Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Денге шипа, бойға қуат сыйлаған


9 сентября 2011, 07:45 | 1 343 просмотра



Еліміздің 2011-2015 жылдарға арнал-ған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының көздеген мақсаты – медициналық мекемелерді соңғы үлгідегі технологиямен жабдықтау, сол технологияны жетік меңгерген мамандарды даярлау болса, мұның өзі соңғы жылдары өзекті мәселеге айналуда. Бұл, түптеп келгенде, ауырған соң емделуді емес, сол ауруды болдыртпауды жақтайтын бағдарлама.

Республикада қан айналымы жүйесі ауруларының ішінде жүрек-қан тамырлары дерттерінің кең тарағаны әрі өлім-жітімнің көбеюі қазақ қоғамын алаңдатып отырғаны белгілі. Соңғы жылдары жаңа технологияны енгізу, білікті мамандар даярлау нәтижесінде бұл аурулармен күрестің де қарқын ала бастағаны сезіледі. Жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде қоғамымызда ең көп кездесетін ауру стенокардия, атеросклероз, ишемия, миокард инфарктісі сияқты сыр-қат түрлері дендеп тұр. Бұлар жалпы алғанда, қан айналымы жүйесінің аурулары. Қазақстан осы аурулар бойынша өлім-жітім жағынан ТМД елдерінің ішінде бірінші орында екен. Әрине, өкінішті.

Елімізде медицинаның осы замандық диагностикалау және емдеу қондырғылары пайдаланылып, жаңа технологияларды игерудің нәтижесінде соңғы бес жылдықта онкологиялық аурулардың біршама тұрақтал-ғанын атап өтуге болады. Республикада негізінен онкологиялық аурулармен күрес үш бағдарлама бойынша жүзеге асуда. Олардың біріншісі – ауру белгілерін ерте анықтауға негізделген болса, оның өзі екі бағытта жүзеге асып жатыр. Әйелдердің жатыр мойны ісіктері мен сүт бездері ісіктерін ерте анықтау арқылы олардың бойында енді-енді ғана пайда болып келе жатқан қатерлі дерттің асқынып кетуіне жол бермеуге болады дейді мамандар. Еліміз бойынша қатерлі ісіктің алдын өкпе ісігі бермей келе жатыр екен. Кейінгі орындарды сүт безі, тері, асқазан қатерлі ісіктері иемденген.

80 жылдық тарихы бар Президенттің Іс басқармасы нақарасты орталық клиникалық ауруханада адамдардың денсаулығын жақсартуға айрықша мән беріп, медициналық көмек көрсетудің тиімді әдістерін пайдаланып, іске сергек қарау ерекше назарға алынған. Мұнда науқастың жағдайын алдын-ала біліп, шұғыл шара қолданылады. Емдеу, дерттерді анықтау, операция жасау жөнінен үлкен жетістіктерге жетіп отырған ұжымда өмір бойы ізденісте жүретін, талай адамдардың көңіліне шуақ сеуіп, денге шипа, бойға қуат сыйлап жүрген әм­бебап мамандар қатары мол. Біз бүгін сондай ақ халатты абзал жандардың бір тобынсіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта кейбір қалталылардың ішінде шетел асып емделіп жатқандар бар. «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, бас-қа елге барудың қажеті жоқ. Елімізде емделудің барлық мүмкіндіктері бар, дейді мамандар. Медицина саласына жыл сайын мил-лиардтаған қаражат бөлінуде.

ҚР Президенті Іс басқармасының клиникалық аурухананың ұжымына адал еңбектерінің жемісін көре беріңдер, ел құрметіне бөлене беріңіздер дегіміз келеді.

Автор:
Ғалым ҚҰРАШ, журналист