды енгізе білген жағдайда олардың үштен бірін аман алып қалуға болады деген ой тастайды.

ДСҰ-ның бұл дерегін жоққа шығара қоймаса да, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігі 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында ана мен сәбидің өлімі 44,5 пайызға төмендегендігі жөнінде ақпарат беріп отыр. Министрліктің дерегіне жүгінер болсақ, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында 100 мың жаңа туған сәбидің 31, ал 2011 жылдың осы кезеңінде 17,2 нәресте шетіненген.

Шенеуніктер елімізде балалар өлімі өткен жылдың осы кезеңдегі көрсеткішінен 13 пайызға төмендеді деген ақпарат таратуда. Қай ведоствонікі дұрыс. Министрлік мен ДСҰ-ның беріп отырған дерегінде алшақтық бар сияқты. Біріккен Ұлттар Ұйымының өткен аптада таратқан ресми ақпаратында «ДСҰ-ның атап көрсеткеніндей, Қазақстанда балалар өлімі еуроодақтың көрсеткішінен әлдеқайда жоғары. Жылда бұл елде бес жасқа дейінгі 5000 бала қазаға ұшырайды. Бұл негізінен ауыр туу кезінде, инфекция, жарақат алу және даму барысындағы ауытқу салдарынан болады. ДСҰ өзінің пікірін қорғау мақсатында түрлі уәж келтіреді. Ол баланы аман алып қалу мәселесіне келгенде. Ана қазасы жайы бойынша да беделді ұйымның айтары баршылық. ДСҰ босану кезінде елімізде қан кету салдарынан немесе жасанды түсік тас-таудан 100 ана көз жұмады деген дерек келтіреді. Ана өлімін болдырмау үшін интенсивті терапия қолдану керектігін ұсынады бұл ұйымдағылар» деген дерек келтірілген.

Қазақстанда ана мен баланың өлімі көрсеткішін күрт төмендету үшін ДСҰ мен Еуродақ тарапынан Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында мақсатты жоба енгізілген көрінеді. «Эксперттер босанар алдындағы аналардың денсаулығын жіті қадағалауы тиіс. Егерде босану процесі қиынға соғар болса оларды жақсы жабдықталған клиникалар немесе орталықтарға жөнелту керек» деген ұсыныс білдіреді. Бұл ақпаратты та БҰҰ тартып отыр.

Жаз мезгілінің соңғы күндерінде Бүкілдүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының Еуропалық бюросы жасалған тәжірибе оң нәтиже берді деп бөркін аспанға атыпты. Енді аталған эксперимент еліміздің басқа да аймақтарында да қолданбақ. Көреміз. Ол уақытта жақын шығар. Деседе, еліміздің денсаулық саласының қызметкерлері де қарап жатқан жоқ. Ана мен бала, жасөспірім, күллі қазақстандықтардың денсаулығын қорғауда бір кісідей тер төгіп, еңбек етіп жатыр.

Автор:
Ырысбай КЕНЖАБАЙҰЛЫ