Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МЕДИЦИНАДАҒЫ ҒАЖАЙЫПТАР- 2011


9 сентября 2011, 07:49 | 2 584 просмотра



2011 жыл жаңалықтарға толы болды, әсіресе, медицина саласында ғажайып жаңалықтар көп орын алды. Американдық денсаулық сақтау жүйесі керемет дәрілер мен технологияларды ашты. Осы технология арқылы жыл сайын мыңдаған адам өмірін қиып әкететін дерттерге дауа табылды. Сондай ғажайып емнің бірнешеуі туралы американдық атақты Globe журналы жария етті.

Жүрек қан тамырлар ауруы әлі де әлем жұртшылығын «өлтіретін» дерттердің тізімінде бірінші орынға ие. Американдық Жүрек Ассоциациясының (American Heart Association) деректеріне сүйенсек, әлем бойынша 12 млн адам жүрек ауруына шалдыққан. Жүрек-қан тамырлары ауруы қаза болу көрсеткіші бойынша Қазақстанда алдыңғы орында. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде өлім деңгейінің 53 пайызын осы жүрек талмасымен қайтыс бол-ғандар саны құрайды екен. British Cardiovascular Society деген орталықтың ғалымдары жаңа тест ойлап шығарды. Олардың айтуынша бұл тәсіл инфарктың алдын алады, тамырлардың бітелуін айқындайды. Қазіргі кезде қан-тамырларының бітелуі ай-қындайтын қолданыста бірнеше тәсіл бар, алайда жаңа тәсіл « қарапайым зәр анализі арқылы белгілі бір протеиндер деңгейін анықтауға негізделген. Анықталған деректер науқастың инфарктыға шалдығу қауіпін 100% нақтылықпен көрсетеді. Бұл тест сонымен қатар бүйрек ауруларын да анықтап, кейбір онкологиялық дертке шалдығу қауіпін көрсетеді

Өкінішке қарай, жастар мен жасөспірімдер арасында сырқаттану оқиғалары жылдан-жылға артуда. Қазақстанда жүргізіліп жатқан скринингтік зерттеулер мен профилактикалық тексеру бағдарламалары шеңберінде 2008 жылы 1 млн 850 мың адам тексерілді. Олардың ішінде 197 178 адам қан айналымы жүйесінің ауруынан, оның ішінде артериялық гипертониядан зардап шегетіні анықталды. 2009 жылы 227 531 науқас анықталды. Бұл – ауруды анықтаудың жақсаруы емес, науқастар санының артуы болып отыр. Жаңа ғажайып жабдықты гипертония ауруынан зардап шегетін адамдар алады. Бұл жаңа электрондық жабдық салауатты өмір салты мен дәрілердің өзі көмектеспеген «гипертониктерді» емдейді. Ғажайып құрал арнайы жіңішке катетер арқылы аяқтағы тамырға енгізіледі. Сонан соң тамырдағы қан қысымын төмендететін радиотолқындар жіберіледі. Ем бір сағат уақыт алады, дегенмен науқасқа ауруханада бір тәулік қалуға тура келеді. Калифорнияда орналасқан Adrian компаниясы бұл жабдықты Европада қолданысқа сатып та үлгерді. АҚШ та бұл ғажайып құралды сынақтан өткізу үшін 300 адам қатысқан.

American Heart Association хабарлағандай осы жылы нарыққа инсульттан сақтайтын өте күшті дәрі «rivaroxaban шығады. Бірақ сатылымға Xarelto деген атаумен түседі. Бұл дәрі қанның ұйып қалуына және артериялар мен тамырларда тромбының пайда болуына жол бермейді. Америка жүрек ассоцациясы дәрігерлерінің мәлімдеуінше, Xarelto дәрісі аритмиядан зардап шегетіндерге аса тиімді болады.

2011 жылы медицинада дертті алдын-ала айқындайтын түрлі тесттер пайда болғанын айта кеткен жөн. Сондай жаңа тесттің біреуі дәрігерлерге қатерлі ісікті бастапқы кезеңде алдын- ала диагностика жасауға мүмкіндік береді. Бұл тест қатерлі ісіктің қалай өсетінің, ауруға шалдығу мерзімін 25 жыл бұрын болжай алады. Тексерудің осы түрі бұрыннан бар PSA test тексеруінің бір бөлшегі болмақ. Қатерлі ісікке шалдығу қауіпі бар ер адамдар үнемі дәрігердің бақылауында болады. Бұл өз кезегінде дертті ең алғашқы кезеңде айқындап, науқастардың құлан таза айығып шығуына мүмкіндік береді. Тесттің ерекшелігі де осында. Қатерлі аурулардың белең алу үрдісі бүкіл дүниежүзінде орын алып отырған көрініс. Қазақстанда 2010 жылы қатерлі ісікке шалдығу көрсеткішінде төмендеу үдерісі байқалғанымен, оны бастапқы сатыда анықтау әлі де кемшін түсіп отыр. Онымен бірге, 2010 жылы Астана қаласында онкологиялық аурулардан болған өлім-жітім статистикасы аздап өскені байқалды. Атап айтқанда, 2009 жылы 100 мың адамға шаққанда- 85, 2010 жылы 86,2 болды. Республикалық көрсеткіш 107,4-ті құрайды. Қатерлі ісік – аса қауіпті ауру екені бесіктегі балаға да аян ғой. Ал Меланома дертіне шалдыққандарға үміт оты болатын» жаңа препарат PLX4032. Дәрігер Пол Чэпменнің айтуынша, аталмыш перапартты зерттеу барсында 80% жағдайда тері ісігінің көлемі кішірейіп немесе мүлдем тоқтап қалған. Бұл ғажайып жағдай. Себебі, осыған дейін қалданыста болған ең тиімді деген екі дәрінің өзі тек 20% жағдайда ғана жақсы нәтиже берген. Ал жаңа препарат PLX4032 меланомаға шалдыққан науқастардыың жартысында табыл-ған BRAF protein-ды жояды.

Американдық пластикалық хирургтардың сөзіне сүйенсек, 2011 жыл лазерлік липосакцияны кең қолдансқа түсетін жыл болмақ. Лазерлік липосакция»дене бітімді отасыз коррекциялау. Бұның ерекшелігі және тиімділігі» жағамсыз салдардың болмауы, қысқа мерзімдегі реабилитация.

Осы жылдың тағы да бір қуантарлық жаңалығы –Альцгеймер ауруын диагностикалаудың жаңа методикасы және жаңа дәрі. Globe журналына белгілі Pfizer фармацевтикалық алпауыттың зерттеушісі Фил Айридейл өз сұхбатында, Альцгеймер ауруына қарсы вакцина клиникалық зерттеудің соңғы сатысына жеткенін мәлімдеді. Жаңа препарат қорқынышты дертке шипасы болмақ. Дәрі мидағы amyloid beta peptide-ті тежейді, сол арқылы Альцгеймер дертіне тоқтау салады. Ал осы ауруды диагностикалауға келетін болсақ, осы төңірегінде «тұманды альбион» ғалымдардың ісі көш ілгері тұр. Британдық ғалымдар қырықтан асқан адамдарда Альцгеймер ауруын алдын ала диагностикалауға мүмкіндік беретін 30 секундтық тест тексеру жасап шығарды.

2011 жылы склроз ауруымен күресу жылы болмақ. Ұмытшақ склероз (Multiple Sclerosis) – жүйке жүесінің созылмалы ауруы. Бұл ауру миға және жұлынға зақым тигізу арқылы ұмытшақтық симптомдары пайда болады. Симпомдарға мыналар жатады: жүрісі босаң, шайқалғыш келеді;аяқ қолдары дірілдеп(атаксия), көздің еріксіз қимылы (нистагм), сөйлеудің қиындауы (дизартрия), ретробульбарлық неврит. Осы аурудың салдарынан жүйкеге тиетін кері әсердің себебі әлі белгісіз. Дегенмен Federal Drug Administration (FDA) компания өкілі биылғы жылы нарыққа Gilenya деген атаумен жаңа препарат шығады. Бұған дейін склерозды емдейтін екі препарат Amprya және Nuedexta болған. Amprya –қозғалыс аппарты проблемалар кезінде қолданады, ал Nuedexta –эмоционалдық бұзылғанда пайдаланады. Жаңа дәрі осы екі препаратқа қосымша болмақ. Multiple Sclerosis Association өкілі Арни Розенблаттың айтуынша алдағы уақытта Gilenya дәрісінен басқа склерозды емдейтін тағыда бірнеше препараттар пайда болады.

Автор:
Бетті дайындаған Мадина ОМАРҚҰЛОВА, Алматы қаласы