Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ПОЗДРАВЛЕНИЯ


16 сентября 2011, 07:31 | 1 629 просмотров



Алакөл ауданы Лепсинск ауылының тұрғыны Файзинұр Мүттахирқызы Құрмаеваны мерейтойымен құттықтаймыз!

Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.

Анамыз Файзинұр өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқанын мақтан тұтамыз. Сіздің мағыналы өміріңіз, шуақты шаңырағыңыздың алтын діңгегі - өмірлік қосағыңыз әкеміз Рифхат, оның жалғасы, ертеңгі мәуелі жемісі – бауыр етіңіз балаларыңыз бен алтын асықтай немерелеріңіз. Бүгінгі 70 жасқа толған мерейлі мүшел тойыңызда Сізге денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңізге баянды бақыт тілейміз!

Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,

Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.

Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,

Үмітімді аналардан мен үзбейін.

Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,

Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.

Сіз секілді ана болса – біздей бала

Алаңдамай қарайды ғой алдарына.

Ізгі ниетпен: жұбайы Рифхат, балалары Темірбек, Ғалия, Альфия, Ермек, Серік және немере-шөберелері.