Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ІШУДІ ҚОЙҒАНДАР ЖОҚТЫҢ ҚАСЫ


9 сентября 2011, 07:58 | 1 994 просмотра



Жыл басынан бері тоғыз ай өтті. Тың шарадан не пайда? Ертіс өзені жағалауындағы облыстардағы наркодиспансерлердің берген мәліметіне жүгінсек, ішімдікке әуестенушілер саны біршама төмендеген. Бұл тек балалар мен жасөспірімдер арасында ғана. Цифрға жүгінсек, Павлодарда 2010 жылы есепте 446 жасөспірім болған. Биыл бұл сан 178-ге азайыпты. Таңқаларлық қой! Бірақ, ішімдікке тәуелді жастардың мұндай қылығын зерттеп жатқан жан жоқ. Десе де, облыс наркологтары «қағаз бәрін де көтереді» қағидасын ұстасақ, бұл цифрді он-жиырма есеге азайта саламыз дегенді де жасырмайды.

Қаржы министрлігіндер «бюджетке алкоголь акцизінен түсетін қаржы І-тоқсанда 180 пайызға артты деген дерек келтіреді. Үш милиард теңге пайда келгенін айта келіп, мұның 60 пайызы тек акциз ставкасынның арқасынанда болғанын мақтан етуде. Бұл деректерден ішетіндер саны төмендегенін байқау қиын сияқты. Әрине, мемлекет қоржыны тола бастағаны рас та шығар. Бірақ, адам өмірі мен денсаулығына келген пайда бар ма? Мұны зерттеп жатқан ешкім де жоқ.

Жоғары деңгейдегі бір халық қадаулысы «алкоголді ішімдіктің бағасын өсіру тек жастар мен жасөспірімдерге қиын соқты»,-деп есептейді. – Ал ересектер үшін мүлдем керісінше. Олар бұрын қанша мөлшерде ішіп жүрсе, сол көрсеткішінен төмендеген жоқ. Ең сорақысы, кафелер мен дәмханаларда, түнгі клубтарда екі есе еселенген коктейль», яғни энергетикалық сусындарға арақ қосылған ішімдіктер ұсыныла бастапты-мыс. Бұл «сусын» денсаулыққа аса зияндығымен қатар, адамды ес-түсінен айыратын дәрежеге жеткізетін көрінеді.

Автор:
Ырысбай КЕНЖАБАЙҰЛЫ