Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АБОРТ ҺӘМ АПАТ


19 августа 2011, 07:52 | 1 914 просмотров



Әлем бойынша жыл сайын 32 миллион жасанды түсік жасалады екен! Бұл – күніне 87 мың деген сөз. Адамдар не болып кеткен өзі. Адам деуге аузым бармайды. Мал екеш мал да өз төлін өлімге қимайды ғой. Ресейде жылына 4 миллион жасанды түсік жасалады. Жан саны жыл сайын 1 миллион адамға кеміп барады. Ғалымдар: «Демографиялық тығырыққа тірелдік. Жасанды түсікті шектеу керек. Әйтпесе, тағы бір 10 жылда отанымызды қорғайтын адам таппай қаламыз»,– дейді. Ресей елі әрбір жаңа туылған сәбиге 10 мың АҚШ доллар тағайындағанмен, мұның пайдасы болмай тұр.

Әлемдегі 193 елдің тек төртеуінде ғана жасанды түсікке заңмен тыйым салынған. Аталмыш елдердің 119-ында ана өміріне қауіп төнген жағдайда абортқа рұқсат беріледі. Түсік жасауға ешқандай шектеу жоқ елдің бірі – Қазақстан.

Түсік жасатқан ана өз ағзасына орасан зор зиян келтіреді. Атап айтқанда:

– Емшек безі рагына ұшырайды. Еуропада әр 100 мың әйелдің 70 осы жазылмас дертке ұшырайды екен. Ал, мұсылман мемлекеті болып есептелетін Өзбекстанда 100 мың әйелге 18-ден келеді. Өйткені, өзбектерге қарағанда Еуропада жасанды түсік бірнеше есе көп жасалады. Мальколь Пайк деген ғалым емшек безін рагының пайда болуын анықтау мақсатында 12 жыл бойы әйелдерге тәжірибе жүргізеді. Тәжірибеден анықталғандай, айықпас дерттің негізгі себепкері жасанды түсік екеніне көз жеткізеді.

– Жатырдың сыртына бала бітіп, жатыр түтігін жыртып жібереді. Көбінесе, дәрігерлер ана өміріне қауіп төнгеннен кейін, түтікті алып тастауға мәжбүр.

– Іш тастау (бала тастау) қаупі артады.

– Уақытынан бұрын босанып қою қаупі күшейеді.

– Жатыр мойыны суықтап, бала көтермей қалуы әбден мүмкін.

– 20 пайыз әйелдер жасанды түсік жасатқаннан соң, өмір бойы бала сүю бақытынан айырылады.

– Екінші бала жатырға дұрыстап орналаса алмай, анасынан көп қан кетуі мүмкін. Ана өміріне қауіп төнсе, жатырды мүлдем алып тастайды.

Көпшілігі балаларын бағып-қаға алмаймыз деп жасанды түсік жасатуға барады екен. Бірақ, оларды ризақтандыратын Жаратқан ием екенін әттең білмейді ғой. Бұл жөнінде Құран Кәрімде: «Жарлылықтан балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерді, оларды біз ризықтандырамыз» деген («Әнғам» сүресі, 151-аят).

Елімізде жылына 170 мың бала жарық дүние есігін ашпай-ақ, желкесі қиылады екен. Дүниежүзіндегі барлық болып жатқан соғыстарда да жылына осыншама адам өлмейді екен. Не деген қасірет!

Автор:
Келумжай ҚҰТТИЕВ.