Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАСАНДЫ КҮН: СОЛЯРИЙ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ САУАЛДАР


15 июля 2011, 13:52 | 1 357 просмотров


Күнге күйген теріні сән әлеміне атақты Коко Шанель енгізген. Күнге күймеген, аппақ қағаздай бетті ол аспирин таблеткасымен салыстырған. Аты аңызға айналған модельердің осы сөзді айтқанына бір ғасырдай уақыт өтті. Әйтсе де, бүгінгі күні де барлық елдердің сұлулары табынатын кумирларының өсиеттерін сақтауға ұмтылып, өздерін солярийге барғанның еш зияны жоқ деп сендіреді.

Барлығына тыйым салатын дәрігерлер болса, бұл жерде де сыни көзқарас білдіріп, солярийдің пайдасынан гөрі зияны көп деп топшылайды.

Сонымен, жасанды күнге күю біздің денсаулығымызға қаншаға түседі, тәуекелге баруға бола ма екен, көрейік.

«Қарсы» дәлелдер

Танорексия – (ағылшын сөзі tan - «күнге күю») – бұл адамның ультракүлгін сәулелерге деген психологиялық бағыныштылығы. Танорексиямен ауыратындар солярийдегі уақытын 10 минуттан кем өткізе алмайтын және аптасына кем дегенде екі рет баратындар болып саналады. Бұл аурумен көбінесе күн көзі аз түсетін елдердегі 13-16 жастағы жасөспірім қыздар ауырады. Бұл мәселе әр түрлі солярийлердің кәсіби стационарлықтан үйдегі түріне дейін кең тарауына байланысты өзекті болып отыр.

Солярийге барудың әр түрлі тектегі орасан зор қарама-қайшылықтары бар, алайда олардың зияндығы сайттарда және әр қилы солярий орталықтарының кітапшаларында толық көрсетілмейді.

Сонымен, дәрігерлер жылына екі реттен артық сеанс алуға кеңес бермейді. Бір күнде солярийге барып, күнге күюге болмайды. Солярий сеанстары жүкті, бала емізетін әйелдерге және етеккір кезінде зиян. Терінің жарық сезімділігін арттыратын дәрі (антибиотиктер, транквилизаторлар, антидепресанттар) қабылдаған кезде де солярийге баруға болмайды.

Солярийдің тері обырына алып келетін қаупінің тура дәлелін дәрігерлер айта алмайды. Алайда олар қара торы теріні жақтаушылардың денсаулығы үшін алаңдауда. 2003 жылы 8 жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жарияланды. Сыналғандар тобына Норвегия және Швеция елдерінен 100 мыңнан астам әйел кірді. Бақылау кезінде 187 мелонома оқиғасы анықталды. Жүргізілген талдама нәтижесінде 39 жасқа дейінгі әйелдер арасында (олардың ішінде 10-19, 20-29 немесе 30-39 жаста бір жыл ішінде айына кем дегенде бір рет солярий қолданғандар) мелономаның пайда болу қаупі ұлғайғаны анықталған. Одан басқа, мелономаның пайда болу қаупі барлық жастағы топтарда байқалған.

Күнге күюдің пайдасы туралы

Солярийді қорғайтын бірінші сөз – эндорфиндер. Эндорфиндер – бұл қанағат сезімін оятатын химиялық зат. Нақты ультракүлгін қандағы эндорфин мөлшерін арттыруға қабілетті. Оған қоса теріде күн сәулесінің әсерінен пайда болатын кейбір дәрумендер бар, мысалы, D3 дәрумені. Жаздың үш айы бізді осындай заттар қорымен қамтамасыз етуге жетпейді. Мұндай жағдайда солярий бізге көмекке келеді.

Жасанды күннің жағына шыға отырып, дәрігерлердің пікіріне сүйенсек, терапевтердің суықтан болған аурулардың алдың алуда жасанды инсоляция өткізу үшін солярийге баруға кеңес беретінін айтуға болады. Бұл процедура ағзаның иммундық жүйесінің қорғаныс күшін ынталандырады. Дегенмен де, қандай да болсын ауруды солярийде емдеу тиімсіз, сондықтан солярийдің ультракүлгін сәулесімен емес, дәрі-дәрмектің көмегімен емделген дұрыс.

Автор:
Info-health.kz ақпараттық-танымдық веб порталынан әзірлеген Ырыс КЕНЖЕ.