Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІН ДӘРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ТУ ҚУАНЫШ ҰЯЛАТАДЫ


9 сентября 2011, 08:00 | 1 460 просмотров



Еліміздегі «СҚ-Фармация» жауапкер- шілігі шектеулі серіктестігі қаптаған делдалдарсыз-ақ жедел түрде емдеу мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жолын тапты. Бұдан бұлай аталған кәсіпорын препараттарды зауытан тікелей ауруханалар мен дәріханаларға жедел жеткізе алу мүмкіндігіне ие болды.

Бұдан кім ұтады? Әлбетте, отандық дәрі-дәрмек шығарушылар. Бұл қазақстандық фарм-индустрияны халықаралық деңгейге жеткізудің бірден – бір жолы. Соңғы уақытқа дейін стационарлық жүйені тегін медициналық жәрдем көрсету мақсатында тұрақты түрде дәрілік препараттармен қамту проблемалардың бірегейі болып келген-ді. Шынтуайтына келгенде аталған қызмет делдалдарға жүктеліп келген-ді. Олар тиісінше өздерінің бұл қызметі үшін қыруар қаражат тауып отырған. Бағаны шарықтатқан. Келісім шарттарды орындауда да олқылықтарға жол беріп келген. Дәрі – дәрмектер аурухана қоймасына түскенше бірнеше фирмалардың қолынан өтетін. Әлбетте, бұл бағаның 100, тіпті 400 пайызға дейін өсуіне әкеліп соғытын. Еліміздің әр аймағындағы баға да әртүрлі болып келді.

Сауда үстемесіне келсек, бұған да балта шабылатын сыңайлы. Мұндай еркіндік енді бола қоймас деген тұжырым жасауда «СҚ-Фармациядағылар». Баға бір жүйеге келді. Бірегей дистрибьютер сауда-саттықпен айналысып, бағаны шарықтататындардың жолын кесті. Аз шығынданып, мол асауды дәстүрге айналдырған дел-далдар үшін мемлекеттік оператор орталықтандырылған схема құрды. Ендігі жерде сапалы және қолжетімді дәрі-дәрмек бір жүйе бойынша республикамыздың емдеу мекемелеріне жеткізілетін болды. «СҚ Фармация» ЖШС» логистикалық оператордан бизнес-есеп бойынша аса қысқа мерзім ішінде фармнарығында басты ойыншыға айналды. Ағымдағы жылдың жеті айында ғана аталған компания қожайын ретінде 4,5 миллиард теңге, немесе бюджеттің 11 пайыз қаражатын үнемдеді. Фармация саласында жұмыс жасай бастаған 2009 жылдан бері бұл цифр 9 миллиард теңгеден асып жығылады. Бұл табыс негізінен еліміздің емдеу мекемелері берген тапсырыстарды толықтай қамтамасыз етуге бағытталды.

Айта кету керек, бас сатып алушы ретінде мемлекеттік оператордың миссиясы медициналық заттардың бағасын реттеуге, бақылауға көмектеседі. Баға – маңызды. Арзан да сапалы препаратты науқасқа дер кезінде жеткізу бүгінгі күн талабы. Тығырықтан жол таптық десек те бөркімізді аспанға ату ертерек. Өйткені, ең бірінші міндет – науқастың жағдайын ойлау. Жаңа жүйе міне, осыны қарастырып жасалып отыр.

Дәрімен қамтамасыз етушілер мен мемлекеттік дистрибьютер арасындағы іскерлік келісім-шарт схемасы емдеу мекемелері үшін де өте тиімді. Себебі, фарммекемесінің қоймасындағы дәрі-дәрмек үш ай мерзім сақталады. Тапсырыс түскен сәт-те тиісті медициналық мекемелерге жеткізіледі.

Тағы бір ерекшелік жайлды айтпасқа болмас. «СҚ-Фармация» ЖШС мемлекеттік стра-тегия талаптарын орындай отырып, отандық фармация өндірісін өркендетуге жағдай жасайды. Бұл халқымызды сапалы, қауіпсіз, емдік қасиеті мол дәрімен қамтудың сара жолы болады деп есептейді жаңа жүйемен жұмыс жасаудағы компания.

Әзірге өзіміздегі фармацевтикалық рынок импортқа тәуелді.Бұл тығырықтан шығу үшін мемлекеттік дистрибьютер өздерінің өндіріс алаңдарында өнім өндіруші қазақстандық зауытармен жалпы құны 30 милиард теңгеден астын 10 инвестициялық жоба бойынша келісім шартқа отырды. Шарт негізінде өндірісшілер өздерінде GMP (Good manufacturing practice – дұрыс өнім шығару тәртібі) сапа тәртібін енгізулері қажет. Бұл талап орындалып жатса «СҚ-Фармация» ЖШС өз тарапынан оларға мемлекеттік сатып алу құқын алуға мүмкіндік жасайды. Отандық фармацевтердің өткен жылы Бірегей дитрибьютер арқылы ауруханалар ассортименті бойынша сатып алған өнімі 49 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 68 пайыздан асып түседі деп күтілуде. Бұдан мемлекет те өнім өндіруші де ұтады. Қаражат тауып, салаға инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Бұл бастама ғана.

Автор:
Ырысбай АҚАДЫҚҰЛЫ