26 августа 2011, 07:57 | 2 059 просмотров
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетімен рұқсат беру жүйесін жетілдіру шеңберінде тәуелсіз сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, оларды едәуір қысқарту, қойылатын талаптар мен беру рәсімін оңайлату мақсатында рұқсат беру құжаттардың барлық түрлеріне түгендеу жүргізілді.
Бүгінгі таңда Комитеттің, дәрілік заттарды қоспағанда, медициналық қызметті жарнамалау, профилактика, диагностикалау, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға рұқсат беру функциясы алынып тасталды.
Аталған функция Министрліктің Сарапшы кеңесі арқылы іске асырылатын болады.
Медициналық қызметтің түрлерін лицензиялауды қысқарту, фармацевтикалық қызметтің кейбір түрлерін хабарландыру тәртібіне ауыстыру, сондай-ақ «бір терезе» қағидасыңы енгізу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Тәуелсіз сарапшылар дерекқорын құру жұмыстары жалғастырылуда.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау бюджетінде азаматтық қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдарды тартуға, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы біліктілік емтихандарын өткізуге қаражат көзделген.
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бұл қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздары ретінде «Ұлттық медициналық қауымдастық» РҚБ, «Астана қаласының тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ, «Жамбыл облысы бойынша тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ, «Алматы қаласы бойынша тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ танылған болатын.
ISQua денсаулық сақтау саласында сапасы бойынша халықаралық қоғамның консультанттарымен серіктестік өзара іс-қимыл шеңберінде стационарлық, амбулаториялық және жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға аккредиттеу стандарттарының жобалары, сонымен қатар қан банкісі мен қан құю қызметтеріне арналған стандарттар әзірленді, медициналық ұйымдардың қызметіне сыртқы кешенді бағалаудың жаңа әдістемесі ұсынылды.
2011 жылғы мамыр-маусымда Ақмола облысында Canadian Society for International Health (CSIH) халықаралық консультанттары аккредиттеудін жаңарған стандарттары (стационарлық және амбулаториялық көмек) бойынша оқыту курсын өткізді, мұнда 24 тренер даярланды, олар өз кезегінде 2011 жылғы қарашада және 2012 жылғы қаңтарда 36 тренерлерді оқытады. Оқытылған қазақстандық тренерлер денсаулық сақтауды ұйымдастыру сапасы бойынша 840 менеджер мен сарапшыларды даярлайды.
Ағымдағы жылғы қыркүйектің 19 мен 1 қазан аралығында Астана, Көкшетау қалаларында CSIH консалтинг компаниясымен бірлесіп 5 стационарлық медициналық ұйымдардың базасында пилоттық режімде аккредиттеудің жаңарған стандарттарын тестілеуден өткізуді жүргізеді.
Комитет үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды төмендетуге, рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жұмыстарын іске асыруды жалғастыруда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі тел.: 8(7172) 74 31 37, 8(7172) 74 3241