Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АНА СҮТІ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ


19 августа 2011, 07:46 | 2 697 просмотров



Ана сүтімен тамақтандыру балалар үшін сапалы тағам алатын, нәрестені ең жақсы қоректендіру және қауіпсіз түрі.

Ана мен бала денсаулығының мықты болуы үшін жас нәрестені дүниеге келген бойда тек емшек сүтімен ғана тамақтандыру қажет. Жаңа туған нәресте ағзасы ана сүтімен басқа тағамды қабылдауға бірден дайын болмайды.

Сондықтан денсаулығы қалыпты болып, дұрыс өсіп-жетілуі үшін алғаш ана сүтіне тең келер еш нәрсе жоқ.

Ғылыми деректер бойынша ана сүтінің құрамында жас нәресте ағзасына қажетті заттардың бәрі бар. Ондағы белок, майлар, көмірсу, витаминдер тез әрі жеңіл қорытылады. Ана сүті бала үшін жылы, таза, күндіз де түнде де дайын, табиғи тағам. Алайда ол – бала үшін пайдалы тамақ қана емес, кез келген сүттерде жоқ ерекше биологиялық қасиеттерге бай. Емшек сүті сондай-ақ, сыртқы ортаның жағымсыз факторларына және жұқпалы аурулардың бейімделу процесін қалыпты жүргізетін, жақсы әсер ететін дәрігерлік преперат болып табылады.

Онымен нәрестені 4-6 айға дейін тамақтандыру керек, бұл баланың ас қорыту жүйелерінің созылмалы ауруын, тамақ аллергиясының дамуын болдырмайды. Қосымша тамақты 4-6 ай өткен соң ғана бере бастау қажет. Ана сүтінің құрамында қорғаныш факторлар бар, олар нәрестені ішек инфекцияларының, түрлі тыныс жолдарының ауруларынан қорғайды, сонымен қатар басқа да аурулармен сирек ауырады.

Бала емізудің анасына да пайдасы бар; емшек бездерінің дамуын болдырмайды, денсаулығына жағымды жағдай туғызып әсер етеді. Қан аздық (анемия), қатерлі ісіктерден сақтайды. Оған қоса нәрестенің сұрауы бойынша, жүйелі түрде түнде, күндіз де емшекпен емізу, босанғаннан кейін 6 ай ішінде келесі жүктіліктен сақтандыратын табиғи фактор болып табылады.

Ана сүті – нәрестенің алғашқы 6 ай өміріне арналған тағам. Емшекпен емізуді 2 жасқа дейін және одан кейін де жалғастыра беруге болады. Ол ең жақсы қорек және нәрестенің денсаулығын қорғайды, келешекте мінез-құлқының қалыпты дамуының негізін қалайды. Бала біздің келешегіміз, еліміздің үміт артқан болашағы.

Демек, ұрпақ саулығы – ұлт саулығы!

Автор:
С.А. ЕРҒАЛИЕВА, Д.Б. МҰХАМЕДЖАНОВА, нәрестелер бөлімінің дәрігерлері ГККП ОПЦ Талдықорған қаласы.