Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАСПА АУРУЫ


9 сентября 2011, 07:42 | 21 661 просмотр



Жиі кездесетін аурулардың бірі — баспа (ангина). Көпшілігіміз онша елей бермегенмен, баспаның да өзіндік машақаты бар. Тұмау сияқты инфекциялық және тез тарайтын бұл ауруды асқындырып алғанша, дер кезінде емделген жөн. Ол үшін нені білуіміз керек.

Баспа, ангина (латынша ango — қысамын, тұншықтырамын) — көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — стрептококк бактериясы. Баспа адам организмінің түрлі жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, витаминдер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Баспа — бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді. Ауру асқынғанда бадамша бездері қабынып, ақшыл сары ірің пайда болады. Баспаны дер кезінде емдемесе, ортаңғы құлаққа өтуі мүмкін. Мұндай Баспа өзінен-өзі жарылады, кейде оған операция жасауға тура келеді. Баспаның жедел өтетін және созылмалы түрлері бар. Баспаны емдемесе, ауру бүйрекке, жүрекке, т.б. органдарға шабуы мүмкін. Сондықтан Баспаның алғашқы белгісі білінісімен дәрігерге жедел көрініп, созылмалы түрге өткізбей емделу қажет. Б-мен ауырғанда міндетті түрде жатып емделу, тамақты жылы ұстау, мезгіл-мезгіл сұйық тағам ішу, жылы компресс қою, жиі-жиі тамақты сода, тұз ерітінділерімен шаю, антибиотиктер ішу қажет. Баспаның алдын алуда дене шынықтырудың, спортпен шұғылданудың маңызы зор. [1]

Алдымен баспаның неден туындайтынын түсіндіре кетелік. Баспа – бұл ағзаның түрлі жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, витаминдер жетіспегенде, шаршағанда көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру. Баспа балмұздақ жеуден, аяқтан су өткеннен немесе өзен-көлге шомылғаннан кейін де көтеріледі. Кең тараған бұл сырқатпен көбінесе жас балалар мен 35-40 жасқа дейінгі ересек адамдар ауырады.

Ауруды стафилококтар мен стрептококктар туғызады. Ол жұтқыншақтың қызаруымен басталады. Одан кейін тамақ құрғап, жұтындырмайды. Артынша тамақ бездері ісініп, ауырады. Буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді. Ауру асқынғанда бадамша бездері қабынып, ақшыл сары ірің пайда болады.

Дер кезінде емдемесе, баспа құлаққа өтуі мүмкін. Ал асқынып кетсе, ауру бүйрекке, жүрекке, басқа да ағзаларға шабады. Сондай-ақ қызамыққа шалдыққан балада кейін, үлкейгенде баспа ауруы жиі көтерілетіні анықталды. Яғни дер уақытында емдемесе баспа адамды өмір бойы мазалауы ықтимал.

Баспаның алғашқы күні дене температурасы 38-39 градусқа, кей жағдайларда тіпті 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ондайда сырқаттың басы ауырып, әлсіздік пайда болады, тоңып, дірілдейді. Тамақ ауруы күшейеді. Әдетте ауру 7-8 күнге созылады. Егер баспа жиі қайталанса, онда ауру созылмалы тонзилитке әкеліп соғады. Сондықтан оның алғашқы белгісі білінісімен дәрігерге көрініп, созылмалы түрге өткізбей емделу қажет.

Күз бен қыста көп кездесетін бұл ауруды жеңіл-желпі, үйреншікті сырқат деп санап, онша елей бермейтіндер көп. Бұл дұрыс емес. Баспамен ауырғанда міндетті түрде үйде, жатып емделу керек. Өйткені ол, біріншіден, асқынып кетуі мүмкін. Ондай жағдайда жүрекке де шабуылдайтынын айттық. Екіншіден, бұл жұқпалы инфекциялық вирус. Яғни нау-қас басқаларға да ауру жұқтыруы мүмкін. Сондықтан баспа мазаласа үйде болып, тамақты жылы ұстап, мезгіл-мезгіл сұйық тағам ішіп тұру керек. Лимон қосқан жылы шай, сүт, минералды суды көп ішкен пайдалы. Жылы компресс қоюдың маңызы зор. Тамақты күніне 5-6 рет сода, тұз ерітінділерімен шаю, антибиотиктер ішу қажет.

Тамақты шаю үшін 3 пайыз сутегі тотығын, марганец қышқылды калийдің сәл қыз-ғылт ерітіндісін, риванал ертіндісін (бір стакан суға 1 таблеткасы), сондай-ақ шалфей және түймедағы өсімдіктерінің қайнатқан суын пайдалануға болады.

Тағы бір есте сақтайтын нәрсе – баспамен ауырған науқасты мүмкін-дігінше оқшаулап, оған бөлек ыдыс, сүлгі беру керек. Тамақтанғаннан кейін ыдысты мұқият жу-ып, 10-15 минут суға қайнатып алған жөн. Ал дәрі-дәрмекті өз бетінше қабылдауға болмайды. Оны нау-қастың жағдайы мен баспаның түріне қарай дәрігер белгілеуге тиіс.

Баспаның ісінуі

Баспа ауруының асқынуынан ревматизм пайда болады, буындар ісініп кетеді. Бүйректі ауыртады, бауырдың өтін қоздырады. Жоғары тыныс алудың асқынуы, әсіресе, мұрынның ішкі қабыршықтары ауырғанда, емделмесе өкпе асқынады. Міне, байланыс қандай? Енді мұрын ауруын айтайын, маңайыңыздан ұшақ ұшқан кезде құлағыңыз бітіп қалады ғой, сол секілді, мұрын бітелгенде, мұрын ішіндегі «құбыр» тесігі де бітеледі, сөйтіп, құлаққа баратын жел бармай қалады, жел бармаған соң, құлақтың жарғабағы ісініп, тартылады. Бұл саңырау болуға әкеліп соқтырады. Егер мұны уақытында емдемесе, мүлде естімей қалуы мүмкін. Мұрын арқылы кіретін түрлі микробтар мен инфекциялар испахи трубасы арқылы құлақтың іріңдеуін туғызады. Құлақтың іріңдеген созылмалы ауруы ортаңғы құлаққа жетсе, ірің сүйекті шіріте береді де, сүйектен өтіп кетіп, менингитті тудырады. Мұрын кеңсірігінің іріңдеуі де миға шабуы мүмкін. Оны ренагендік асқыну дейді. Өзіңіз айтқандай, лор мамандығының аясы тар дейтіндер қатты қателеседі.

Ангинамен жиі ауыратын болса, бұл созылмалы тонзилиттің – көмекей бездерінің созылмалы қабынуы белгісі болуы мүмкін- бұл кезде ангинаның «әдеттегі» симптомдары болады – тамақ ауруы және дене қызуының көтерілуі – болуы мүмкін және айқын байқалмауы да мүмкін. Көбінесе созылмалы тонзиллит тек дәрігердің қарауында белгілі болады.

Алайда созылмалы тонзиллиттің «жасырын жау» екенін әрқашан есте сақтау қажет. Созылмалы тонзиллиттің қауіптілігі, барлық ағза үшін созылмалы инфекцияның көзі болып табылады.

Ал бұл инфекция 80-ге жуық аурудың көзі бола алады! Мысалы, бүйректің қабынуы – гломерулонефрит, «жаман жағынан белгілі» ревматизм және жүрек бұлшықетінің қабынуы – миокардит. Сондықтан созылмалы тонзиллитті уақтылы танып қана қоймай, сонымен қатар дұрыс емдеу қажет.

Автор:
Аязбай СҮЙЕКЕНОВ, Қарақыстақ ауылдық амбулоториясының бас дәрігері, отолоринголог –дәрігер, Жамбыл ауданы.