Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАУ СТАНДАРТЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ


23 сентября 2011, 07:58 | 1 344 просмотра


2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» Дүние-жүзілік банк жобасының іс-шараларын іске асыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудың басты реформаларын қолдау үшін аккредиттеудің халықаралық стандарттарын енгізу және ұзақ мерзімді институционалдық әлеуетті құру мақсатында ISQua денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша халықаралық қоғамның консультанттарын жұмылдырды.

Бүгінгі күні өзара әрекеттестік серіктестік шеңберінде стационарлық, амбулаториялық және жедел медициналық көмек көрсетуші медициналық ұйымдарды аккредиттеу бойынша стандарттардың жобалары, сондай-ақ қан банкілері мен қан құю қызметтерінің стандарттары әзірленді. Медициналық ұйымдардың қызметіне сыртқы кешендік бағалау жүргізудің жаңа әдістемесі ұсынылды. Жаңартылған стандарттар ұлттық аккредиттеу стандарттары мен денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша халықаралық қоғамның ұсынымдары ескеріле отырып әзірленді (ISQua).

Үш ай бұрын, ағымдағы жылғы мамыр-маусым айларында Ақмола облысында халықаралық консультанттар Canadian Society for International Health (бұдан әрі – CSIH) аккредиттеудің жаңартылған стандарттары бойынша оқыту курсын өткізді (стационарлық және амбулаториялық қызметтер), мұнда 24 жаттықтырушы дайындалды, оның ішінде Ақмола облысында – 3, олар өз кезегінде 2011 жылғы қараша айында және 2012 жылғы қаңтар айында 36 жаттықтырушыны дайындайтын болады. Кейін оқудан өткен қазақстандық жаттықтырушылар денсаулық сақтау ұйымдарының сапасы бойынша 840 менеджер мен сарапшыны дайындайтын болады.

Ағымдағы жылғы 19 қыркүйектен 21 қыркүйек аралығында Көкшетау қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті CSIH-мен бірлесіп, Көкшетау қалалық ауруханасының негізінде пилоттық тәртіпте аккредиттеудің жаңартылған стандарттарына тестілеу жүргізуде (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 477 бұйрығы).

Болашақта ISQua аккредиттеудің жаңартылған стандарттарын, аккредиттеу мамандары үшін оқу бағдарламасын және аккредиттеуші органды аккредиттеу жоспарланып отыр.

Келесі жылға жедел медициналық көмек көрсетуші, сондай-ақ қан банкілері мен қан құю қызметтерінің стандарттарына тестілеу жүргізу және көрсетілген түрлер мен бейіндердің 15 медициналық ұйымын қатыстыру жоспарланып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Байланыс тел.: 8(7172) 74 31 37, 74 32 41.