Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫЗЫҚТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ЛЕГІ


9 сентября 2011, 07:39 | 4 313 просмотров



Ғылым бір орында тұрмайды. Күнде әлемнің әр түпкірінде бір ғылыми жаңалық ашылады. Бір ғылыми ашу медицинаға, қоғамға ерекше ықпал тигізсе, кейде ойға симайтын күлкілі жаңалықтар да кездеседі. Біз оқырмандардың назарына осы аптада әлемнің әр түпкірінде болған жаңалықтар легін ұсынамыз. Америкада семіз балалардың ата-аналарын жазалайды. Қытайда таяқшалармен ас ішу кейде өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Көршіміз Украина елінде денсаулыққа қарағанда жарнамаға ерекше көңіл бөледі екен. Кәрі құрлықтағы «Тұманды Альбион» атанған елде ауаны тазарт-қыш көйлек шығарылды. Ал Францияда лазерлік технология даму үстінде болса, алпауыт көршіміз Ресейде науқастарды емдеуде «агрессиялық» тәсіл қолданылады.

1.Америкада балаңыз семіз болса сізді ата-аналық құқықтан айырады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Гарвард университетнің ғалымдары тым толық балалардың әке-шешелерін ата-аналық құқығынан айыру керек деген ұсыныс жасады. Себебі, бүлдіршіндер арасындағы семіздік эпидемия деңгейіне жеткен. Американдық ғалымдар бұл ұсынысын заң жүзінде бекітпек. Бүгінгі күні балалар семіздігі шешімі табылмай келе жатқан үлкен проблемаға айналды. Ата- аналық құқықтан айыру арқылы балалардың ден-саулығын қорғаймыз дейді жобаның авторлары. Семіздікке бой алдырған балалар ата-анасынан алшақтатылып, қатаң диетаға отырады. Үйіне тез қайтқысы келетін бала, тез арықтауға тырысатын көрінеді. Алайда бұндай қатаң тәсілді көпшілік қолдай көрмейтін сияқты. Осы жаңа жоба қарсы топтың пікірі бойынша, семіздікпен күресті ең алдымен тамақтану мәдениетін өзгертуден бастап, бүкіл отбасына дұрыс тамақтануды насихаттау керек. Ал ата-аналық құқықтан тек қана бала өміріне қауіп төнген кезде ғана айы-руға болады. Баласы семіз болған үшін әке-шешесінен оны тартып алу ойға қонымсыз.

2.Қытайлық әйелдің көзінен ас ішуге арналған таяқша алынған. Қытайда офтальмолог дәрігерге келген әйелдің көзінен 11 жыл тұрған ас таяқшасы алынды. Цы Ян есімді әйел дәрігерге көзінің ауырғанын айтып келеді. Дәрігер науқасты тексеріп, көзінің ішінде кішкентай затты байқайды. Компьютер томографиясын жасағаннан кейін науқас әйелдің көзінде бес сантиметрлі пластик бар екені анықталады. Көз дәрігерінің айтуынша нау-қастың оң көзі қатты ісіп кеткен. Ота жасау арқылы көздің ішіндегі бөгде зат алынып, нау-қастың көру қабілеті қалпына келді. Алынып тасталған кішкентай пластик, ас ішетін таяқшаның сынығы болып шықты. Науқастың өзінің айтуынша осыдан он бір жыл бұрын тамақ ішетін үстелге бетімен құлап, содан алған жарақат салдары көрінеді. Дәл осындай жағдай қытайда 2010 жылы орын алған. Ер адамның ішінен ас таяқшасының сынығы алынып тасталған. Науқастың ішінде бұл зат 28 жыл бойы тұрыпты.

3.Украинада дәрі-дәрмекті жарнамалауға тыйым салмақ. Денсаулық сақтау комит өті өкілдерінің күшімен дәрілер мен Биологиялық қоспаларды ақпарат құралдары арқылы жарнамалауға тыйым салатын заң жобасы жарыққа шықты. Бұл заңа жақын арада заңдық күшіне енетін болады. Осы заң жобасы авторларының мәліметі бойынша, 2011 жылдың бірінші маусымында дәріні Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамалау үшін фармацевтикалық компаниялар 752 млрд. грн қаражат жұмсапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 38% көп. Осы қаражат Украина үкіметінің СПИД және туберкулезбен күресу бағдарламасын қаржыландыруға жететін көрінеді. Ақшасы артылып барса фармацевтикалық компаниялар қаражатты денсаулық сақтау саласына құйсын дейді үкімет мүшелері. Сонымен қатар мамандардың пікірінше жақын арада дәрілерді фальсифика-циялаған үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заң жобасы әзірлену үстінде.

4.Ауаны тазартатын киім. Қоршаған ортаны лас заттардан тазартатын экологиялық матаны Шеффилд университеті мен Лондон сән коледжі бірігіп шығарды. Ауа тазартқыш көйлекті жасаған ғалымдардың айтуынша, ерекше мата құрамының негізіне тазартқыш элемент титан диоксиді кіреді. Осы элементті матаны жуған кезде кондиционер ретінде қосып тұру керек. Жуылған мата кеуіп, ауадан азот оксиді мен зиянды органикалық қосындыларды тазартады. Бұндай ерекше мата көпшіліктің көңілінен шығады деп күтілуде. Қоршаған ортаның ластануынан денсаулықтың күрт нашарлауы баршаға мәлім. Ерекше матаны шығарушылар өнімдеріне болашақта сұраныс артады деп күтуде. Алайда ел назарына ұсынылған ауа тазартқыш көйлекті күнделікті өмірде киіп жүру қала сылқымдарының көңілінен шыға қоймайтын сияқты.

5.Лазер ракты жояды. Француз дәрігерлері рак жасушаларын лазер арқылы жоятын жаңа тәсіл ойлап шығарды. Ғалымдары бірнеше клиникалық зерттеу жүргізіп, нәтижесінде 40% жағдайда лазерлік технология мида метастаз нәтижесінде пайда болған рак жасушаларын толық жоюға болатынын анықтады. Ең маңыздысы, бұндай ота түрі бас сүйекті ашпайпай-ақ ісікті жоюға мүмкіндік береді. Лазерлік сәуле 3 милиметрлік тесігі бар катетер арқылы тікелей ісікке түседі. Ісікке түскен лазер сәулесі оны толығымен жоюға ықпал етеді. Осы операциядан 14 сағат өткеннен кейін науқас үйіне қайта беруіне болады. Сонымен қатар бұл тәсіл арқылы емдеуге келмейтін, үміті үзілген рак науқастарға да пайдасы тиеді. Қатерлі ісіктің асқынған, емдеуге келмейтін түріне шалдыққан науқастардың өмірін бір екі немесе жылға ұзартуға мүмкіндік береді дейді мамандар.

6.Ресейлік ғалымдар ақ қан ауруын емдейді. Әлем бойынша қан рагы аса қауіпті дерттің бірі. Ресей гемотология және қарқынды терапия ғылыми зерттеу институтының ғалымдары қатерлі ісіктер мен лимфосаркомыны емдеуді қолға алды. Дәрігерлердің айтуынша, олар негізге алған емдеу тәсілі өзгелерге қарағанда «агрессиялық» тәсіл. Себебі, бірнеше дәрілерді көп мөлшерде қабылдауға тура келеді. Дәл осы ауруларды емдеуде мұндай көп мөлшердегі дәрілер қолданылмаған. Дегенмен, осы әдіс ауруды емдеуде бас-қа тәсілдерден қарағанда тиімді жақтары байқалып отыр. Мамандар да тәсілдің тиімділігіне ерекше көңіл аударып отыр. Сонымен қатар осы тәсілмен емделгеннен кейін нау-қастың ауыруға қайта шалдығу қауіпі тек 3-5% екен.

Автор:
Дайындаған: Мадина ОМАРҚҰЛОВА, өз тілшіміз, Алматы қаласы