Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жаңалық қалай жасалады?


15 июля 2011, 13:44 | 1 264 просмотра


Біреулер «Егер мұсылман діні керемет болса, ғаламда жаңалық ашқандар басқа дінде неге көп?» деген секілді түсінігі теріс сауалдарды қойып жатады. Тақ солар-ға «Жаңалық ашпа» деп Ислам діні тосқауыл жасап отырған сияқты. Шынтуайтына келгенде мұндағы мәселе жаңалықты қай діндегілер ашуында емес, мәселе кім қандай нәрсе істесе де, оның істегені емес, Ұлы Аллаһтың әмір-пәрменімен істеліп жатуында. Оны солай деп түсінуінде. Тағы келіп, кім нені, қай жерден бастаса да соңғы табыс Аллаһтың бар екенімен, Хақ екенімен аяқталуында. Кім бір жаңалықты шын тапқан болса, оның тапқаны ешқандай жаңалық емес. Адамдардың «таптық» деп жүргенінің бәрі қасиетті Құранда баяғыда-ақ баян етілуінде. Оны Құраннан оқыған әлгі ғалымның дереу Ислам дінін қабылдап, бір Аллаһқа иман келтіруінде.

Бұдан не шығады? Бұдан – біз «жаңалық» деп білетіндеріміздің жаңалық емес әрі «жаңалық» атаулыны табушы ғалымдардың қай-қайсысы болмасын, олар өз ізденістерін қай түкпірден бастаса да соңы Ислам ақиқатына барып тірелетіндіктен, Аллаһты танумен аяқталатындықтан. Яғни, сол ғалымдардың бәрі дерлік «Ислам ғалымдары еді» деген қорытынды шығады. Немесе ізденіс көп жағдайда қараңғыдан жарыққа қарай, кәпірліктен мұсылмандыққа қарай, құдайсыздықтан Аллаһқа қарай басталады. Өйткені, біз зерттеп жүрген нәрселердің бәрін Аллаһ тағала жа-ратқан. Тіпті сол ізденуші ғалымның өзін де. Оны ізденушіні (ғалым) етіп жаратқан да, оған сол тағдырды, сол тақырыпты нәсіп етуші де бір Аллаһ.

Демек, адам қалай ізденеді, солай Ислам-ға қарай жол шегеді. Аллаһқа қарай аттанады. Ол тынбай ізденсе, іздегенін табады. Немесе Аллаһ оның іздегенін нәсіп ете қояды. Қызығы, дәл сол жерден өзін жаратқан, өзі іздеген жаңалығын жаратқан Аллаһты да тани қояды. Сөйтеді де, Аллаһқа, Оның ұлы жолы Исламға жерден алтын тапқандай аттанады. Әрі бұған дейінгі күпірліктеріне мейірімді Раббысынан шын кешірім сұрап, жалбарына бас-тайды.

Автор:
Құл-Керім ЕЛЕМЕС.