Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Көзден кетсе де, көңілде қалған...


16 сентября 2011, 07:35 | 1 559 просмотров



Уақытта тоқтау бар ма?

Диірменнің тасындай шыр айналған дүние-ай, демекші дөңгеленген дүние шыр айналып және бір жылды артқа тастады.

Қызылжар ауылының Аруанасы атанған жаны жайсаң, ел-жұртқа қамқор ізгі жан Секерқайша Молдабайқызының да өмірден өзғанына бір жыл толды.

Әттен дүние-ай! Өмір шіркін уайымсыз да болмайды ғой. Күні кеше ғана еді балаларымыздың жұптары жарасып, қол ұстасып үлкен өмірге бет алғандары. Құдағиымыз асыл-жан Секерқайшамен ол кісі төсек тартып жатқанда таныстық. Болашақтан үміт күтіп, денсаулығы түзеліп, қатарға қосылып балалардың қуаныштарын бірге қызықтаймыз, тойлатамыз! – деп жүргенде рақымсыз сұм ажал оны арамыздан алып кетті. Бір дәтке қуат дейтініміз бір тал қызының жартысы күйеу баласын көріп, ризашылығын білдіріп, батасын беріп кетті. Тілеуі қабыл болғай!

Жыл бойы құдамыз Нұрлыбекпен, туыстарымен, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылымен араласа жүріп, құдағиымыз Секерғайша марқұмның өте парасаттылығын, мейірбандығын, ауылының, туған туыстарының бетке ұстар нағыз Аруана болғандығын естіп көңіліміз толумен болды.

Марқұм Секеңнің бір жақсы қасиеті ел-жұрттың шаруасына өзінің жұмысындай «Күп» беріп қойып кетеді екен. Ауылдағы қуаныш, реніш болсын бел ортасында жүрген. Жайылған дастархан, той-томалақ, ас-нәзірлер ол кісінің араласуынсыз өтпейді екен. Елдің бәріне қамқор болған аяулы жан болыпты. Бірде ол кісі Талдықорған қаласына барыпты. Ауылдың бір қызы кездесіп жұмыстан босап қалғанын, басшыларының неше түрлі сылтаумен қысқартуға түсіргенін айтып жылапты. Секерқайша құдағиым бар жұмысын тастап, облыстық әкімшілікке барып, кешке дейін жүріп облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқановтың жолын тосып, ақыры әбден күн кешкіргенде қоймай жүріп кіріп ол кісімен бір кездері бірге жүріп араласып жақсы достар болғандығын ескеріп, панасыз қалған қызды қайтадан жұмысқа орналастырып, оның басшыларына сөгіс те бергізген екен, Міне қайырымдылық деп осыны айт. Міне біздің құдағиымыз осындай адам болған! Оны біз әрдайым құрмет тұтамыз!

Пайғамбарды да алған бұл өлім кімді аяйды дерсің – деп, Ұлы Абай айтпақшы рақымсыз ажал Секерқайша құдағимызды да арамыздан әкеткелі бір жыл болды. Жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын! Бүгін Секерқайшаның асы беріледі. Қабыл болғай! дей отырып, өліге иман, тіріге береке бере гөр Ұлы Аллах! –демекпіз.

Автор:
Зор құрметпен астаналық құдаларыныз Сансызбай – Күлшария.